Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет97/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   343
Биебау –угощение, устраиваемое, когда в первый раз привязывают жеребят для доения 

кобыл.


Базарлық – гостинец, привезенный вернувшимся с базара.

Бастаңғы – вечеринка, устраиваемое дочерью уехавших куда- нибудь родителей.

Сонымен қатар Н.Ильминскийдің сөздерді ұялық тəсілмен беруін «Қазақша-орысша тіл-

машта»  қолданбауы  да  осы  еңбектің  кімге  арналғанына  байланысты  болса  керек.  Мəселен, 

Н.Ильминский  ай  сөзін  «луна»  жəне  «месяц»  мəндерінде  қолданылатынын  айтып,  осы  сөз-

дердің  қатысуымен  жасалған  тіркестерге  талдау  жасайды,  əрбір  ай  атын,  оның  ерекшелігін 

көрсетеді. Ал «Қазақша-орысша тілмашта» ай сөзінің көп мағыналық жəне омонимдік мəндері 

түсіндіріледі де, əрбір ай аттары алғашқы əрпіне қарай жүйелі түрде жеке-жеке түсіндіріледі. 

Н.Ильминский сөздігінде кейбір сөздердің мəнін түсіндіруде, сөздерді таңбалауда біраз 

қателіктер  кездеседі.  Мəселен‚  Н.Ильминский  қазақ  сөздерін  орыс  графикасымен  таңба-

лағанда, іні//ене, ісік//есік, мін//мең т.с.с. сөздердің таңбалануы бірдей болып шыққан. Мұн-

дай кемшіліктер, əрине‚ үйренушіні шатастырары сөзсіз.

«Қазақша-орысша  тілмашта»  ондай  олқылықтарға  орын  бермеуге  тырысқан.  Алайда 

«Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсініс» деген мақалада сөз болғандай, көшіруші мен бас-

па тарапынан кеткен кейбір қателіктер де байқалады. Алайда бұл жүйелілік сипат алмаған.

Н.Ильминский айқын сөзінің мағынасын обширный деп түсіндіреді де, осы ұяда обшир-

ная степьобширное озеро деп айқын дала, айқын көл сөздерін береді. Ал «Қазақша-орыс-

ша тілмашта» айқын сөзі явный деп беріледі. Əрине, айқын сөзіне обширный дегеннен гөрі 



явный деген балама əлдеқайда дəл де ұтымды екенін дəлелдеудің қажеті де жоқ. Бұл орайда 

Ильминский сөздік құрастыруда сөз мағынасын айқындауда қазақтардан кеңес алып отырса, 

«Тілмаш» құрастырушыларына ондай кеңесшінің қажеті болмады, олар ана тілінің бай сөздік 

қорын толық меңгеріп, оның нақты да дəл баламасын беруге тырысқанын ескеру керек.

«Қазақша-орысша тілмашта» реестр сөз алфавит тəртібімен, бірізділікпен берілген. Мəн-

дес  (синоним)  сөздер  үтірмен,  ал  омонимдер  мен  полисемиялы  сөздер  араб  цифрларымен 

ажыратылып отырған. Мысалы: ат – 1) лошадь, конь, 2) имя; ай – 1) луна, месяц 2) воскли-

цание удивления; таба – 1) злорадство, 2) сковорода; табан – 1) подошва (ноги), 2) карась; 

шөп – 1) сено, 2) трава; шалшық – 1) лужа, 2) озерко; шығыс – 1) выход, 2) восток, 3) расход, 

4) всход; несие – долг, кредит; шұңқыр – яма, впадина; жайпақ – плоский, гладкий; бала – 

мальчик, ребенок; көшірме – выписка, копия.

«Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушылар жақшаны да белгілі бір мақсатқа сəйкес 

қолданғанын көреміз: 



123

а) реестрдегі сөздің аймақтық сипатын, яғни жергілікті сөз екенін білдіру үшін жақша 

ішінде қай жерлерде қолданылатыны көрсетіліп отырған. Мысалы: əжеп-тəуір – 1) изряд-

ный, 2) плохой (в наречиях букеевских и уральских киргиз). 

ə) сөздің тура мағынасымен қатар ауыспалы мəндері де беріліп, ол жақша арқылы көр-

сетіліп отырған: ақ жаулық –1) жена (обр); 2) женский головной убор, ала тайдай бүлдірмек 

– внести разложение в общество (обр. историческое выражение)

б) сөздің мəнін нақтылай түсу үшін жақша қолданылған: а) кімге, неге қатысты екені көр-

сетіліп отырған. Мысалы: жарау – подморенный (о лошади); сапсимақ – торчать (о боль-

шой бороде); бұрамақ – 1) вертеть, винтить; 2) настроить (о музыкальном инструменте); 

ə) қандай атау, қай саланың термині екені көрсетілген: түйнеме – рожа (болезнь); жарнақ 



- дробь (математический термин); жармақ – 1) расколоть; 2) рассекать; 3) оперировать 

(медицинский термин); б) омонимдес, көп мағыналы сөздерден айыру үшін жақша ішінде 

қай сөз табы екені көрсетіліп отырған: əрі – 1) дальше; 2) после; 3) и (повторит. союз); ара-



лас –смешанно (наречие).

Етістіктер -мақ/-мек тұлғалы тұйық етістік (тұйық райдың толық түрі) түрінде берілген 

де, етіс түрлері етістіктің мəніне қарай түсіндірілген. Мысалы: сөйлетпек – пон. зал. от гл. 

сөйлемек; бауланбақ – воз. зал. от гл. бауламақ; ауласпақ – взаимн. залог от гл. ауламақ; 

апарылмақ – страд. зал.от глагола апармақ.

Осы  үлгіні  Қ.Кемеңгерұлы  «Оқу  құралдарының»  соңындағы  тілмаштарда  да  пайда-

ланған.

Ғалым өз заманында сөздік түзу шебері ретінде танылған. «Оқу құралында» автор əліп-

пелі тілмаш жəне мақалалық тілмаш түрлерін көрсетеді. Əліппелі тілмашта Қ.Кемеңгерұлы 

сөздерді алфавит тəртібімен орналастырса, мақалалық тілмашта белгілі бір мақалаға байла-

нысты сөздер мен сөз тіркестерін қамтыған. «Оқу құралының» І бөлімінің соңынан əліппелі 

тілмашты берсе, ІІ бөлімінен кейін мақалалық тілмашты ұсынған. ІІ бөлім оқушыларды кітап, 

газет-журнал  оқуға  жаттықтыру,  сөздік  қорын  молайту,  дағдыландыруға  арналғандықтан, 

мұнда реестрге жеке сөзбен қатар тұтас тіркес, сөйлесімдер (выражение) де алынған. Мақа-

лалық тілмашта кейбір тіркестердің аударылу (тəржімалану) жолдары да түсіндіріліп отыр-

ған.


«Еленбей келген оқулық» деген мақаласында Қ.Есенов «Оқу құралындағы» сөздіктерге 

тоқтала келіп, оларды өте жоғары бағалайды.

Сонымен, «Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушылардың қызметінен мынадай ерек-

шеліктер байқалады:

а) сөздік түзушілер өздеріне дейін жарық көрген түрлі сөздіктермен таныс болған. Он-

дағы сөздердің берілуін бірде қуаттап, оның тұрақтана түсуін көздесе, енді бірде сөзге жаңа 

мəн үстеу арқылы жаңа атау да ұсынып отырған;

ə)  «Тілмашта»  қазақ  тілінде  бұрыннан  қолданыста  бар  сөздер  ғана  қамтылмай,  орыс 

тіліндегі  ұғымдар  мен  атауларға  балама  ретінде  жаңа  сөз  ұсынып  отырған.  Осы  жағынан 

алғанда‚ «Қазақша-орысша тілмаш» орысша-қазақша сөздіктің қызметін де атқарған;

б)  сөздікке  өте  жиі  қолданылатын  түсінікті  сөздерден  гөрі  сирек  кездесетін  сөздерді 

көбірек беруге тырысқан;

в) сөздің халық арасында, ақын-жазушылар тілінде, бұрынғы сөздік-кітаптарда кездесуін 

ескерген;

г)  «Тілмашта»  синоним,  омоним,  көп  мағыналы  сөздермен  қатар  жергілікті  тіл  ерек-

шеліктері, сөздің ауыспалы мəнде қолданылуы т.с.с. да көрсетіліп отырған;

ғ) сөздікте бір түбірден (өлі түбірден) тараған сөздер жүйелілікпен орын алған, фразео-

логизм құрамында кездесетін, бүгінде мəні түсініксіздеу сөздерге сипаттама берілген;

д) «Қазақша-орысша тілмаш» қазақ тілін үйренушілерге, оқушыларға арналғандықтан, 

мұнда сөз басына балама беруге тырысқан.




124

Мұның бəрі құрастырушылардың сөздік түзу жұмысына үлкен дайындықпен келіп, жау-

апкершілікпен қарағанын танытса керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет