Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет4/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

ISBN 978-601-80744-4-8    

 

 

 

 

 

 

УДК 80/81

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ББК 81.2

   


 

 

 



 

 

 



      © Абай атындағы ҚазҰПУ, 2018

   


 

 

 



 

 

 



      © ИП «Балауса», 2018

Қ 17


3

Пленарлық мəжіліс

Пленарное заседание

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, п.ғ.д., профессор

 Такир Оспанұлы Балықбаевтың конференция қатысушыларына 

арналған құттықтау сөзі

ҚАДІРМЕНДІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ!

ҚҰРМЕТТІ ƏРІПТЕСТЕР, ҰСТАЗДАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

«Қазақ тіл білімі саласындағы жаңа ғылыми бағыттар» Халықаралық ғылыми-əді-

стемелік конференциясына қош келдіңіздер!

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев  «Төртінші 

өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолда-

уында: «Қазақстан халқы бүкіл əлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде 

танылуға  тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі, 

ағылшын тілі - жаһандық экономикаға кірігу тілі... – дей келе, – қазақ тілі жаппай қолданыс 

тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ 

мемлекеті атайтын боламыз», – деп баса айтқан болатын. Бүгінде елімізде қазақ, орыс жəне 

ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған кең ауқымды бағдарламалық жұмыстар жүзеге 

асырылуда. 

Ұлттық  тіліміздің  өсіп-өркендеуі  мен  оның  мемлекеттік  мəртебесін  орнықтыру,  тіл 

білімінің ғылыми негіздерін нығайту жолында еңбек етіп жүрген айтулы ғалымдарымыз аз 

емес. Осы қатарда бүгін мерейлі 90 жылдығын бүкіл зиялы қауым зор құрметпен атап өткелі 

отырған  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан  Республикасының  ең-

бек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қыз-

меткері, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі Нұржамал 

Оралбайдың есімі ерекше аталады.

Ғалым Нұржамал Оралбайдың қазақ тіл білімінің əр алуан салаларын қамтитын ауқы-

мы  кең  ғылыми  еңбектері  бүгінгі  таңда  ғылыми  танымдық  аямызды  кеңейтіп,  қоғамымы-

здың  баға  жетпес  қазынасына  айналып  отыр.  Ғалымның  еңбектері  бүгінде  студенттердің, 

магистранттардың, докторанттардың жəне ғылыми көпшіліктің қолынан түспей келе жатқан 

бағалы дерек көздері болып саналады. 

Ғылым мен білімді қатар алып жүрген Нұржамал Оралбайдың еліміз үшін сіңірген ең-

бегі  ұшан  теңіз.  Осыдан  69  жыл  бұрын  Абай  атындағы  Казақ  мемлекеттік  педагогика  ин-

ститутын үздік бітірген ол өзінің отыз жылдан астам еңбек жолын осы оқу орнымен тығыз 

байланыстыра қызмет атқарды. Қатардағы оқытушылықтан қазақ тілі кафедрасының меңге-

рушісі,  университеттің  оқу  -  əдістемелік  жұмыс  жөніндегі  проректорына  дейінгі  ұлағатты 

өмір жолынан өтті.

Сондай-ақ ғылымның қара шаңырағы атанған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика-

лық университетінде Нұржамал Оралбайдың ұсынысымен жəне басшылығымен тұңғыш рет 

қазақ жəне орыс тілі мамандықтары бойынша докторлық жəне кандидаттық  диссертация-

лар қорғайтын кеңес ашылды. Кеңестің өлшеусіз еңбегінің нəтижесінде қазақ тілінің салала-

ры бойынша еліміздің жоғары оқу орындарына қажетті білікті педагог ғалымдар даярланды. 

Бір ғана профессор Нұржамал Оралбайдың жетекшілігімен 20 шақты ғылым докторы, 60-тан 

аса ғылым кандидаттары даярланды.




4

Нұржамал Оралбайдың есімін шəкірттері зор мақтанышпен атап, өздерінің алтын тұғы-

ры деп санайды. 

Аяулы  Нұржамал  Оралбайқызы!  Сіз  мағыналы  өміріңіздің  биік  бір  шыңы  –  90  жасқа 

келе отырып, талай белестерден өтіп, бүгінде тамырын тереңге салған алып бəйтеректей бо-

лып отырсыз. Сіздің қазақ халқының рухани тағдырымен біте қайнасып келе жатқан саналы 

ғұмырыңыз бен шығармашылығыңызды өнегелі өмір мектебі деп танимыз. 

Құрметті  конференцияға  қатысушылар!  Ұлтымыздың  аяулы  ғалымы,  филология 

ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайдың тіл біліміне қосқан үлесі жəне 

мемлекеттік тілдің алдында тұрған міндеттер мен жеткен жетістіктері жайлы келелі ой қозға-

латын бүгінгі Халықаралық ғылыми–əдістемелік конференцияны ашық деп жариялаймын.

Жұмыстарыңызға сəттілік тілеймін!




5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет