51
мынадай анықтама береді: «Көмекші сөздер дегеніміз – өздеріне тəн лексикалық мағынала-
ры солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым болу
себебінен көбінесе əр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, əрқилы грамматикалық
қызмет атқаратын жəрдемші сөздер» [2, 127]. Мұнымен қоса, көмекші сөздердің өз алдына
дербес сөз ретінде қолданылмауы, сөйлемде тек атаушы сөз арқылы жасалған мүше құрамы-
на енуі, жаңа сөз жасауға негіз бола алмайтындығы тəрізді белгілерін де атап көрсетеді.
Қазақ тіліндегі көмекші сөздердің зерттелуінде түрліше қарастырылып жүрген мəселе-
лердің бірі – көмекші сөздердің түрлері.
Мəселен, Қ.Жұбанов көмекші (қосалқы) сөздерді тұратын орнына қарай
дəйек қо-
салқы жəне
аяқ қосалқы деп екіге бөледі. Ғалымның пайымдауынша, «дəйек қосалқылар
«сөз түбірінің алдынан тұрады, аяқ қосалқылар түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің
соңынан келеді. Дəйек қосалқылар:
тым (ауыр),
əрең (бітірдім),
бек (жақсы),
қас (батыр),
өте (күшті),
ең (оңайы),
тап (осы) сияқтылар. Аяқ қосалқылар: (жазға)
шейін, (ай)
сайын,
(қой)
мен (сиыр), (оқу)
да, (жазу)
да, (сен)
ақ, (көрдім)
ғой сияқтылар»[1, 177]. Берілген мы-
салдарды сараласақ, ғалымның қосалқы сөздер деп отырғаны, негізінен, күшейткіш сөздер
мен шылаулар.
Ал ғалым А.Ысқақов ерекшеліктеріне қарай көмекші сөздерді жалғаулықтар, септеулік-
тер, демеуліктер деп бөледі [2, 128].
Қазақ тіліндегі көмекші сөздер жəне олардың түрлеріне қатысты пайымдаулар ғалым
Н.Оралбайдың еңбектерінде де сараланып, жан-жақты қарастырылады. Зерттеуші ғалым
өзінің «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» (2007) еңбегінде көмекші сөздерді «тілдің да-
муында лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық мағынаға көшкен тілдік бірлік-
тер» деп сипаттап[3, 28], көмекшілердің бірде: 1) шылаулар, 2) көмекші есімдер, 3) көмекші
етістіктер, 4) модаль сөздер, 5) күшейткіш көмекшілер, 6) күшейткіш буындар [3, 28] тəрізді
6 түрін, енді бірде көмекші есім, көмекші етістік, шылау, күшейткіш көмекшілер, күшейткіш
буындар [3, 55] деп 5 түрін бөліп көрсетеді.
Ал «Қазақ тіл білімінің мəселелері» (2011) еңбегінде ғалым «көмекшілердің тілімізде
бірнеше түрі бар. Олар:
көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер,
Достарыңызбен бөлісу: