Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет96/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

торговец; баға - цена; залал – убыток; дүкен -магазин т.б. сөздердің қолданылғанын айтады. 

Бұл атаулар «Қазақша –орысша тілмашта» да осы мəнде кездеседі. Ендеше, сөздікті құра-

стырушылар сол кезге дейінгі жарық көрген басқа сөздіктермен де жан-жақты таныс болған 

əрі сол атаулардың тұрақталуын көздеген деп ойлаймыз. Ал сүтқор – банкир; кіреу – заклад‚ 



залог; задетка – задаток; мүлиеншік – миллионер; мұнанай - меновой двор; зымтемір - зем-

лемер  т.б.  сөздер  «Тілмашта»  ұшыраспайды.  Мұның  себебі  аталған  сөздер  ХІХ  ғасырдың 

екінші жартысындағы сөздіктерде, оның ішінде Е.Букиннің сөздігінде де кездескенімен, кей-

ін халық қолданысын таба алмай, қолданыстан шығып қалуының əсері болса керек.

Сонымен,  «Қазақша-орысша  тілмашты»  құрастырушылар  қазақ  тіліндегі  бар  сөздерді 

жиып, оның мəнін түсіндіруді ғана мақсат етпей, қоғамдағы түрлі өзгеріс, жаңалықтарға сəй-

кес жаңа атаулар ұсынуға тырысқан.

«Тілмаштан», бір жағынан‚ сол кезеңге дейін қалыптасқан сөздердің тұрақталу сипатын 

аңғарсақ, екінші жағынан, 20-жылдардағы сөздік қордың даму ерекшелігінен, жаңа атаулар-

дың жасалу, қалыптасу деңгейінен хабардар боламыз.

Н.И.Ильминский сөздігі мен «Қазақша-орысша тілмаштың», Е.Букин сөздіктерінің ай-

ырмашылығы – Н.Ильминский, негізінен, түсіндірме жолымен аударса, кейінгі сөздіктерде 

балама ұсынуға тырысқан: 

Н.Ильминский «Материялы к изучению киргизского на-

речие», 1860

« Қ а з а қ ш а - о р ы с ш а 

тілмаш», 1925

Уыз 

первое молоко после того, как корова отелилась



молозиво

Барымта 


Баранта 

Задержание или захват скота или вещей самоуправно за 

долг или похищение чнго ими другую обиду.

угон скота за обиду

Ұрын 

Тайно,  урун  келеді,  тайно  приходить  (после  того,  как 



калым  отдан  за  невесту,  но  пока  еще  не  было  свадьбы 

жених имеет право посещать свою невесту; он презжает 

с подарками тестью, и останавливается вдали от аула, в 

шатре. Днем он не может приходить в ауыл невесты, а 

ходить к ней ночью - урун

1) 


первое  неглас-

ное  знакомство  с  не-

вестой

2) 


тайком

От 


Огонь. От орны место, где огонь в кибитке. От шығар 

зажещь  огонь  в  ауле,  в  роде  маяка  для  запоздалых. 



Отағасы  госпадин  (самое  употребит.  слово,  несколько 

ниже чем қосағасы).

1) огон

Трава (на корню) ақ-от, қар-от две ктегорий трав: лу-

говые травы годные для лошадей и солончаковя, годные 

для верблюдов и баранов; впрочем – ай айдың оты басқа 

каждый месяц бывает пригодна разная трава. Отта па-

стись, кормиться травью (о скоте)

2) трава

3) хорошее пастбище

Отар 

Место, где скот пасется вдали от аула. Малым отарда у 



меня скот в отаре. Такая русская маленькая деревня.

Пастбище


Орта 

Середина, түн ортасы, полночь

1) 

средний


2) 

среда


3) 

середина



122

Н.И.Ильминский  сөздігі  мен  «Қазақша-орысша  тілмаш»  –  екеуі  де  қазақша-орысша 

сөздік болғанмен, Ильминский қазақ халқының əрбір сөзін орыстарға нақтылап, егжей-те-

гжейлі  сипаттауға  тырысқан.  Сол  себепті  Ильминский  сөздігі  түсіндірме  сөздік  болып 

шыққан. Ал «Қазақша-орысша тілмашта» орыс тілінде баламасы бар болса, орыс тіліндегі 

нұсқасын беріп, қазақ халқының болмысын, тұрмысын, дүниетанымын танытатын мəдени 

лексика атауларын, этнографизмдерді т.б. беруде түсіндірме жолын ұстанған. 

«Қазақша-орысша тілмашта» сөз басына балама берілу себебі – сөздіктің жоғары əскери 

курс оқушыларына арналғандығынан болса керек. Құрастырушылар осылайша шəкірттер-

ге сөздің нақты мағынасын айыртып, кейіннен тұтас сөйлем, əңгімелерді аудару барысында 

тезірек жаттығып, меңгеріп кету жағын ескерген деп ойлаймыз. Ал Ильминский қолданған 

түсіндірме тəсіл мəліметті көп қамтығанымен, осы сөздері бар сөйлемдерді, сөз тіркестерін 

аударуда елеулі қиындықтар туғызары сөзсіз. Сол себепті «Қазақша-орысша тілмашта» сөз-

дер балама арқылы беріледі.

Ал қазақ халқына ғана тəн, орыс тілінде баламасы жоқ этнографизмдерді беруде түсін-

дірме тəсілі кеңінен қолданылған. Мысалы: Тоқым қағар – угощение, устраиваемое матерью 

в честь своего дитяти, впервые отправившегося в путь.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет