Аңдатпа. Мақалада мамандарды кәсіби даярлау мәселесі және жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары үшін қажеттілігі талқыланады. Жұмыс берушілер тарапынан болашақ мамандарға қойылатын талаптар – олардың іскерлік, дағды және құзеріттілік деңгейіне дейін көтерілуде. Зерттеудің мақсаты – кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқыту әдістемесін анықтау және сипаттау. Жұмыста отандық және шетелдік педагогикалық тәжіри- беде кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері талданады. Кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына жауапты кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті, оның ішінде когнитивтік, тілдік-мәдени, әлеуметтік-мәдени субқұзыреттіліктер қалыптастыру және дамыту. Ол ушін кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстү- рімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру, шет тілдік қарым-қатынас жағдайында өндірістік есептерді шешу қабі- летін қалыптастыру қажет. Мақала кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған. Мақалада қазақ тілін кәсіби қарым-қатынас саласында оқыту мәселелері көрсетілген. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі бола отырып, болашақ маманның кәсіби бағдарын қалыптастыру құралы қызметін атқарады. Мазмұны жағынан «Кәсіби қазақ тілі» пәні студенттердің танымдық ой-өрісін кеңейтуге, болашақ мамандар- дың тұлғасын әлеу-меттендіруге, көпұлтты және көпмәдениетті әлемде өмір сүруге дайындауға арналған. Мақа- лада кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқытудың жаңа тәсілдері ұсынылған: бүкіл оқу процесіне кәсіби-бағдар- ланған бағыт беру; оқушының коммуникативті, ынталы әрекеті; кәсіби қарым-қатынаста болашақ маманның нақты коммуникациялық қажеттіліктерін ескеру; жазбаша және ауызша қарым-қатынас кезінде де кәсіби ерек- шеліктерді ескеру. Жоғары оқу орында-рының студенттерінің кәсіби қазақ тілінде коммуникативтік дағдыла- рын қалыптастыру мамандық бойынша сөздік қорын дамытумен қатар қазақ тіл білімінің лингвистикалық ережелерінің қағидаларын жетік білуге тікелей байланысты.