Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет102/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   343
рамашкы, паралыш т.б.) көбірек кездесетінін;

ə) «Тілмашта» сөздің омонимдік, көп мағыналы т.б. мəндері де қосымша көрсетіліп отыр-

са, «Пəн сөздерінде» олардың бір ғана мағынасы берілгенін аңғарамыз;

б)  «Пəн  сөздерінде»  сөздердің  баламасы  қате  берілген  тұстар  да  ұшырасады.  Ал  «Қа-

зақша-орысша тілмашты» құрастырушылардың əр сөздің баламасын беруде өте көп ізден-

гені  байқалады.  Бұлар  «Қазақша-орысша  тілмаштың»  ерекшелігін  көрсетуімен  қатар  ар-

тықшылықтарын да танытса керек.

Халық  ағарту  Комиссариаты  Білім  кеңесінің  термин  комиссиясының  құрастыруымен 

1931  жылы  «Атаулар  сөздігі  [8]  жарық  көргені  белгілі.  Сөздікте  түрлі  ғылым  салаларына 

қатысты 8000 термин берілген. Мұнда Қазақстан оқу комиссариатының Білім ордасы қабыл-

даған  пəн  сөздерін  беру  мақсат  етілмеген,  бірқатар  сөздердің  баламасын  ұсынуда  «Қазақ-

ша-орысша тілмашқа» иек артқаны да байқалады: 

«Қазақша-орысша тілмаш», 1925

«Атаулар сөздігі», 1931

бұқара-демократия

демократия-бұқара

Жарна қағаз-акция

акция-əксие (жарна қағаз)

жарналы серіктік-акционерное общество

акционерное общество-жарналы серіктік

айналмалы капитал-оборотный капитал

оборотный капитал-айналмалы капитал

Бедел-авторитет

авторитет-бедел

баспақана-типография

типогрфия-баспақана

ескішілік-консерватизм

консерватизм-ескішілік

жанталас-предсмертная агония

агония-жан таласу (өлім азабы)

жалақы-заработная плата

заработная плата-жалақы



Акция, акционерное общество, типография, заработная плата т.с.с. сөздердің балама-

сы «Қызыл Қазақстан» журналы мен Н.Қаратышқанұлының «Пəн сөздерінде» əксие, əксиелі 



серіктік, типограпие, еңбек ақы түрінде берілгенмен, «Атаулар сөздігінде» «Қазақша-орыс-

ша тілмаштағы» нұсқасын алған. Бұдан шығатын қорытынды: 




129

а) «Атаулар сөздігін» құрастырушылар «Тілмашпен» таныс болған;

ə) «Қазақша-орысша тілмаштағы» атау сөздердің, терминдердің берілуін дұрыс тауып, 

жоғары бағалаған;

б) «Тілмаштағы» терминдерді тұрақтандыруға тырысқан.

Бұдан «Қазақша-орысша тілмаштың» əдеби тілдің дамуына қаншалықты үлес қосқанын 

да аңғаруға болады.

Ə.Қайдар, Ө.Айтбайұлы‚ Ш.Білəлов, Ш.Құрманбайұлы, Г.Жұмашева т.с.с. ғалымдардың 

еңбектерінде жаңа сөз жасаудағы жұрнақтардың қызметі жан-жақты сөз болады. Бұған ғасыр 

басында термин мəселесімен айналысқан ғалымдар да ерекше мəн берген.

1924 жылғы білімпаздар съезінде Е.Омаров қазақша пəн сөздер тақырыпты баяндама-

сында жұрнақтарды мағынасына қарай тұрлаулы (-лық‚ -шы‚ -шыл‚ -лы‚ -сыз‚ -уыш) жəне 

тұрлаусыз (-ық/-ік, -ын/-ін‚ -ақ) деп жіктейді де, жаңа сөз жасауда, негізінен, тұрлаулы жұр-

нақтарды  пайдалану  керектігін  айтады.  Қ.Кемеңгерұлы  да  бұған  айрықша  назар  аударған. 

Ғалым А.Байтұрсынұлы топтастыруын басшылыққа ала отырып,жұрнақтарды мəн-мағына-

сына қарай (қимылдың амалын, құралын, нəтижесін білдіру‚ адамның бір іске бейімділігін 

көрсету  т.б.)  жіктейді.  Қазақ  тілі  жалғамалы  тілдер  тобына  жататындықтан,  бүгінгі  сөздік 

түзушілер мен орыс топтарына қазақ тілі оқулықтарын құрастырушылар осы ерекшелікке 

баса назар аударғаны жөн сияқты.

Қазақ тілінің сырын, мəнін терең түсінген қазақ зиялыларының қажырлы еңбегінің нəти-

жесінде  ана  тіліміздің  мүмкіндіктері  ашылып,  терминдерді  ұлт  тілінде  жасауға  болатыны 

белгілі болды.

Алайда  бұл  үрдіс  ұзаққа  созыла  алмады.  1930  жылы  Мəскеуде  Бүкілодақтық  партия 

мəжілісінде терминологияны ұлт тілдерінде дамыту мəселесі сөз болып, оның негізгі прин-

циптері белгіленді [9].

Осы  кезден  бастап  А.Байтұрсынұлы  бастаған  қазақ  зиялыларының  термин  жасауда 

ұстанған принциптері теріске шығарылып «қазақ тілін өзге тілдердің бəрінен де оқшау ұста-

ды, бөліп-жырып қарады», «пуристік бағыт ұстады» деп сынға алына бастады. 

1933 жылы 22-маусымда Қазақстан Халық Комиссарлар Советінің Мемлекеттік терми-

нология комиссиясын ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Осы кезден бастап қазақ тілін-

де баламасы болса да, басқа тілден енген халқаралық терминдер мен советизмдер аударыл-

май қабылдана бастады. Терминдерді ұлт тілі негізінде жасауға тырысқан қазақ зиялылары 

қуғындалды, репрессияға ұшырады. Соның нəтижесінде қазақ тілінің термин жасау мүмкін-

дігі шектеліп, қазақ тілі термин қабылдағыш тілге айналды. Мұндай үрдістің тілдің табиғи 

түрде дамуына кері əсер ететіні белгілі.

Осы  мəселе  төңірегінде  Ə.Қайдаров  былай  дейді:  «Бұл  тығырықтан  шығудың  екі-ақ 

жолы  бар.  Оның  біреуі  жаңа  терминдерді  жасауда  сонау  30  жылдары  қабылданған  прин-

циптің алғышартын, яғни қазақ тілінің өз мүмкіншілігін сарқа пайдалану деген дұрыс тала-

бын бірізділікпен, ерекше білгірлікпен іске асыру болса, екіншісі қабылданған совет-интер-

националдық терминдерді (мұнда да мүмкін болғанынша) өз тіліміздің ішкі заңына бойсын-

дыра алу». Ал мұндай маңызды да күрделі міндетті орындауда «Қазақша-орысша тілмаш» 

бірден-бір негізгі көздердің бірі болары сөзсіз.

Соңғы жылдары Мемлекеттік терминологиялық комиссия ресми түрде бекіткен термин-

дер мен атаулардың қатарында «Қазақша-орысша тілмашта» кездесетін бірқатар сөздер де 

бар: 



130

Қазақша-орысша тілмаш

Мемлекеттік терминология комиссиясы 

бекіткен терминдер мен атаулар

əкім-администратор, правитель

администратор-əкім

əдіс – 1) тактика, 2) метод, 3) техника

метод-əдіс

əдістеме-методика

методика-əдістеме

жанталас-предсмертная агония

агония-жанталас

Қолқа – 1) просьба; 2) аорта

аорта-қолқа

без-железа

железа-без

өт-желчь

желчь-өт


талмақ-падать в обморок

обморок-талу

алапес-проказа (болезнь)

проказа-алапес

тірек – 1) догмат, 2) опора

опора-тірек

нұсқау-инструкция

инструкция-нұсқау

көшірме-выписка, копия

выписка-көшірме

Несие-долг, кредит

кредит-несие

жерсінбек-акклиматизироваться

акклиматизация-жерсіндіру

Қазіргі кезде акционерное общество тіркесіне балама ретінде акционерлік қоғам түрін-

де  қолданылып  жүрген  атауды  жарналы  серіктік  деп  қолдануға  əбден  болатын  сияқты. 

Сонымен  қатар  «оптом  (продавать,  покупать)»  мəнінде  қолданылып  жүрген  көтерме  сау-

да тіркесінің орнына топтау, топтап сату немесе топтау алу түрінде қолдансақ, мағына 

əлдеқайда дəл берілер еді. Көтерме сөзін Н.Ильминский мен «Қазақша-орысша тілмашта» 



комиссионерство деп берсе, И.Букин сөздігінде көтерме сауда – аукцион деп түсіндіріледі. 

Бұл көтерме сауда сөзінің қазақ арасында бұрыннан қолданылғанымен, ол оптом сөзінің 

баламасы болмағанын көрсетеді. 

«Қазақша-орысша тілмаштағы» бірқатар атауларды сол күйінде қолдануға əбден бола-

ды. Қалыптасқан терминдердің мəнін ашып, сырын түсінуде сөздік – түрлі мамандық иелері 

үшін таптырмас құрал.



Əдебиет

1. 


Жолдыбаев М. Қазақ тілін байытамыз // Еңбекші қазақ. 12.VІІІ.1926.

2. 


Сыздық Р. Термин жасау – А.Байтұрсынұлы көтерген жүктің бірі // Ұлттық рухтың 

ұлы тіні. –Алматы: Ғылым‚ 1999. -250-262-б. 

3. 

Əріп  мəселесі  туралы  айтыстағы  Кемеңгерұлы  Қошкенің  сөзі  //  Еңбекші  қазақ. 



17‚19.06.27.

4. 


Қайыпназарұлы М. Қазақ тілін өркендетуге басшылық күшейтілсін // 1920-30 жыл-

дардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы‚ 1994. –166-172 б.

5. 

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. –Алматы: Ана тілі‚ 1998. -148б.



6. 

Байтұрсынұлы А. Сəбитке жауап // Еңбекші қазақ. 26.01.28.

7. 

Қазағыстан оқу кемесеретінің білім ордасы қабылдаған пəн сөздері. Тізген Н.Қара-



тышқанұлы. -Қызылорда‚ 1927. -128 б.

8. 


Атаулар сөздігі. –Алматы: Қазақстан‚ 1931. -116 б.

9. 


Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. –Алматы: Ғылым‚ 1998. -208 б.


131



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет