200
расын, таяз сана мен сабырсыз мінезді, солақай түсініктерді айтып отыр. Тіпті
«...қазір осы саланың өзінде адам танымайтын ұрпақ өсіп келеді. «Оралхан
Бөкейден сұхбат алып келейін, соткасын бересіз бе?» деп зəремізді алғандар
болған»,
– дейді («Ана тілі» газетіне берген сұхбатында. №45 (1459) 1-7
қараша, 2018 жыл.).
Журналистикадағы руханисыздық жəне жауапсыздық кеселі – маман-
дықтың машақатына төзімі жетпейтіндер келешектің де талабына жау-
ап бере алмайтындығында болып отыр. Себебі, журналистиканың руха-
ни материалы ақыл ой мен сезім тұтастығымен ғана емес, өнер-білім жəне
адам құндылығының өзекті мəндерімен, əлеуметтік əрекетшілдіктерімен
тығыз қарым қатынастылығында дамитындығын ескере алмайтындығында.
Сондай-ақ ол қолданбалы техникалық құрылымдардың сұйық немесе қатты
қосындысынан тұратын физио-химиялық көрсеткішке жатпайтындығында.
Мұндағы теориялық күш – дыбыс пен əріптердің жұптастығынан туындай-
тын, энергиялық сөз қуатының құдіреттілігінен тарайтын қоғамдық ой сана
қозғалысының əлеуметтік құралдық сипатындағы саяси өнер құрамдастығымен
жəне мəдениет пен тарихи өмірдің шынайы дəйектілігінде. Ал оны саналы
түрде зерделеп, жазып, айта білу үшін, саралап, талдап, əділдік пен туралықты
таныту үшін білім мен ізденіс əрі өзін өзі жетілдіру жолдары талап етіледі.
«Күннен тарайтын сəуленің арқасында көз шын көрушіге айналады...Күн шын
көретін болуына өзі себепкер бола отырып, осы сəуленің арқасында ол өзін өзі
көреді»,
– деп (əл Фараби əлеуметтік этикалық трактаттар, «Ғылым» баспасы,
Алматы – 1975 ж. – 58 бет.). əл Фараби айтқандай журналистикасы қуатты ел
өзін өзі жəне қоғамдық, əлеуметтік қайшылықтар мен тұрмыстық өзгерістерді,
өзгелерді таниды. Демек, журналистика əлеуметтік танымдық маңызы зор
мамандық болғандықтан білетіні де, білмейтіні де соның маңайында жүр.
Алайда, оның идеологиялық сипаты мен ресми заңдылығын ажырата білмеген
жағдайда журналистиканы демократиялықтан демогогияға ауытқытады да
бақай есеп пен бақа шаянға батырады. Себебі, заман басқа болғанымен, қоғам
өзгеріске ұшырағанымен адамдар өміріндегі құндылықтар сақталады. Қай
қоғамның болмасын əлеуметтік түйткілдері бар жəне бола береді. Өйткені,
ұрпақ алмасып, келер келешектің де айтар ойлары мен шешер мəселелері
болмақ. Сондықтан, «Журналистика деген – ұлттың өзін-өзі жоғалтпауы жо-
лында күресетін мамандық», – деген Қали Сəрсенбайдың сөзін рухани цитата
ретінде қолдануға əбден реті келіп тұрған заман.
Шын мəнінде журналисти-
Достарыңызбен бөлісу: