Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


түс, мысалы, айта түс, айта бер, оқи түс, оқи бер. Қимылдың жасалуына шек қойылу – е



Pdf көрінісі
бет26/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   255
Байланысты:
zhinak

түс, мысалы, айта түс, айта бер, оқи түс, оқи бер. Қимылдың жасалуына шек қойылу – е 
тұрКүте тұр, оқи тұр, жата тұр, жаза тұр, санай тұр. Қимылдың жасалуға бейімділігі 
–ғалы отыр, -ғалы тұр, ғалы жатыр, -йын деп отыр, мысалы барғалы отыр, жазғалы 
жүр, барайын деп отыр. Қимылдың динамикалық қалыптан статикалық қалыпқа көшуі 
ып қал, мысалы отырып қалды, тыңдап қалды, жазып қалды, ойланып қалды, жатып қалды. 
Бір қимылдың соңынан ілесе екінші қимылдың жасалуы, -е сала, -а сала, -а салып, мысалы, 
ала сала, бере сала, оқи сала, тыңдай сала, біле салып
Ғалым идеялары 1974 жылы шыққан А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» 
атты оқулығына енді. 1964 жылы шыққан басылымда ол болмаған еді. Оқулықтың 1991 
жылғы басылымында да ол сақталған. 
Нұржамал Оралбайдың аналитикалық форма идеясы, теориясы қазақ тілі морфологи-
ясында қалыптасқан, орнықты деуге дəлел ретінде 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грам-
матикасында» да берілуін айтуға болады. Ғылыми идеяның оқулықтар арқылы қолданысқа 
түскені, монографиялар арқылы жарыққа шығып, көпшілікке таныс болуы, таралуы –еңбек-
тң жоғарғы бағалануы деп те айтуға болады. 
Н. Оралбайдың қазақ тіл білімінің зерттелуіне, дамуына қосқан үлесінің бірі – қазақ тілі 
сөзжасамының дербес сала ретінде танылуы дəлелдеуімен байланысты. 1989 жылы А.Бай-
тұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының бір топ ғалымдары , атап айтар болсақ, грам-
матика бөлімі қызметкерлері М.Балақаев,А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Е.Жанпейісов, С.Нұрқа-
тов, Н.Оралбайқызының қатысуымен «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам» жүйесі монография 
жарыққа шықты. Аталған еңбекте алғаш рет қазақ тілі сөзжасамының теориялық негізі қа-
ланды. Оған дейін сөзжасам мəселелері морфологияда сөз таптарының құрамында туынды 
зат есім, туынды сын есім, оларды жасаушы жұрнақтар аясында сипаттама түрінде ғана ай-
тылып келген еді. Монографияда сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланы-
сы көрсетіле отырып, оның өзіндік зерттеу нысаны бар екендігі, өзіндік даму жолы, заң-
дылықтары мен ерекшеліктері дəлелденді. 


46
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық талдау, сөзжасамдық талдау, сөзжасам бір-
ліктері, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық мағына негізділігі, сөзжасамдық ұя, тізбек, саты, 
тип, үлгі т.б. қазақ тілінде бұрын зерттелмеген мəселелер айтылды. 
Оның алдында 1988 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамы » атты Нұржа-
мал Оралбайдың монографиясы шыққан болатын. Қазақ тілінің сөзжасамы бүгінде қазақ тіл 
білімінің бір саласы ретінде ғылыми-теориялық негізі қаланған, ұстанымдары мен қағидала-
ры айқындалған. Қазақ тілінің сөзжасамы бойынша Нұржамал Оралбайдың жетекшілігімен 
бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстары жазылды. 
Елімізде егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік тіл мəртедесіне ие болған соң, өзге ұлт 
өкілдеріне қазақ тілін үйрету мəселелері күн тəртібінде тұрды. Іргетасы қаланбаған жерде үй 
салуға болмайтыны секілді аталған мəселелердің ең алдымен мəселелері жасалуы тиіс еді. 
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрететін маман –мұғалімдер дайындау, оның оқу бағдарла-
масын əзірлеу, яғни мамандықтың нормативтік базасын қалыптастыру. Сонымен бірге қазақ 
тілін оқыту əдістемесінің ғылыми –теориялық негіздемесін жасау мəселесі.Аталған мəселеде 
Нұржамал Оралбайдың бірнеше оқулықтары, оқу құралдары, бағдарламалары, жас маманға 
бағыт –бағдар беретін ғылыми мақалаларды, əдістемелік нұсқаулары жарық көрді. 
Ғылымда пайда болған жаңа идеяның одан əрі жетілуіне, дамуына үлес қосатынн ға-
лымның ізбасар Шəкірттері бар. Нұржамал Оралбай – қазақ тіл білімінің өркендеуіне сүбелі 
үлес қосқан ғалым. Тіл теориясы мен əдістемесі бойынша бүгінде 20-ға жуық ғылым доктор-
ларын, 60-тай ғылым кандидаттарын дайындаған, өзінің мектебін қалыптастырға ұлағатты 
ғалым -ұстаз. 
Нұржамал Оралбай1928 жылы Повладар облысындағы Қаныш Имантайұлы Сəтбаев, Əл-
кей Хақынұлы Марғұлан сынды ұлы ғалымдардың кіндік қаны тамған қасиетті Баянауылда 
дүниеге келген. 1944 жылы арман жетелеп, алдына мақсат қойып, əсем Алматы қаласындағы 
қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түскен, қазақтың 
қарапайым қызы өз өмірін қазақ тіл білімін дамытуға қызмет етумен, ғалым мамандар дай-
ындаумен өткізген. 
Ғалымның ғылыми –ұстаздық қызметі, ғылымды дамытудағы еңбектері Республика 
Үкіметі тарапынан бағаланып, оған 1960 жылы Қазақ ССР-нің Жоғарғы Советінің Грамота-
сы, 1968 жылы Қазақ ССР-нің оқу-ағарту ісінің үздігі атағы, 1987 жылы «Еңбек ардагері» ме-
далі берілді. Ал 1989 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағымен ма-
рапатталды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қайраткері», 
2005 жылы Қазақстан Педогогикалық ғылымдар академиясының академигі атағы берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет