Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет51/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Қасқабасов.С. Жаназық. – Астана: Аударма, 2002. –584 б.
2. Келімбетов Н. Шəді ақын. – Алматы: Жазушы, 1974. – 96 б.
3. Хан Кене: тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы: Жалын, 
1993. – 448 6.
4. Қоңыратбаев. Ə. Қорқыт ата кітабы. – Алматы, 1986. – 128 б.
5. Веселовскиий А.Н. Историческая поэтика. – Л.: 1940. – 646 с.
6. Өмірəлиев Қ. «Оғыз қаған» эпосының тілі. – Алматы: Ғылым, 1988. – 280 
б.
С.Б. Тілеубаев,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты;
Г.У. Ахметалиева,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
аға оқытушы
(Қазақстан)
«АРҚАЛЫҚ БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
«Арқалық батыр» жыры Қазақстан жұртшылығының қалың көпшілігіне 
Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» трагедиясы жарыққа шыққаннан бастап 
танымал болды.
Академик Р.Нұрғали бұл пьеса туралы: «Айтылмыш шығарманың туу, 
жазылу тарихына байланысты деректер шамалы. Драматургтың қолжазбасы 
сақталмаған. Бірде-бір нұсқа деп қарайтынымыз – 1926 жылы Қызылордада 
араб əрпімен басылған кітапша. Тұңғышрет пьеса 1924 жылдың 3 январь 
күні Семей қаласындағы Төртінші Октябрь атындағы клубта қазақ өнерпаз 
жастардың күшімен қойылған («Қазақ тілі». 10 февраль, 1924, №17 (406). 


193
Бұдан шығатын қорытынды: пьеса Жұматтың Зайсанда жүрген уақыттарында, 
яғни, 1922-1923 жылдары жазылған.
Көзі тірісінде Жұматтың өзі де «Арқалық батыр» трагедиясының материа-
лын халық жырынан, Ержан ақынның аузынан алған екен»,– деп жазған [1, 36 
б.].
Бұл пьеса туралы кезінде білікті пікір қозғаған академиктер – М.Əуезов 
[2] пен Ғ.Мүсірепов [3] «Арқалық батыр» жырының идеялық-көркемдік 
ерекшеліктерін жоғары бағалап, Жұмат Шаниннің халық жырын 
шығармашылық мақсатын жүзеге асыру үшін шеберлікпен пайдалана білгеніне 
тоқталған.
Аталмыш пьеса жарық көргеннен кейінгі уақыт ішінде Қазақ ССР Ғылым 
академиясының ұйымдастыруымен жүргізілген халық мұрасын жинау 
жұмыстарының барысында «Арқалық батыр» туралы жырлар мен аңыздардың 
бірнеше нұсқасы жазылып алынып, қолжазбалар қорына қабылданды. Олар 
төмендегідей нұсқалар: 
1939 жылы Құлсариев Ертай тапсырған «Арқалық батыр» жыры Қазақстан 
Республикасы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорындағы 546-бу-
мада сақтаулы.
Иса Байзақовтың айтуымен кейінен Саяділ Керімбеков қағазға түсірген 
«Арқалық батыр» жыы Қазақстан Республикасы Ғылыми кітапханасының 
қолжазба қорындағы 525-бумада сақтаулы. 
Ержан Ахметовтің айтуынан «Арқалық батыр» жырының бір нұсқасын 1958 
жылы филология ғылымдарының докторы Уахатов Бекмұрат жазып алып
М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының қолжазба қорына 
тапсырған. Жырдың осы нұсқасы Қазақстан Мемлекеттік көркем əдебиет ба-
спасы шығарған «Батырлар жыры» атты екі томдық жинақтың екінші томында 
жарияланды.
Осы кітаптың жариялануы «Арқалық батыр» жырының өлеңмен жазылған 
тағы бір нұсқасының өмірге келуіне əсер етті. Ол – Сағидолла Нұралин 
нұсқасы. Қазір М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер инсти-тутының 
қолжазба қорындағы 330-бумада сақтаулы қолжазбасының мұқабасында бұл 
нұсқа туралы: «Жинап, тапсырған – Қанағатов Т. Арқалық батыр туралы ескі 
аңызды өлеңге аударған – Сағидолла Нұралин»,– деген мағлұмат берілген [4, 
3 б.].
Жыр мəтінінен бұрын «Автордан түсінік» деген тақырыппен берілген 
мағлұматтың авторы С.Нұралин бұл нұсақаның дүниеге келу тарихын: «Осы 
жақын уақыттың ішінде Қазақ ССР Ғылым академиясы Ахметов Ержан де-
ген кісінің аузынан жазып алып, «Арқалық батыр» жырын қазақ батырлар 
жырының жинағына қосқанын көрдік. Арқалықтың бұрынғы жырын мен 
жаттап алған емеспін, бірақ Керей ақсақалдарының ауыз əңгімесінде Ержан 
айтқаннан басқарақ сияқты еді.


194
Мен қарттардың ауыз əңгімесіне негіздеп Арқалық батыр жөнінде аз қалам 
қозғағым келді. «Бұл жерде Ержан ақсақалдан асамын, анықтап жазамын», – 
деген күншілдік көңілден аулақпын. Негізгі мақсатым – «Атақты батырдың 
өмірін əркім өзі ұққанынша жазса, көмілген бейне көрнеуге шығып, жалпы 
жұрт жарамдысын алар еді», – деген пікір еді. Демек, менің жазбағым көне 
замандағы Ержанның айтқаны да емес, Абақ Керейдің ақсақалдарының жай 
сөзбен айтқан əңгімесіне негізделіп, өз қабілетімнің келгенінше өлеңмен 
болмақ. Бірақ негізгі шындық өмірде болған істің шеңберінен шығып кетпейді. 
Қайыр, енді тыңдап көріңіздер», – деп баяндаған.
С.Нұралин жазған бұл түсінікті оқи отырып, Е.Ахметов жырлаған нұсқадағы 
тарихи шындықтың арақатынасы туралы жəне жырдың алғашқы нұсқасын 
дүниеге келтірген жыршы туралы бірқатар құнды мəліметтер алуға болады.
Жырдың Сұлтан Мəжитұлы жырлаған нұсқасын Абылай Түгелбаев 
Қазақ ССР Ғылым академиясы ұйымдастырған 1963 жылғы Семей, Шығыс 
Қазақстан экспедициясының мүшесі – Телмұхаммед Қанағатовқа тапсырды. 
Бұл нұсқа қазір М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының 
қолжазба қорындағы 330-бумада сақтаулы.
Қазақстан Республикасы Орталық Ғылыми кітапханасының қолжазба 
қорындағы 366-бумада «Арқалық батыр» жырының Қабыш Мұсайынов пен 
Дəуітхан Ибраимовтар қара сөзбен баяндаған нұсқалары сақтаулы.
Алты кітаптан тұратын «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты еңбектің 1960 
жылы жарық көрген бірініші томының бірінші кітабындағы филология 
ғылымдарының кандидаты Мəлике Ғұмарова жазған «Бұрын зерттелмеген 
жырлар» атты тарауда «Арқалық батыр» жырының Е.Ахметов, И.Байзақов, 
Е.Құлсариев жəне С.Нұралин нұсқалары туралы қысқаша ғылыми мағлұмат 
берілді.
«Қазақ əдебиеті» газетінің 1963 жылғы 25 қазанында шыққан санында 
филология ғылымдарының докторы, профессор С.Садырбаевтың Арқалық 
батырдың жиналуы, жариялануы, идеялық мазмұны туралы мақаласы шықты.
Р.Нұрғалидың 1969 жылы шыққан «Талант тағдыры» жəне С.Ордалиевтің 
1969 жылы жарық көрген «Қазақ драматургиясының очеркі» атты моногра-
фияларында да «Арқалық батыр» жыры Ж. Шаниннің осы жырдың негізінде 
жазылған трагедиясына орай қарастырылған.
Монғолиялық ғалым Қабидаш Қалиасқарұлыны 1969 жылы баспадан 
шыққан «Баян-Өлгий қазақтарының ауыз əдебиеті» атты кітабында «Арқалық 
батыр» жырының Монғолияның Баян-Өлгий өлкесінде кеңінен тарағаны 
екені жөнінде жазылып, бұл туындының идеялық мазмұнынна, образдар 
жүйесіне талдау жасалған. Бұл кітаптың авторы өзі талдап отырған нұсқаны 
кім жырлағанын көрсетпегенімен, Б.Уахатов аталмыш зерттеуде келтірілген 
үзінділерге қарап, ол «Ержан Ахметов нұсқасы болар» деген болжам жасаған 
[5, 179 б.].
Е.Жақыповтың «Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. Тіл-
əдебиет сериясы» журналының 1974 жылғы 4-санында жарияланған «Шанин 


195
драмасындағы тартыс шешімі» атты мақаласында «Арқалық батыр» атты тра-
гедия мен жыр салыстырыла қарастырылады.
С.Садырбаевтың 1976 жылы жарық көрген «Фольклор жəне эстетика» 
атты монографиясының «Арқалық батыр» жырының варианттары» атты та-
рауында «Арқалық батыр» жырының таралған территориясы, нұсақалары, ол 
нұсқаларды бізге жеткізуші – Е.Ахметов, Е.Құлсариевтер туралы жан-жақты 
мағлұмат беріліп, Е.Ахметов жəне Е.Құлсариев нұсқаларына кеңінен салы-
стырмалы ғылыми талдау жасалған. Ғалымның аталған нұсқалардың тари-
хи шындықпен арақатынасы, көркемдік ерекшеліктері, ол туындылардағы 
жыршылық дəстүрдің, қоғамыдық сананың көріністері, тағы да басқа өзекті 
мəселер туралы пайымдаулары қазақ эпосы тарихындағы «Арқалық батыр» 
жырының орны туралы кең түсінік алуға көмектеседі.
1979 жылы жарық көрген «Қазақ тарихи жырларының мəселелері» атты 
ұжымдық монографияның «Арқалық батыр» атты тарауын Б.Уахатов жазған. 
Бұл ғылыми еңбектегі талдаудың нысанасына жырдың Е.Ахметов, И.Байзақов, 
Е.Құлсариев нұсқалары айналған. Бұл зерттеуде жыр аталған нұсқалары тари-
хи деректермен салғастырыла, жыршылық дəстүрге қатысы анықтала, сол кез-
ге дейінгі бұл жыр туралы жинақталған мағлұматтар толық ескеріле отырып 
талданған.
«Арқалық батыр» жыры филология ғылымдарының докторы, профес-
сор З.Сейітжанұлының қазақтың реалды тарихи эпосының ерекшеліктері 
туралы диссертациялық жұмысының, 1994 жылы баспадан шыққан «Та-
рихи эпос» атты монографиясының жəне өзге де еңбектерінің нысана-
сы болды. Аталған ғалымның еңбектері «Арқалық батыр» туралы жырлар 
мен аңыздардың барлық нұсқалары жазылып алынған, көпшілігі жарыққа 
шыққан, жариялылық заманы орнауына, еліміз егемендік алуына байла-
нысты бұрын жазуға, ашық сөз қылуға тыйым салынған жайттарды айтуға 
мүмкіндік туған, шетелдерде тұратын қандастарымызбен арадағы байланы-
стар жолға қойылып, қазақ халқы рухани мұрасын насихаттауға ешқандай 
кедергі қалмаған кезде қолда бар дереккөздерін барынша қамтып, мəселелерді 
жан-жақты қарастыра отырып жазылуымен ерекшеленеді. З.Сейітжанұлы 
өзінің зерттеулерінде еліміздің мұрағаттарында сақталып келген жырларды 
түгелімен сөз қылып, өзінен бұрынғы зерттеушілер назарынан тысқары қалып 
келген А.Түгелбаевтың нұсқасын да ғылыми айналымға енгізіп, оның үстіне 
жырдың Қытайдағы қазақ диаспорасының арасында сақталған нұсқаларында 
ғылыми ой қорытындыларына негіз етті. Соған орай, бұл еңбектерде 
«Арқалық батыр» туралы халық мұрасының жанрлық-сюжетті сипаты, образ-
дар жүйесі жəне поэтикасы мəселелері біршама жақсы шешімін тапты. Автор 
«Арқалық батыр» жəне өзге де тарихи эпос үлгілерін классикалық эпаостың 
өзге халықтар мен қазақ халқы арасында сақталған үлгілерімен диахрондық, 
синхрондық тұрғыдан кеңінен салыстыруларға барған. Автордың айрықша 
ыждаһаттылығы қаһармандық эпостың сюжеттік инвариантының тари-


196
хи эпоста, соның ішінде, «Арқалық батыр» жырында, қаншалықты көрініс 
бергенін анықтау мақсатындағы келтірген кестелерден, жыр нұсқаларының 
поэтикалық айшықтарының өзгешеліктерін теңеу жəне басқа да көркемдік 
құралдардың сандарын нақты анықтағанынан, тағы да басқа ізденістерінен 
айқын аңғарылады.
«Арқалық батыр» жырының нұсқаларын жазып алып, жариялау, зерт-
теу жөнінде Қытай Халық Республикасында да біршама жұмыс атқарылды. 
Соның нəтижесінде жиналған нұсқаларының ішінен Іле аудандық «Шалғын» 
журналында 1980 жылы Сұлтан Мəжитұлы нұсқасы, Асқар Татанайұлы 
нұсқасы, «Мұра» журналының 1983 жылғы 3-санында Жұмажан Əбілғазыұлы 
нұсқасы, 1991 жылы баспадан шыққан «Алтай қаласының қисса-дастандары» 
атты кітабында Қайса мен Дөнеш жинаған нұсқасы, 1992 жылы шыққан «Қап 
ауданының қисса-дастандарының» бірінші кітабында Кемелхан Мəженұлы, 
Қаппас Ашубайұлы, Шəмен Исаұлы жинап, бастырған нұсқасы жарияланды.
«Мұра» журналының 1983 жылғы екінші санында жариялаған нұсқаға 
жазылған алғыс сөздің авторы – Ж.Əбілғазыұлы өзінің жырдың нұсқаларын 
жинап,салыстырумен ұзақ уақыт бойы тиянақты шұғылданағаны тура-
лы жазып, ондағы негізгі мақсаты – жырдың тарихи шындықты дұрыс 
көрсететін нұсқасын табу болғандығын, осы ниетін жүзеге асыру үшін өзіне 
белгілі жыр нұсқаларын қарияларға оқып беріп, олардың пікірлерін тыңдап 
отырғанын білдіреді. Сондай ізденістерінің нəтижесінде Ж.Əбілғазыұлының 
қарастырылып отырған жырдың көптеген нұсқаларында қиялдың күшімен 
өмір шындығынан ауытқушылық кездесетінінін анықтағанынан хабардар бо-
ламыз.
«Арқалық батыр» жыры туралы құнды мəліметтерді көрнекті əдебиетші 
Асқар Татанайұлының еңбектерінен де алуға болады. Жырдың ол кісі 
жинаған бір нұсқасы 1991 жылы баспадан шыққан «Алтай қаласының қисса-
дастандары» атты кітапқа енген. «Арқалық батыр» жырын арнайы зерттеген 
ғалым – Əлия Баймаханова А.Татанайұлы жырдың бір нұсқасын жариялап 
қана қоймай, жырдың негізінде «Арқалық батыр» дастанын жазғаны туралы 
мағлұмат береді.
«Мұра» журналының 1994 жылғы 2-санында Əлия Баймаханованың «Арқа-
лық батыр жəне «Арқалық батыр» дастанының варианттары жөнінде» атты 
мақаласы жарияланды. Бұл мақаланың құндылығы онда сол уақытқа дейін 
Арқалық батырдың өзін жəне ол туралы туындыларды танып-білу жөнінде 
Қытай Халық Республикасында атқарылған жұмыстар жөнінде, Арқалық 
батырдың кім болғаны, оның заманы, жырға арқау болған тарихи шындық, 
жыр кейіпкерлерінің прототиптері, жырдағы тарихи шындық пен көркемдік 
қиялдың арақатынасы, Қытайдағы қазақ фольклортануының деңгейі жəне тағы 
да басқа өзекті мəселелер жөнінде мол мағлұмат берілетіндігінде. Ең бастысы 
– осы мақаланы оқыған адам Арқалық батырдың көптеген зерттеушілердің 
болжамындағыдай жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы соғыстың кезінде 


197
емес, бертінірек, атап айтқанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген 
адам екендігіне көзі анық жетеді. Мақаланы оқи отырып жасаған тағы да бір 
қорытындымыз: əр елдерде өмір сүрген қазақтар бертінге дейін бір-бірінің ру-
хани əлемінен мүлде дерлік бейхабар болып келгені анық байқалады. Олай 
дейтініміз: Ə.Баймаханова Кеңестер Одағында «Арқалық батыр» туралы 
жарияланған материалдардың ішінен тек «Қазақ совет энциклопедиясында» 
берілген мағлұматпен ғана таныс екенін аңғартады. 
Бұған керісінше, біздің елімізде өмір сүрген ғалымдарға Қытайдағы руха-
ни мұралар мүлдем жұмбақ, беймəлім құбылыс болып келуі де «Арқалық ба-
тыр» жыры кейіпкерінің қай дəуірде өмір сүрген адам екені жөнідегі жаңсақ 
пікірлерге жол ашып, қате пайымдауларға алып келді. Бұл олқылықтардың 
еліміздің егемендік алғанына біршама уақыт болған кездің өзінде орны толты-
рылмауы да ешкімді бей-жай қалдырмауы тиіс. Өйткені жаңа қолымыз жеткен 
тəуелсіздігімізді баянды етудің сенімді кепілдерінің бірі – мəдени мұраны игеру 
екені қазір дəлелдеуді қажет етпейді. Бұны «мəдени мұра» бағдарламасының ел 
басымыздың тікелей басшылығымен жүзеге асырылып жатқандығының өзі-ақ 
айқын байқатады. Демек, қазір игеріліп жатқан құнды рухани қазыналарының 
қатарында Арқалық батыр туралы халық туындыларын да толық əрі кешенді, 
жан-жақты зерттеу аса маңызды əрі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі екені 
өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан бұл игілікті істі кешеуілдетпей қолға алған 
жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет