Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет106/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   343
Əдебиеттер тізімі:

1.  А.А.Гируцкий, И.А.Гируцкий. Нейролингвистика. – Минск: «ТетраСистемс», 2010. 

– 192 с.

2.  Якобсон Р.О. Избранные работы. – М., 1985

3.  Лурия А.Р. Основные проблемы нейролингвистики. – М., 1975

4.  Выготский Л.С. Психология. – М., 2000

5.  Алпатов В.М. История лингвистических учений. – М., 2001. – 368 с.



135

«АҚ» СӨЗІНІҢ ПОЭЗИЯ ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫСЫ

Əбдірахман Мөлдір

1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., доцент М.Ə. Жүнісова

moldirka_9515@mail.ru

 

Андатпа

  Мақалада  А.Бақтыгерееваның  пэзиясындағы  «ақ»  сөзінің  қолданысын  қарастырып, 

ндағы түрлі ұлттық танымға тəн тұжырымдарды анықтайды.

«Ақ» сөзінің символ ретінде берілуі, қолданыс аясы жəне олардың үстейтін мəн-мағынала-

рын қазақ тілінің ұлттық құндылықтарының басымдықтарын танытуға ұмтылс жасалған.

Кілт сөздер:ақ –түс, ақ –символ, ақ – шынайылық, ақ –əке, аға, поэзия тілі, тілдік қол-

даныс, қолданыс жиілігі.

  Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған, өзінің тамаша өлең-жырларымен қазақ поэзиясы-

ның аспанын биіктетіп, көкжиегін кеңейткен талантты лирик ақын – Ақұштап Бақтыгереева. 

  Ақын өлеңдерінде көркемділікпен бірге толып жатқан асыл қасиеттер бар. Сол асыл-

дардың асылы – шынайылық. Ақұштап жырларының қағидаға айналғандай тағы бір қасиеті 

–  шынайы  сезім  мен  əдемі  де  əсерлі  ой  бірімен  бірі  астасып,  қатар  өрбіп  отырады.  Туған 

елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры тағы басқа мəселелер ақын поэзиясының арқауы. 

Ақұштап Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық шырайлылығымен қазақ поэзиясына 

жаңа өрнек алып келді.

«Ақ – Э.В.Севортян «аға» жəне «əке» деген туыстық атаулардағы екі сөздің де негізі ақ – 

оқ (қартаю) етістігінен өрбіген деген пікір айтады. Егер «ақ» түбірінің көне түрік тілінде шы-

нымен «қартаю, жан ұлғаю» синкретикалық мағынасы болса, онда «қосағыңмен қоса ағар» 

деген тілек мəнді тіркестегі «ағар» сөзі жоғарыдағы «ақ» түбірімен төркіндес болуы ықти-

мал. Қазақ тіліндегі ақ найза, ақ сүңгі, ақ семсер, ақ алмас т.с.с. – кесу, өткіру, ақ тер-жану, 

қызу мағыналарымен мəндес. Түркі, басқа да көптеген халықтар дүниенің төрт бұрышына 

түстік геосимволикасын қолданғаны мəлім. Ақ түспен оңтүстік бағдар белгіленеді: а-ы «Ық-

юг(ық-ақ)»[1, 23]. Осыған байланысты «жылы» деген мағына қалыптасқан: ақ ниет – ниеті 

жылы, оң, ақ бата – жылы, жақсы бата, ақ жүрек – жүрегі жылы мағынасында жұмсалады.

Бұлайша дамудың шарықтау шегі, логикалық шеңбері кең екенін, мысалы «ақ» атауы-

ның: «таза, пəк, кіршіксіз, адал, əділ,жайдары, əдемі, сұлу, айқын, анық, асыл, ардақты» т.б. 

осы сияқты өзара сəйкес, мəндес ұғымдарды білдіруінен де анық көруге болады.

Киеліліктің келесі бір символына айналған – ақ сөзі.Қашанда қазақ ақ түсін киелі деп 

санап, діни морфологиялық ұғым бойынша да көруге болады. Ақын тіліндегі ақ сөзінің сим-

волдық мағынасы үлкен қарт-қария мəнінде, сондай-ақ, киелілігін көрсетіп тұр.

Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым

Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді əнін.

Сондайда дала пейіл адамдарда

Ақ ұлпа алақандар барын білгем. 

«Дала жыры» [2, 123]

Ақ бесік анашым сен

Тербеткен менің.

Ағынмен таласумен

Ержеткен едім. 

«Жайық» [2, 77]



136

Ұяңнан алыс ұшпаған мен бір балапан,

Өзіңнен басқа таппаған жылы алақан.

Думанды, шулы тірлікке мені əкелген

Ақ сүтін шығар жан апам. 

«Анамен қайта сырласу» [2, 147]

Ұяңнан алыс ұшпаған мен бір балапан,

Өзіңнен басқа таппаған жылы алақан.

Думанды, шулы тірлікке мені əкелген

Ақ сүтін шығар жан апам.

Ой салып маған, есейтіп сəтте өтсе күн,

Асықтым алға, ертеңгі таңды көкседім.

Өмірге мені, өмірді маған сүйгізген



Ақ сүтін шығар тек сенің.

Арналған дара махаббат ыстық, зор сенім,

Кеудеде қанша айтуға қиын мөлшерін.

Туған жер деген сиқырлы ғажап топырақ – 

Ақ сүтін шығар шағар ол сенің.

Досыма келем адалын сыйлап сезімнің,

Жалғаны болса кешірме менің сөзімнің.

Ақ деген ұғым ұраным менің тəрізді

Сүтіңмен сіңген өзіңнің. 

[2, 154]


Ақын тіліндегі ақ бесік, ақ түтін, ақ түндер, ақ арман, ақ ұлпа, ақ нұр, ақ ұшқын, ақ қы-

рау, ақ қар, ақ самал, ақ торғын, аппақ дүние, ақ үй т.б. қолданысындағы ақ сын есімінен 

өрілген сөз тіркестері өлең шумағында қайталанып келіп, əуезділікті, өлең құрылымына үй-

лесімділік береді.



«Ақ»  атауының  лексика-семантикалық  тұрғыдан  ұзақ  дамуын  тереңдете  зерттеу,  тілді 

қолданушы этностың өзіндік болмысына, дүниетанымына байланысты «ақ» түр-түс атауы-

ның семантикалық табиғаты, соның ішінде «ақ» атауының мағыналық шеңбері біршама ай-

қындалған деп айтуға болады.

Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым

Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді əнін.

Сондайда дала пейіл адамдарда



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет