Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет99/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   343
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ 

СӨЗДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ

Жұбаева О.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі, 

филология ғылымының докторы

Ахмет Ə.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері 

Əлімақын Д. 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері 

ХХ  ғасыр  басында  қоғамдағы  ірі  өзгерістер,  ғылым  мен  техниканың,  мəдениеттің  да-

муы көптеген жаңа ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырды. Ғылым, өнер-білім, экономика 

саласында қазақ ұғымына жат жаңа сөздер, атаулар пайда болды. Жаңа ұғымдардың мəнін 

ашып түсіндіруде, қазақ тілінен соған сəйкес балама табуда «Қазақша-орысша тілмаштың» 

маңызы өте зор болды.

1922  жылы  Қазақстанда  жат  сөздерді,  пəн  атауларын  қазақшаландыратын  комиссия 

құрылады да, оны А.Байтұрсынұлы басқарады. Комиссия жат (өзге тілдік) сөздерді қабылда-

уда мына принциптерді басшылыққа алған:

а) жат атаулардың мағынасын түсіндіргендей қазақ сөзін алу;

ə) оған қолайлы қазақ сөзі болмаса, түркі сөзін алу;

б) түркі сөзі де тура келмесе, қазақ тілінің заңына үйлестіріп, еуропа сөзін алу [1].

«Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушылар да осы принциптерді ұстанғаны байқа-

лады. Сөздік тізушілер термин жасауда сөздің түсінікті болуына ерекше мəн берген.

«Термин жасау – Ахмет Байтұрсынұлы көтерген жүктің бірі» деген мақаласында Р.Сы-

здық  А.Байтұрсынұлының  термин  жасауда  қазақ  тілінің  сөздік  қорына  иек  артқанын  айта 

келіп, оның бірнеше объективті себептерін көрсетеді. Атап айтқанда:



125

а)  А.Байтұрсынұлы  жасаған  терминдер  –  техника  саласының  терминдері  емес,  білім-

ғылым саласына қатысты атаулар болғандықтан, ұғымға ерекше мəн берілгендігін, ал ұғым 

атаулары əр тілдің өз сөздерінен жасалатындығын немесе калька жолымен басқа тілдерден 

аударылатынын;

ə) термин үшін қазақ тілінің өз сөздік қорын пайдалану қазаққа əлдеқайда түсініктірек 

болатынын ескергенін;

б) еңбектер ғылым салалары дүниеге келмеген, олардан бейхабар қазақ жұртшылығына

оның ішінде шəкірт балаларға арналғандықтан, оларға жеңіл де түсінікті болу жағын көзде-

генін нақты мысалдармен дəлелдейді [2, 250-262].

Ғалым ойларын «Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушыларға қатысты да қолдануға 

болады.  Өйткені,  бір  жағы,  А.Байтұрсынұлы  мен  «Қазақша-орысша  тілмашты»  құрасты-

рушылар бір кезеңде өмір сүрсе, екінші жағынан, сөздік түзушілер А.Байтұрсынұлының тер-

мин жасаудағы принциптерін толық қуаттап, рухани ұстазының жолымен жүрген. Оны Қ.Ке-

меңгерұлының мына сөздерінен де байқауға болады: «… Терминдерді алу туралы кейбіреу 

басқа елдер қалай атаса, қазақшаға айналдырмай-ақ, біз де солай атайық десті. Бұл – тіпті 

адасқан пікір. Күйіміз жетсе, шамамыз жетсе, қазақшаландырып алуымыз керек. Мəселен, 

геометрияны қазаққа геуметрие десең, көзіне түк елестемейді. Ал пішіндеме десең, қазаққа 

таныс, көзіне елестейді. Сондықтан терминдерді қазақша алуға дауласуға мəн жоқ» [3].

«Тілмаш» түзу барысында да құрастырушылар осы тұжырымды басшылыққа алған. Оған 

сөздіктегі терминдердің берілуі дəлел бола алады. Мысалы: əдіс ғылымы – технология; ақы-



ның сапасы – реальная плата; əлем ғылымы – космография; əлеумет ғылымы – социология; 

айқасым – реакция (психологическая); білдіргіш – справочник; бекет – почтовая станция; 

тəжірибеқана  –лаборатория;  тəн  тіршілігі – физиология;  тасу  құралы  (көлік) – транс-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет