(5) соны (6) ілерсің деген мағыналық компоненттерден тұрады. Енді осы мағыналық ком- поненттерінің абстракцияланған ауыспалы мағынасындағы сәйкес компоненттерді анықтап көрейік. Олар:
Ұяда - “отбасында,шаңырақта,семьяда”; нені - “тәлім-тәрбиені, үлгі-өнегені” ; көрсең - “алсаң”, “үйренсең”; ұшқанда - “есейгенде, ержеткенде, өскенде”; соны - “сол тәлім-тәрбиені, үлгі-өнегені”; ілерсің -“көрсетерсің,істерсің”болып шығады.
Сонда мақалдың жалпы ауыспалы мағынасы оның о бастағы негізгі мағынасынан тым алшақ емес, “Отбасында қандай тәлім-тәрбие алсаң, өскенде, ержеткенде соны істерсің” деген ұғымды береді.
ММ-дердің ауыспалы мағынаға өтуі, оның қандай жағдайда болмасын, айналып келіп, көбіне-көп адамның өзіне, адамдар арсындағы қарым-қатынастарға қатысты баламаға айналу тетігі осылай. Оның этнолингвистік мотивтерін сөзбе-сөз емес, кең түрде түсіндіруге болады. Мәселен, осы мақалдың ауыспалы мағынасы жалпы түрде отбасындағы бала тәрбиесіне, үлкендердің (ересектердің) жас ұрпақ алдындағы ізгі үлгісіне, өнегелі ісіне бағышталып отыр.
Осы мақалдың үлгісі бойынша басқа мақал-мәтелдердегі мағыналық сәйкестіктерді де көрсетуге болады. Мысалы, “Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме” деген мәтелді екі мағыналық компонентке бөліп, оларды:
“Сырын білмеген аттың” – “сырласболмаған,мінез-құлқынбілмегенадамға”;
“сыртынан жүрме” – “өз сырыңды айтып, бірден ақтарыла салма” (“оны алдымен біліп ал” демекші) түрінде салыстыра қарауға болады.
“Уызында жарымаған төл оңбас”. Бұл мақалдың негізгі мағынасы өмірі малды бағып- қағып, төлді өсірумен өткен малшы қауымның тәжірибесінен туындап отыр. Бұл арада уыздың (жас төлдеген малдың алғашқы 2-3 күнгі қою сүтінің) [6] жас төл үшін зор мәні ескеріледі. Сонда мынандай (екі деңгейдегі) мағыналық сәйкестікті байқаймыз:
“Уызында жарымаған” – “о бастан ас ішіп, бүйірі шықпаған, ата-анасының мейір- шабхатына жасынан бөленбеген”; “төл оңбас” – ана сүтін еміп, өспеген “жасбаладұрысадамболаалмайды”. Көрсетіп отырғанымыздай, уызында жарымаған төл мен жас баланың арасында логика- лық сәйкестік бар.
“Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді”. Мақалдың бастапқы мағынасы малшылар тәжір- биесінен алынған. Көшпелі қауым ертеден-ақ майды қарынға салып сақтаған және қарын ішіндегі май ұзақ уақыт бұзылмайтын болған. Ол үшін май таза болу керек. Ал егер бір қарын май ішіне жазатайымда бір құмалақ түсіп кеткен болса, онда ол майды иістендіріп, оның қасиетін жойып жіберетін болған.
Енді, осы тұрмыстағы нақтылы факті негізінде мақалдың мазмұнын жеке-жеке мағы- налық компоненттерге бөліп қарастырып, олардың ауыспалы мағыналарын салыстырып қарасақ, былайша болып шығады:
“Бір қарын майды” – “қауымды,ортаны,көпшілікті” “Бір құмалақ” – “жеке бір (бұзақы, жаман) адам” “Шірітеді” – “бүлдіреді, бұзады, кесірін тигізеді”. Осы мағыналық балама негізінде біз бұл мақалды: “біржаманныңкесірімыңғатиер” деген ауыспалы мағынасында қабылдаймыз.
“Балық басынан шіриді”. О баста балықшылар тәжірибесінен алынған бұл мақалдың не- гізінде де өмір шындығы бар. Күннің көзінде, тағы басқа жағдайсыз жерде көп жатып қалған балықтың [7] бұзылуы басынан басталатыны белгілі. Өйткені суда еріген оттегі мен тыныс алатын балық бірден-бір демалатын органы – желбезегінен бұзылатыны белгілі. Балықтың басында орналасқан осы желбезекке су үлесі жетпей қалса, ол біраз уақыттан соң тіршілік етуін тоқтатады. Содан соң балық басы иістеніп, шіри бастайды. Енді осы мақал мынандай мағыналық сәйкестіктер негізінде адамға қатысты ауыспалы мағынасында қолданылады:
“Балық” –“жалпықоғаммүшесі,белгіліортаныңөкілі”; “Басына” – “ұйымдастырушы,ақыл-кеңесберуші,лауазымдыадам тарапынан”; “Шіриді” – “бұзылады,соларданбастапжаманжолға түседі”. Басқаша айтқанда: “Кез келген ортаның, ұжымның, қауымдағы адамдардың жақсы, жаманболмағысолқауымныңбасындаотырғанадамғабайланысты.Оларбұзылабастаса, ұжым да бұзылады” деген сөз. Өйткені ұжымның барлық жұмысы, мақсат-мүддесі, талап- тілегі басшысына байланысты.
Демек, ММ-дердің о бастағы тәжірибе негізінде қалыптасқан мағынасы мен жүре пайда болған және көбінесе адамның өзіне бағышталған туынды мағына арасында логикалық, мотивтік байланыс бар деген сөз. Зерттей келгенде ММ-дердің негізгі идеясы – бірінші тура мағынада айтылатын ММ-дермен ұштасып, ұласып жатады.