Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет104/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

холингвистика ғылымдары алғашқы ғылымдар ретінде аталып, нейролингвистикалық зерт-

теулердің дерлік ешқайсысы бұл ғылымдарсыз жасалмайды. Əрине, сөйлеу əрекетінің ме-

ханизмдері мен олардың бұзылушылықтарын тілдік материалдың өзіне, бірліктерге, тілдік 

модельдер  мен  конструкцияларға  жəне  олардың  психологиялық  корреляттарына  сүйенбей 

жасауға болмайды.

Неврологияның өзі ғылым ретінде қалыпты жəне ауытқушылық жағдайларындағы жүй-

ке жүйесінің қызметтері мен құрылымын қарастыратын медико-биологиялық пəндер тобын 

қамтиды. Мидың ошақтық зақымдалуындағы сөйлеу бұзылушылықтарын қарастыру мен ем-

деуде, сонымен қатар адамның сөйлеу əрекетінде неврологияның əртүрлі бөлімдерінің – не-

вропатология, нерохирургия жəне нейропсихологияның бірлесе қарастырылуын талап етеді. 

Нейрофизиология  адамның  сөйлеу  əрекетіне  жауапты  ми  жəне  жүйке  жүйесінің 

құрылымдары  мен  микроқұрылымдарын,  тілдік  жүйе  қызметіндегі  олардың  ролін,  бас  ми 

қатпарындағы сөйлеу қызметінің оқшаулығын жəне жүйке жүйесін анықтауға мүмкіндік бе-

реді.


Нейропсихология  психикалық  үрдістердің  заңдылықтарын,  мидың  тұтас,  адамның 

жоғары  психикалық  қызметінің  оқшаулығы  ретіндегі  қызмет  етуіндегі  жалпы  принцип-

терін  қарастырады.  Невропотологиямен  бірге  нейропсихология  сөйлеу  айтылыстарының 

бұзылушылықтарының даму себептері мен механизмдерін (афазия, сөйлеудің қалыптасуы-

ның  психикалық  үдерістеріндегі  өзгерістерді,  диагностика  əдістерін,  сөйлеу  əрекеті  бұ-

зылушылықтарын алдын-алуды жəне т.б.) қарастырады. Нейропсихология адамның қалыпты 

тілдік мінез-құлқын: ойды вербальды тұжырымдаудағы айтылыстың қалыптасуын, баланың 

сөйлеу əрекетінің үдерісін жəне т.б. зерттейді.

Нейролингвистика үшін ең маңыздысы оның нейрохирургиямен байланыстылығында. 

А.Р.Лурия  нейрохирургиялық  тəжірибенің  нейролингвистикаға  нейролингвистикалық  бол-

жамдарды тексерудің бірегей мүмкіндігін беретінін болжамдады. Қояншық ауруындағы ми 

кесіндісі бойынша тəжірибелердің мидың сол жақ жартышары мен сөйлеу əреектінің өзара 

тығыз байланыстылығын дəлелдеді [3, 10]. 

Нейролингвистика педагогикалық ғылымның тармағы болып табылатын, тілдік жүйе бұ-

зылушылықтарының механизмдері мен табиғатын, олардың пайда болуын зерттейтін, олар-

дан арылу мен ескерту құралдарының ғылыми негіздерін арнайы оқыту мен тəрбиенің ғылыми 

негіздері арқылы үйрететін логопедиямен де тығыз байланысты. Сөйлеу бұзылушылықтары 

науқасты əлеуметтік мүгедектіктің ауыр түріне апарады. Логопед сөйлеу бұзылушылықтары-

ның семиотикасын біліп, оларды саралап, қалыптастыру сабақтарын жүргізуі тиіс.

Нейролингвистика  адам  ағзасында  сөйлеу  сигналдарының  өту  ерекшеліктерін,  сөйлеу 

əрекетіне  жауапты  бөлімдердің,  орталық  жəне  перифериялық  жүйке  жүйелерінің  əртүрлі 

құрылымдарының биофизикалық жəне биохимиялық саралануын қарастыратын биофизика 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет