Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет146/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162
Список использованной литературы:

  1. Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана.

  2. Методическое пособие «Особенности формирования функциональной грамотности учащихся основной школы при освоении дисциплин общественно-гуманитарного цикла», Астана, 2013.

  3. Формирование у подростков функциональной грамотности в сфере коммуникации. Басова Е. А Санкт- Петербург, 2012.

  4. Конфликт взаимодействия в педагогическом процессе. М. Рыбакова, М., 1991.

  5. Соловейчик С. «В.А. Сухомлинский о воспитании», М.,1975.

  6. Выготский Л.С. Педагогическая психология// М.: Педагогика, 1991.

  7. Сборник заданий по функциональной граммотности.

  8. Задания и упражнения для отработки навыков функциональной. Наталия Коршунова

  9. Формирование функциональной грамотности школьников. Ахметханова А.К.

  10. Тренды образования// платформа TopIQ.kz

«СИММЕТРИЯ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМДА, ТЕХНИКАДА


ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ»


Омарова Жанат Баймухаметовна


Математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
«15 орта мектебі» КММ,Талдықорған қаласы

Симметрия ұғымымен біз жиі кездесеміз.Симметрия ұғымы көптеген ғасырлар бойы адамзат еңбегінің тарихымен байланысты. Ол адамзат білімінің негізгі көзі болып табылады. Симметрия принципі физика және математика, химия және биология, техника және архи- тектура, көркемсурет және скульптура, поэзия және музыка саласында негізгі роль атқарады. Өзінің қайталанбас әдемі сурет құбылыстарымен бейнеленетін табиғат заңдылықтары да симметрия принциптеріне бағынады.


Симметрия дегеніміз не? Симметрия ұғымы неліктен бізді қоршаған әлеммен байла- нысты? Негізгі симметрия принциптері екі топтан тұрады.
Бірінші топта симметрияның түрі, құрылымы,орналасуы жатады.Бұл симметрия түрін көруге болады.Оны геометрияның симметриясы деп те атайды.
Екінші тобын физикалық құбылыстар және табиғат заңдылықтарына байланыстырып мінездеме беруге болады.
Көптеген ғасырлар бойы адамзат баласы өзін қоршаған ортаның екі аралықтан тұратынын зерттеп білді: бір жағынан қатаң тәртіппен орналасқан заңдылықтарды, ал екінші жағынан олардың бұзылуын түсінді.
Белгілі оқымысты Дж.Ньюмен былай деп жазды: «Симметрия-әртүрлі заттардың ара- сында таңқаларлық байланыстар, құбылыстар мен теориялар орнатады.Былай қарасын олар- ды ешнәрсе байланыстырмайтын сияқты, бірақта топтық теориясы, түрлендірулер, кеңістік құрылысы, вазалардың суреттері, гүл жапырақтары, теңіз кірпікшешенінің клеткаларының бөлінуі, қар түйіршіктері, музыка,қатнастар теориясында орын алады»
«Симметрия» сөзі екі түрлі түсінік береді.
Бір түсінікте симметрия пропорционалдық ұғыммен байланысты; әртүрлі көпбөліктердің жинақталуы арқылы бір бүтін бөлікке бірігуін көрсетеді.
Бұл сөздің екінші мағынасы тепе-теңдік ұғымымен сәйкес.
Аристотель симметрияны қатынастардың шегін сипаттайтын күй деп айтқан. Аристо- тельдің бұл тұжырымдамасынан оның табиғат заңдылықтарының құрылуының ашылуына және екі жақты мағанасы бар екеніне себепкер болғанын көрсетеді.
Пифагор және оның шәкірттері симметрияға аса көп көңіл бөлген. Пифагоршылар алғаш рет үйлесімділік гармониясын, симметриясын математикалық трактаттарда берді,ол қазірге күнге дейін өзінің мағынасын өзгертпей келеді.
Пифагордың симметрия туралы көзқарасын әрі қарай Платонның дүниетанымында кездеседі. Платон симметрияның әлемдегі әсемдігі дұрыс көпбұрыштардан тұратынын көр- сете алды.Философтар Р.Декарт және Г.Спенсер симметрияның категорияларымен айна-
лысты. Симметрияны римдік инженер Витрувий(1ғасырды) өзінің «Архитектура туралы» трактатында жазған. Ал геометриядағы симметрия туралы француз математигі А.Лежандр (1752-1833) енгізген.
Симметрияны голландық суретші Эшердің еңбегіндегі әдемі оюлардан (орнамент) көруге болады. Симметриялы оюлардың (орнамент) 17 түрі бар. Олардың барлығы да ежелде пайда болған, бірақ классификациясы 19 ғасырда белгілі болды.
Күрделі фигуралар үшін біз әзірге олардың теңдігі туралы анықтаманы білмейміз,бірақ , негізінен тең фигураларды тең емес фигуралардан ажырата аламыз.
Егер жазықтықта F /фигурасы F фигурасына тең болса, онда F фигурасын F/ фигурасына көшіретін қозғалыс табылады.
Жазықтықта барлығы төрт қозғалыс қана бар:

  1. параллель көшіру

  2. түзуге қатысты шағылу немесе осьтік симметрия

  3. нүктенің маңында бұру

  4. сырғыма немесе жылжымалы симметрия-бұл қозғалыс алдымен түзуге қатысты сим- метрия орындалып, одан кейін түзу бойымен параллель көшіру орындалатын қозғалыс.

Фигуралардың симметриялығы
Егер фигураны өзін-өзіне көшіретін қозғалыс табылса, онда фигураның симметриясы бар дейді.
Фигураның кез-келген нүктесін орнында қалдыратын түрлендіру тепе-тең түрлендіру деп аталады. Мәселен, егер фигура бұру арқылы өзіне көшсе, онда оның бұру симметриясы бар.
Өлшемдарі арқылы симметриялы фигуралардың бірі - бұл дөңгелек.
Дөңгелектің центірінен өтетін әрбір түзу оның симметрия осі, ал оның центрі бұру сим- метриясының центрі болып табылады және кез-келген бұрышқа бұруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет