Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет27/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   255
Байланысты:
zhinak

Əдебиеттер:
Н.Ə.Назарбаев «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм-
кіндіктері» атты Жолдауы – Егемен Қазақстан, 10 қаңтар 2018 жыл. 
«Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» - Алматы, 1971 ж. Филоло-
гия ғылымдары докторы дəрежесін алу үшін дайындалған автореферат. 
А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Монография» -Алматы, 1964, 1974, 1991. 
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» -Алматы, 2014. (авт. бірлестікте).
«Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамы» -Алматы, 1988. 


47
ИННОВАТОР ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ 
Бақбергенова Роза 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ тілі теориясы мен əдістемесі кафедрасы 
Зерттеуші ғалым Н.Л.Макаренконың “инноватор” терминіне: “Инноватор – это творче-
ская личность, обладающая инновационным мышлением и с высокой инновационной культу-
рой инноваций” – деп берген анықтама мазмұнын ой елегінен өткізіп зерделесек, Қазақстан 
Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар 
академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.О-
ралбайқызы – инноватор ғалым-педагог. 
Қазақ тіл біліміне өлшеусіз үлес қосқан ғалым Н.Оралбайқызының инноваторлығы сөз-
жасам саласының тұғырнамасын, заңдылығын алғашқылардың бірі болып зерттеуінде жа-
тыр. 1989 жылы қазақ тіл білімі тарихында сөзжасам лингвистиканың дербес саласы ретінде 
зерттеліп, авторлық бірлестікте “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” монографиясы жазылды. 
Монографияда сөзжасам жүйесіне тəн заңдылықтар, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық 
ұя, сөзжасамдық мағына мен сөзжасамдық тəсіл мəселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп 
берді. Ғалымның осы бағыттағы инновациялық ойлары Б.Қ.Қасым, З.Бейсембаева, Қ.Құр-
манəлиев, А.Омарованың докторлық диссертациялары мен сөзжасамдық ұя құрылымын 
зерттеген Б.Есімсейітов, Н.Қоқышева, З.Құрманəлиевалардың кандидаттық диссертация-
ларында ғылыми негізделді. Инновациялық технологияға, оның ішінде модульдік техноло-
гия негізінде жазылған “Қазақ тілінің сөзжасамы” (2002) оқулығы, “Қазақ грамматикасы” 
академиялық еңбектегі (2002) сөзжасам бөлімі, “Қазақ тілінің сөзжасамы” (2014) авторлық 
бірлестікте шыққан оқулығында сөз таптарының сөзжасамы ғылымның соңғы деректері дең-
гейінде берілді.
Лингвистиканың жаңа да тың саласы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” ғылыми курсын 
ЖОО-ның филология мамандықтарына инновациялық технология, оның ішінде модульдік 
технология негізінде оқытуды оқу жоспарына енгізіп, типтік оқу бағдарламасын жасады.
1990 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Филология факуль-
тетінде “Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен əдебиеті” мамандығын ашты. Қазіргі уақыт-
та 5B012100 – “Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті” маман-
дығы елімізді мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне жəне шетелдік азаматтарға мемлекеттік 
тілді меңгерту бағытында кадрлар даярлайтын ең негізгі мамандық. Осы мамандықта 
оқитын студенттерге арнайы авторлық бірлестікте “Практикалық қазақ тілі” (1993) оқу-
лығын жазды.
Профессор Н.Оралбайқызының “Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту əдістемеcі” 
(1996) монографилық еңбегі жоғары оқу орындарында орыс тілді мектептерде қазақ тілінен 
мұғалімдерді даярлауда мəні зор тұңғыш оқулық. Аталған еңбекте қазақ тілін орыс мектеп-
терінде оқыту əдістемесінің методологиялық негізі айқындалып, дидактикалық ұстанымдар 
негізінде сұрыпталған əдістер жүйесі ұсынылады.
Ғалым оқу құралында лексика-грамматикалық минимумды сұрыптауда кезінде өзі 
ұсынған сөздің төмендегі қасиеттерін ұстанады: 1) сөздердің қолданылу жиілігі; 2) сөздердің 
жеңіл-қиындығы; 3) сөздің синонимдік қасиеті; 4) сөздің тақырып қажеттіне сəйкестігі; 5) 
екі тілге ортақ сөздерді санатқа енгізбеу; 6) сөздің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің 
дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне сəй-
кестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі. Орыс тіліндегі мектептерді қазақ тілін үйре-
тушілердің лексикалық материалды жүйелі таңдап, сұрыптауда сөздің жоғарыда аталған қа-
сиеттеріне ерекше мəн беру қажеттігін ескертеді[1.30].


48
Профессор Н.Оралбайқызы жоғары оқу орындарында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін 
оқыту, үйретудің теориялық-əдістемелік негізін жасауда тілді меңгертудің дидактикалық 
ұстанымдарын өте тиімді негізге алып отырған. 
Түркітанушы ғалым Н.Оралбайқызы 1980 жылы Ташкентте өткен Бүкілодақтық ІІІ түр-
кологиялық конференцияда, 1984 жылы Қазанда өткен Бүкілодақтық IV түркологиялық кон-
ференцияда жасаған баяндамаларының өзектілігін шетелдік тілші-ғалымдар жоғары баға-
лап, конференцияға қатысушы ғалымдардың зор ілтипатына бөленді. 
1992-1994 жылдары Түркия мемлекетінің Анкара университетінде профессор қызметін 
атқара жүріп, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту əдістемесінде өзінің тың ізденістерін жүр-
гізді. 
1994 жылы Анкара қаласында «Қазақ тілінің дыбыс үндестігі» деп аталатын мақа-
ласын түрік тілінде “Түрік мəселелері” атты шетелдік басылымда жариялады. Мақала-
да шетелдік студенттерге қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын тілдік, этикалық 
жəне коммуникативтік нормаларына сəйкес сөйлеу тілін игеретіндігіне назар аударды. 
Ғалым-педагог шетелдік тіл үйренушінің қазақ тілінің үндестік заңын терең меңгермей-
інше, орфоэпиялық нормаға сəйкес өз деңгейінде сөйлей алмайтындығына, сөз мəдени-
етінің қалыптаспайтындығына тоқталады. Шетелдік түрік азаматтарына қазақ тілін үй-
ретуде тілдік бірліктерді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан меңгерту қажеттілігіне 
тоқталады. Қазақ тілін меңгертуде нені, қалай, қайтіп үйрету қажет екендігін үнемі ой 
елегінен өткізіп, жай рефлексия жасап қана қоймай, интерспективті рефлексия жасаған-
дығын аталған мақаладағы: “Анкара университетінде қазақ тілінен сабақ берген кезде 
студенттерге дыбыс үндестігі, əсіресе, буын үндестігі қиындық келтіргені байқалды. 
Студенттерде жуан, жіңішке сөз деген, жуан сөзге жуан қосымша, жіңішке сөзге жіңішке 
қосымша қосылады, олар жазуда түрлі əріптермен жазылады деген əдет жоқ. Бұл сабақта 
біраз қиындық туғызды, сондықтан бұл мəселелермен таныстыруды дұрыс көрдік” – де-
ген үзіндіден байқаймыз [2.27].
Шетелдік тіл үйренушілерге қазақ тілінде коммуникативтік, лингвомəдениеттанымдық 
құзыреттіліктерін жетілдіруде ғалым Н.Оралбайқызы ерекше мəн берген үндестік заңы ере-
желерін тілдік норма жаттығуларын жүйелі жүргізу басты ұстаным ретінде негізге алына-
ды. Тілдік норма қалыптастыру жаттығулары студенттерді орфоэпиялық, орфографиялық, 
сөзжасамдық норма талаптарын орындап, туынды сөздерді дұрыс қолдану бағытын жетіл-
діреді. Қазақ фонетикасын эксперименттік əдіспен терең зерттеуші профессор Ə.Жүнісбек 
орфография мен орфоэпияның арасында толықтай сəйкестік болмайтынының əр түрлі себебі 
бар екендігіне тоқтала келіп: “Бір ғана дыбыстың сөйлеу барысындағы түрленген айтылым 
варианттарын жеке-жеке əріптермен белгілей беру, мысалы, сөйлеу үстіндегі қатаң дауыс-
сыздың ұяңдануы, ұяңның қатаңдануы, тоғысыңқы дауыссыздың жуысыңқы дауыссызға ай-
налуы тəрізді дыбыстық өзгерістерді естілуі бойынша таңбалап отыру мүмкін емес” [3] , 
– деген тұжырым жасайды. Мысалы, басшы, қара құлақ тəрізді сөздерді естілуінше башшы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет