ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРІНДЕГІ АРХАИЗМ СӨЗДЕРДІҢ
ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
М.Р.Асылбекова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті,
КІРІСПЕ
Халқымыздың өзіндік болмысын тануда тіліміздегі мақал – мəтелдердің атқаратын рөлі
ерекше. Өйткені мақал – мəтелдердің көпшілігі ғасырлар бойына ұрпақтан ұрпаққа ауысқан,
екшелген, сұрыпталған халық даналығының баға жетпес асыл қоры, қазынасы. Ана тіліміз-
дегі мақал – мəтелдердің мəн – мағынасына зерделі көзбен қарап, ой елегінен өткізген адал
халқымыздың өткен өмірін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дəстүрін, əдет – ғұрпын, салт – санасын
көзбен көріп, қолмен ұстағандай күй кешеді, бабалар рухына бас иеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тіліміздегі мақал – мəтелдерді тек зерделеп ғана қоймай, оны жан – жақты зерттеген көр-
некті ғалым, академик Ə.Қайдар: « Мақал – мəтелдер халықтың атам заманғы өткен өмір тір-
шілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын «алтын арқау»; « олар – рухани,
мəдени салт – дəстүрді жалғастырудың адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде
сақталуының бірден – бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айырылған этникалық қауым - өзінің
өткен өмірінен айырылды деген сөз, ондай қауымның болашағы да жоқ » [ 50, 94 – бет ]
Осы тұжырымды негізге ала отырып, тіліміздегі кейбір мақал – мəтелдерге лексика –
семантикалық тұрғыдан сипаттама бергіміз келеді. Мақал – мəтелдердегі архаизм сөздерді
95
лексика – семантикалық жағынан мынадай түрлері бар: мата – кездеме, тамақ, киім – кешек,
ыдыс – аяқ, лауазымына, кəсібіне, ай аттары, діни ұғымға, мінезіне т.б.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ондағы болып жататын неше алуан өзгерістер
сөздік құрамның дамуына да түрлі-түрлі əсер етіп отырады. Көп жағдайда тілдің лексикасы
жаңа сөздердің есебінен кемелденіп үнемі толығып отырса, енді бір ретте кейбір сөздердің
тозығы жетіп көнеруіне əкеп соғады. Көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс
емес, əуелі қолдану жиілігін бəсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан, жаңа ұрпақтың
біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмытыла бастайды.
Бара – бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та кетуі мүмкін. Кө-
неру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздер архаизмдер жəне
Достарыңызбен бөлісу: |