Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет28/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   255
Байланысты:
zhinak

қарағұлақ деп берудің тиімсіз екендігіне тоқталады. Сонымен бірге бір ғана з дыбысы бірде с 
(бергізсе – бергіссе, сызса – сысса т.б.), екіншіде ш (сызшы – сышшы, сөзшең – сөшшең) ды-
бысталуының заңды екендігін, ауызша сөз мəдениетін сақтау үшін маңызды екендігін атап 
көрсетеді [3.7-8].
Тіл үйретуші оқытушы қазақ тілін интерактивті оқытуда лексикалық минимумды сұрып-
тап, ұсынып қана қоймайды, сонымен бірге сөздердің дəл, анық жəне таза айтылуына ерек-
ше мəн береді. Орфоэпиялық норма қалыптастыру жаттығуларын дұрыс сұрыптап, жүйелі 
жүргізу тіл үйренушілердің тілдік коммуникацияда туынды сөздердің дұрыс айтылып, ком-
муниканттарға жағымды естілуін қамтамасыз етеді. Тіл үйренуші студенттерді тіліміздегі 
сөздерді дұрыс айтуға үйрету қазақ тіліндегі табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтауға дағды-
ландырады.


49
Қазақ тіліндегі бір ғана и əрпіне бірнеше дыбыс үлгілері сай болып шығады, сөзжа-
самдық жаттығуларды орындауда, профессор Ə.Жүнісбек еңбектеріндегі фонетикалық заң-
дылықтар негізге алынды. Мысалы: 
ы – й: Ми – мый; милы – мыйлы; мисыз – мыйсыз; мишық – мыйшық.
і – й: Киіз – кійіз; киіз үй – кійіз үй; киіз қалпақ – кійіз қалпақ.
і – й: иіс – ійіс; иіс су – ійіс су.
Тіл біліміндегі интерграциялық əдіс, яғни сөзжасамның фонетикамен байланысы əр са-
бақта жүргізіледі. 
 Шетелдік тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгерту – кешенді үдеріс. Ғалым Н.Оралбай-
қызы шетелдік стуенттерге қазақ тілін меңгертуде қазақ тілін кешенді оқыту технологиясы-
ның қажеттілігіне де ерекше мəн берді. Бұл салаға байланысты көп еңбек сіңіріп, өзге ұлтқа 
қазақ тілін үйрету мəселесін ғалымдарымыз профессор Н.Оралбаева мен Х.Есенов, С.Хай-
руллина авторлығымен шыққан “Қазақ тілін үйренеміз” – “Изучаем казахский язык” (1989) 
оқулығын ерекше атап айтуға тиіспіз. Аталған оқулықтың құндылығы – өзге ұлт өкілдеріне 
қазақ тілін үйретуде сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін сабақта кешенді қолдану тəсілін 
алғаш ұсынғандығында. Оқулықта берілген материалдар сөйлесім əрекетінің түрлерін ке-
шенді қолдану арқылы тіл үйренушілердің коммуникативтік-танымдық құзыреттілігін қа-
лыптастырып, дамытуға бағытталған. Еліміз егемендік алған жылдары университетімізге 
қазақ тілін үйренуге Америка, Корея, Қытай Халық Республикасы, Вьетнам, Түркия елдері-
нен арнайы келген студенттер осы оқулықпен қазақ тілінде тілдік коммуникация жасауды 
меңгерді.
Мемлекеттік тілді кешенді оқытудың мақсаты – қазақ тілін меңгертудің əр түрлі дең-
гейін жүзеге асыратын; тілді меңгертудің интербелсенді əдіс-тəсілдері мен инновациялық 
технологияның озық үлгілерін қамтитын; бір-бірімен сабақтас, жүйелі оқу құралдарын ком-
муникативтік тұрғыдан ұсыну; тіл үйренушілерге қазақша тілдік қатынасты еркін меңгерту 
арқылы коммуникативтік тілдік аяда қарым-қатынас жасауға үйрету. Осы бағытта 
Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген түрік студенттеріне арналған 
«Қазақша үйренеміз», «Қазақша сөйлесеміз» екі бөлімді оқу құралының тілді меңгертудегі 
тиімділігі түрік бөлімдерінде оқитын студенттерге жүргізілген тəжірибе барысында анықтал-
ды. «Қазақша үйренеміз» оқу құралында негізгі материалдар қазақ тілі грамматикасына
жаттығу жұмыстары мен диалогтарға негізделген болса[2.235], «Қазақша сөйлесеміз» оқу 
құралы «қазақ жерінің тарихы мен салт-дəстүрінен, ұлы адамдар өмірінен қысқаша мəлімет-
терге құрылған». Оқу құралында берілген мəтіндер, жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін 
жасауда тіл үйренуші шетелдік студенттердің лингвомəдениеттанымдық, коммуникативтік 
жəне когнитивтік құзыреттіліктерін дамыту ұстанымдары жалпы дидактикалық ұстанымдар-
мен сабақтастырылған. Оқу құралының мазмұны шетелдік студенттердің қазақ тілінде инте-
рактивті коммуникация жасай білуіне бағытталған. Түріктілді студенттерге қазақ тілін мең-
гертуде Н.Оралбайқызының түрік бөлімдеріне арналған оқу құралы қолданылды[4;5]. 
Жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдеріне арналған “Қазақ тілі” (2007) оқулығы 
оқытудың жаңа технологиясы негізінде жазылған оқулық. Оқулық 10 модуль 70 сабаққа 
бөлініп, өздік жұмыстары мен сөздік жұмыстары ұсынылған. Əр модуль соңында студенттің 
өзін-өзі тексеруі үшін тест тапсырмалары берілген. Əдістеме негізінде құрылған бұл оқу-
лықта мəтінмен кешенді жұмыс, сөздік жұмыстар берілген. Мақал-мəтелдер, даналар сөзі, 
нақыл сөздерді де оқып-үйрену қамтылған. Тарихта аты қалған қазақ батырлары, ағартушы-
лар, ардақты азаматтар мен қазақ өнерпаздарының тəрбиелік мəні бар өмір кезеңдерінен де 
мағлұмат берілген жаңа бағыттағы оқулық. 
Аталған оқулықтың ең негізгі құндылығы – ғалым-педагог Н.Оралбайқызының тіл ғылы-
мындағы «ішкі лингвистика» бағытын ұстанып, тілдің құрылымдық моделі тілдік тұлғаға 
берілетін білімнің негізгі мазмұны екендігіне ерекше мəн бергендігінде. Лингвистика ғылы-


50
мындағы теориялық ақпараттар коммуникативтік бағытта, яғни тілдік қарым-қатынас (ком-
муникативтік) құзыреттілік, лингвомəдениеттанымдық құзыреттілік қалыптастыруға 
бағытталу қажеттігін дəйектейді[6]. 
 Ұлағатты ұстазымыз профессор Нұржамал Оралбай апайымыздың қазақ тіл біліміне қа-
тысты теориялық тұжырымдары мен əдістемелік тəжірибесі жаңа үлгідегі ұлттық мектеп мо-
делін жасауда рухани азық болары сөзсіз. Инноватор педагог-ғалымның ғылыми-əдістемелік 
тұжырымдарын зерделеу, ғылыми ізденістерді жалғастыру ұлттық педагогика ғылымының 
қорын үздіксіз толықтырып, ХХІ ғасырдың терең білімді, бəсекелестік жағдайда рухани 
өресі биік, азаматтық бет-бейнесі қалыптасқан зияткер тұлғаны тəрбиелеуде үлгі боларлық 
тағылым деп зор құрметпен, ізгі ниетпен айта аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет