ды – 1) резолюция‚ 2) вывод; қосымша құн – прибавочная стоимость; нұсқа – 1) инструк-
ция‚ 2) экземпляр‚ 3) копия; үдеу – прогресс; ұшқыш мəшине – аэроплан; жарналы серіктік
– акционерное общество т.с.с. Яғни сөздік құрастырушылар қазақ тілінің сөздік құрамын
молынан қамтуға тырысқанын байқаймыз.
Сөздердің берілуі, сөз мағынасын түсіндіру, еуропа сөздерінің дəл баламасын табу, сөз-
дердің жинақталуы, сұрыпталуы тұрғысынан алғанда, «Қазақша-орысша тілмаш» өзіне дей-
ін шыққан сөздіктерден əлдеқайда озық. Еңбектің құндылығы туралы «ХХ ғасырдың 20-
30 жылдарындағы қазақ əдеби тілі мəселелері» деген кітабында Ш.Мəжітаева былай дейді:
«Əрбір əдеби тілдің сөздік қорының дамуы мен нормалануына сөздіктің тигізетін əсері үл-
кен. Қазақстанда бұл жұмыс 20-жылдардың ортасынан басталады. Қ.Кемеңгеровтың «Қазақ-
ша-орысша тілмашы» бұл саладағы алғашқы тəжірибе еді. Мұнда орыс сөздерін аударып алу
принципі негізінен сақталған» [11, 57].
«Қазақша-орысша тілмаштың» алғысөзінде құрастырушылар сөздік түзу – өте күрделі де
қиын міндет екенін, тіл білімі саласында еңбек ететін бірнеше автордың көп жылғы еңбегінің
нəтижесі болуы керектігін айта келіп: «К сожалению, такой точки зрения мы не придержи-
вались по следующим причинам: во-первых, с целью удовлетворить сильную потребность
в казахско-русском словаре слушателей-европейцев, изучающих казахский язык на Высших
Военных Курсах Востоковедения, мы приложили все усилия к его ускоренному выпуску;
во-вторых, мы не имели на руках соответствующих полных руководств для исчерпания из
них необходимых материалов. Однако, выражаем надежду, что данный словарь может по-
служить пособием не только слушателей Военных школ, но и для европейцев, служащих в
Казреспублике, а также для лиц, изучающих непосредственно казахский быт», – дейді.
ХХ ғасыр басында өзге тілдік сөздерді қабылдауда мына принциптер көзделгені белгілі:
а) жат атаулардың мағынасын түсіндіргендей қазақ сөзін алу;
ə) оған қолайлы қазақ сөзі болмаса, түркі сөзін алу;
б) түркі сөзі де тура келмесе, қазақ тілінің заңына үйлестіріп еуропа сөзін алу.
«Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушылардың да осы принциптерді ұстанғаны
байқалады. Сондықтан «Тілмашта» төбелік шеңбер – полярный круг; тетік – 1) механизм‚ 2)
118
прием; бедел – авторитет сияқты сөздермен қатар нөмір, көлексие, атлас, білиəрт сияқты
атаулар да кездеседі.
Қазақ тілінің өз мүмкіндігін пайдалана отырып, термин жасау үлгісі ХІХ ғасырда да
көрініс тапқан. Белгілі ғалым Р.Сыздықова төңкеріске дейінгі сөздіктердің ерекшелігіне
тоқтала келіп, былай дейді: «Қазақ қоғамы өміріне жаңадан еніп жатқан құбылыстар мен
ұғымдардың атауын жасауда өткен ғасырдың өзінде-ақ қазақ тілі өз мүмкіндігіне иек артқа-
ны осы сөздіктерден білінеді. Мысалы, аренда – өсім; банкир – сүтхор, өсімші; работник
– жұмыскер, малай; слуга – төлеңгіт; станция – қызыл үй, бекет; темница – қараңғы үй;
хирург – сынықшы; художник – ұста, жамаушы; будка полицейского – қарауылшы үй; ком-
пания – ортақ; железная дорога, вагон, локомотив – от арба; пароход – от қайық; столе-
тие – жүз жыл; подорожная – бедерлі қағаз; баллотировка – тас салу т.б.» [12, 306].
Бұдан жоғарыда келтірілген принциптердің негізі ХІХ ғасырда қалана бастағанын бай-
қаймыз. Сондықтан ХХ ғасыр басындағы сөздік түзушілер барлық сөзге жаңа атау беруге
тырыспаған. Құрастырушылар өздеріне дейінгі, өз тұсындағы сөздіктерді байыпты зерделеп,
сөздерді саралап сұрыптаған. Мұндай үрдісті «Қазақша-орысша тілмаштан» да байқауға бо-
лады.
«Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 16 қазанындағы N662 санында «Оқушы» деген
псевдоним иесінің «Қазақша-орысша тілмашты» өте жоғары бағалап, алайда кейбір сөздердің
түсініксіз екенін айтқан сын-ескертпесіне жауап ретінде Қ.Кемеңгерұлы осы басылымның 24
қарашасында жарияланған «Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсініс» деген мақаласында:
«Тілмашқа кірген сөздердің бірсыпырасы Радловтан, Будаговтан алынған. Қазақ тіліндегі
ескі-жаңалы кітаптардан алынған», – дейді.
Бірақ «Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушылар Радлов, Будагов сөздіктерін сол
күйінше қайталамай, өз мақсатына қарай сұрыптағаны, ықшамдағаны, мағынасын кеңейт-
кені т.б. байқалады:
В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий»,
1888, 1905
« Қ а з а қ ш а - о р ы с ш а
тілмаш», 1925
Айтыс
1. разговаривать, беседовать, между собою говарить,
спорить, ссориться;
2. вести тяжкую словесную перед судьею
1) диспут;
2) дискуссия;
3) состязание в песнях;
4) прение
Айып
1. вина, преступление, недастаток, порок;
2. неприличие, все, что нарушает обычай;
3. нечестность, подлость, дурное качество;
4. пеня за незначитеьлные поступки;
5. порок
1) штраф;
2) вина
Айбар
наружность, возбуждающая страх, почтение
Демонстрация, угроза
Айғақ
свидетель, истец, доносчик
свидетель
Ермек
забава, утешение
1) забава;
2) удовольствие;
3) развлечение;
4) спорт
Айнала
окружность
1) окружность;
2) кругом (нар.);
3) среда
Емші
человек, который умеет лечит или заговаривать
болезнь
лекар
Орамал
платок, пеленка
полотенце, платок
119
Радлов сөздігінде түсіндірушілік сипат басым болса, «Қазақша-орысша тілмашты» құра-
стырушылар орысша баламасының дəл де нақты болуына көп көңіл бөлген.
Екіншіден, Радлов сөздігінде сөз мағынасы қате түсіндірілген тұстар кездесіп отырса, ана
тілінің сөз байлығын терең меңгерген «Тілмаш» құрастырушыларында мұндай олқылықтар
байқалмайды. Мəселен, В.В.Радлов сөздігінде айғыршық – маленький жеребец түрінде
берілсе, «Қазақша-орысша тілмашта»: құлын – жеребенок; жабағы – 1) джабага; шерсть
снятая с овцы весною; 2) жеребенок (в первую осень и зиму по рождении); тай – стригун;
Достарыңызбен бөлісу: |