127
м) дінге қатысты атаулар: мақам - голос (при чтении Корана); мақбоз - предопределение
бога;
Мəуліт - день рождения Магомета;
мəкіру - неодобренный шариатом т.б.
Байқап отырғанымыздай, сөздік түзушілер ғылымның қай саласындағы термин болсын,
мағынасы түсінікті де дəл болу жағына ерекше көңіл бөлген.
Əрине, мұндағы терминдердің бəрін де құрастырушылар ойлап шығарған деген ойдан
аулақпыз. Сөздік түзушілер 1923-1924 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналында «Білім
ордасының қазақша ғылыми- əдебиет кеңесінде қабылдап алынған пəн сөздері» деген ай-
дармен жарық көрген терминдерді, жекелеген оқулықтар («Оқу құралы», «Тіл-құрал» т.с.с.
А.Байтұрсынұлы еңбектері т.б.) арқылы əбден тұрақталған атауларды, мерзімді баспасөз
бетінде жүйелі қолданылу нəтижесінде қалыптаса бастаған терминдерді де негізге алған.
Бұдан, бір жағы, сөздік құрастырушылардың өзіне дейінгі жарық көрген еңбектермен жан-
жақты таныс болғанын, сөздік түзу жұмысына үлкен дайындықпен келіп, жауапкершілікпен
қарағанын аңғарсақ, екінші жағынан, «жаңа тіл» ойлап таппай, бір заттың бірнеше атауын
беруден гөрі осы уақытқа дейін қолданылып келген сөздерді тұрақтандыру мақсатын көзде-
генін байқаймыз.
Мəселен, бірқатар терминдердің «Қызыл Қазақстан» журналынан алынғаны байқалады:
Орысшасы
«Қызыл Қазақстанда»
1923-1925 ж
«Қазақша-орысша
тілмаш» 1925
авторитет
бедел
бедел
анализ
талдау
талдау
атмосфера
ауа
ауа
демократия
бұқара
бұқара
Завод
зауыт
зауыт
Заем
қарыз
қарыз
инструкция
нұсқау
нұсқау
инструктор
нұсқаушы
нұсқаушы
история
тарих
тариқ
капиталист
капиталшы
капиталшы
коммунизм
ортақшылдық
ортақшылдық
Лава
жалқын
жалқын
материализм
затшылдық
затшылдық
математика
шама тілі
шама тілі
методика
əдістеме
əдістеме
Механическая сила
тетікті күш
тетікті күш
механика
тетік ілімі
тетік ілімі
позитивная философия
деректі даналық
деректі даналық
полярный круг
төбелік шеңбер
төбелік шеңбер
феодализм
бек дəуірі
бек дəуірі
формула двойных знаков
қос белгінің өрнегі
қос белгінің өрнегі
Алайда «Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушылар басылым бетіндегі терминдердің
бəрін сол күйінде беруді мақсат етпей, бірқатар тұстарында өз тарапынан өзгерістер мен
толықтырулар енгізіп отырған. Бұл ерекшелік «Қазақстан оқу кемесеретінің білім ордасы қа-
былдаған пəн сөздері» атты Н.Қаратышқанұлының құрастыруымен жарық көрген кітапша-
мен [7] салыстырғанда айрықша көрінеді. Еңбектің атына сəйкес Н.Қаратышқанұлы‚ не-
гізінен, «Қызыл Қазақстанда» жарияланған пəн сөздерін еш өзгеріссіз жариялауды мақсат
етсе, «Қазақша-орысша тілмашта» бірқатар терминдердің мəні толықтырылып, жаңартылып
отыр ған:
128
«Қазақша-орысша тілмаш»,
1925
Н.Қаратышқанұлы
«...Пəн сөздері», 1927
айтыс – 1) диспут; 2) дискуссия; 3) состязание в
песнях 4) прение
дискуссия-айтыс
азу – 1) клык; 2) деградация, вырождения жарна
– акция
дегенерация-азу
жарналы серіктік-акционерное общество
акционерное общество-əксиелі серіктік
жорнал – журнал
журнал-кенеге
кітап – книга
книга-кенеге
баспахана-типография
типография-типограпие
Айбар – 1) демонстрация; 2) угроза
демонстрация-қыр көрсету
алап – 1) бассейін; 2) район
бассейн-алап
аластамақ – 1) делать дезинфекцию, вертеть
подарок над головой, чтобы сделать счастливым
дезинфекция-аластау
ермек – 1) забава, 2) удовольствие, 3)
развлечение, 4) спорт
спорт-ермек
жалақы – заработная плата
заработная плата-еңбек ақы
жарна - акция
акция-əксие
Екі сөздікті салыстыра келе,
а) «Қазақша-орысша тілмашта» көбінесе сөзді аударуға, қазақ тілінен балама табуға ты-
рысушылық байқалса, «Пəн сөздерінде» шет тілдік нұсқасы берілген жерлері (ыспырабкы,
Достарыңызбен бөлісу: