Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет91/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары



Ағылшын тілі

Орыс тілі

Қазақ тілі

Объектілік/ пропозициялық (Subject – matter) байланыстар

1

Condition

Условие 

Шарттастық, 

келісілген жағдай 

2

Unconditional 

Необусловленность

Келісімсіз, шартсыз

3

Volitional Cause

Волитивная 

причина(добровольно)

Ерікті жағдай (себепті)

4

Non - volitional Cause

Неволитивная причина 

Еріксіз жағдай (себепті)

5

Volitional result

Волитивный результат 

Ерікті нəтиже 

6

Non – volitional result

Неволитивный результат 

Еріксіз нəтиже 

7

Otherwise (anti– conditional) Альтернатива 

Балама

8

Purpose

Цель 

Мақсат 

9

Solutionhood

Решение 

Шешім 

10 Unless

Отрицательное условие 

Кері жағдай

11 Means 

Средство 

Əрекет құралы

Презентациялық (Presentational) байланыста

12 Preparation 

Подготовка сообщения 

Кіріспе 

13 Justify

Обоснование 

Негіздеме; Аргумент 

14 Enablement

Обеспечение возможности 

Мүмкіндік беру

15 Motivation

Мотивация 

Уəждеме 

16 Background 

Фон 

Аялық фон 

17 Concession

Уступка 

Жол беру

18 Evidence

Свидетельство 

Айғақ; Куəлік; Растау 


114

Кесте 2 – Себеп-салдарсыз бір ядролы (mononuclear) симметриялық (риторикалық) бай-

ланыс түрлері



Ағылшын тілі

Орыс тілі

Қазақ тілі

Объектілік/пропозициялық (Subject – matter) байланыстар

1

Circumstance

Обстоятельство 

Жағдай 

2

Interpretation 

Интерпретация 

Интерпретация 

3

Comparison

Сравнение 

Салыстыру

4

Evaluation 

Оценка

Бағалау 

Презентациялық (Presentational) байланыстар

5

Elaboration

Р а з в и т и е 

Детализация

Даму, өсу, өркендеу, егжей - 

тегжейлі түсіндірме 

6

Summary

Резюме 

Түйіндеме

7

Restatement 

Переформулировка

Қайта тұжырымдау

8

Antithesis

Антитезис 

Антитеза 

Зерттеушілердің айтуынша, кестелерде берілген əрбір риторикалық байланыс дискурс/

мəтін құрылымындағы маңызды семантикалық, прагматикалық байланыстарды айқындайды 

[1, 245]. Авторлардың мұндай байланысты риторикалық байланыс деп атағаны да дəстүрлі 

риторика ұғымына, шешендік сөзге қатысы жоқ, осындай байланыстық негізге сүйенгенді-

гінен  туған  сияқты.  Олардың  пайымдауынша,  дискурс  бірліктерінің  əрқайсысы  өз  алдына 

жеке дара қолданылмайды. Олар сол дискурстағы басқа да бірліктермен бірін-бірі толықты-

рып, иерархиялық жүйені ұстана отырып, дискурс мақсатына жетуге қызмет етеді.

Риторикалық теория тұрғысынан риторикалық байланысқа түсетін дискурс бірліктері не-

гізгі басыңқы элемент – ядро (Nucleus) жəне бағыныңқы элемент – сателлит (Satellite) рөлін 

атқарады. Риторикалық байланыстардың көп түрлерінде кездесетін ядро дискурс құрылы-

мындағы маңызды бірлік, ал сателлит ядроның маңызын нақтылайтындықтан, адресанттың 

коммуникативтік мақсатына байланысты оған бағынады. 

Кей  жағдайларда  адресат  тарапынан  ядро  сателлиттің  көмегінсіз  интерпретациялануы 

мүмкін, ал сателлит кей жағдайларда өздігінен маңызды ақпаратты жеткізуге қабілеті болма-

уы да мүмкін. Сондықтан оның жоқ болуы немесе түсіп қалуы риторикалық байланысқа көп 

əсерін тигізбейді. Ал, ядроның дискурс құрылымында түсіп қалуы немесе жоқ болуы мəтін 

мазмұнының немесе риторикалық байланыстың өзгерісіне əкеп соқтырады [1, 257]. Мыса-

лы, Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ, тек астымыздағы аттар-

дың деміккен танау пырылы мен тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана осы жүрістің 

өсекшісіндей маңайға дабырлайды (Оралхан Бөкей, «Қайдасың, қасқа құлыным», 115-б.).

Риторикалық  құрылым  теориясының  заңдылығына  сүйеніп,  дискурсты  4  элементарлы 

дискурс бірлігіне бөлуге болады.

1а Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ,

1ə тек астымыздағы аттардың деміккен танау пырылы мен

1б тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана

1в осы жүрістің өсекшісіндей маңайға дабырлайды.

Мысалдағы  дискурс  бірліктерінің  байланысына  келетін  болсақ:  ()  Үйден  шыққалы 



ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ – элементарлы дискурс бірлігі ядро ретінде өз ал-

дына жеке тұрып, өзінен кейін тұрған сателлиттерге тəуелділігі шамалы болып, аяқталған 

ойды білдіріп тұр. Ал, сателлит рөліндегі элементарлы бірліктер (1ə, 1б, 1в) ядросыз өз ал-

дына жеке-жеке аяқталған мағына бере алмайды. Тіпті, осы 3 сателлит бірігіп, бір аяқталған 

ойды білдіреді деп айтуға да болмайды. Себебі, дискурсқа нақтылық үстеп тұрған тек, ғана 

шектік (тежеу) демеуліктері жəне мен шылауының əсері олардың белгілі бір ядроға тəуелді 

екендігін аңғартады. Ал, ядро өз кезегінде кез-келген дискурстық бірліктермен байланысқа 



115

түсе алады, мысалы: 1) 1а+1б+1в – Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып   үндегеніміз 



жоқ, тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана осы жүрістің өсекшісіндей маңайға да-

бырлайды бірліктері – Объективті риторикалық байланыстар (пропозициялық) дискурстың 

қарапайым бірліктерінің бірізділігін сипаттай отырып, шынайы уақытта болып жатқан оқиға-

ның, іс-əрекеттің бір-біріне байланыстылығын, бірізділігін сипаттайды. Дискурста ядро мен 

сателлит бірізділігінің қатаң ережесі жоқ, дегенмен əр дискурстық байланыс үшін тұрақты 

комбинациялар  кездесіп  қалатынын  авторлар  жоққа  шығармайды;  2)  1а  -  Үйден  шыққалы 

ешқайсымыз  тіс  жарып  үндегеніміз  жоқ.  Дискурстық  бірліктегі  тіс  жарып  үндегеніміз 

жоқ əркімнің өз еркімен орындалып отырғандықтан Себеп-салдарсыз бір ядролы симме-

триялық (риторикалық) байланыс, Ерікті жағдай-Волитивная причина-Volitional Cause ри-

торикалық  байланысқа  жатады;  3)  1б+1в  бірліктерінің  (тағалы  тұяқтың  тасқа  шақ-шұқ 



тиісі ғана осы жүрістің өсекшісіндей маңайға дабырлайды) арасында ат тұяғынан шыққан 

дыбысты өсекшіге теңеу риторикалық байланыс түрлерінің ішіндегі Салыстыру-Сравнени-



е-Comparison түріне жатады. Дискурс талдауда риторикалық байланыс түрлері адресанттың 

интенциясына байланысты айқындалады.

Қорытындылай келе айтарымыз, риторикалық құрылым теориясын ғылым, білім, саяси, 

əлеуметтік, мəдение, өнер саласындағы дискурстардың əртүрлі контекстегі ауызша, жазба-

ша, монолог, диалог түрлеріне қолданылу тəжірибесінің вариативтілігі оның əмбебап теория 

екендігін тағы да дəлелдей түспек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет