Тірексөздер.Қазақ тілінде оқыту, кәсіби-бағдарлы білім беру, кәсіби бағдарланған тіл, кәсіби бағдарланған қазақ тілін оқыту, кәсіби-коммуникативтік құзыреттілік
Негізгіережелер Кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқыту өзектілігі болашақ мамандарды дайындаумен байла-нысты қажеттілік- пен анықталады. Кәсіби-бағдарлы тілді оқыту мәселелері кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында шешілуі тиіс. Бұл мәселені қарастыру барысында біз келесі аспектілерді қарастырдық: құзыреттілікке негізделген тәсіл теориясы, кәсіби мәтінмен жұмыс істеудің ұтымды әдістері, кәсіби мәтін түрлері. ЖОО-да кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа жағдайда жеткілікті дамымаған күйінде қалып отыр. Студенттердің кәсіби- коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, оны дамытуға бағытталған тапсыр-малар мен жаттығуларды іріктеу мәселелері толық шешімін таппаған.
Кіріспе
Қазіргі таңда жоғары оқу орнында кәсіби бағдарланған тіл курсын оқымай, нарықта бәсекеге қабілетті маман болу мүмкін емес. Ол үшін білім беру жүйесінің алдында да жаһан- дық міндет – кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқытудың жаңа стратегияларын жүзеге асыру мін- деті тұр. Маманды табысты ететін – қазақ тілін практикалық білу. Оның қазақ тілінің ком- муникативтік және сөйлеу дағдыларындағы жетістіктері әріптестерімен кәсіби және басқа да байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы көптілді білім беру тұжырымдамасы мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатындықтан, жоғары оқу орнының студенттері мемле- кеттік тілді «әңгімелесу» кезеңінде біледі. Олар қазақ тілінде өз ойын жеткізе алады, сөй- леуді, фильмдерді, музыканы пайымдап, түсінеді, бірақ қазір олардың алдында жоғары кәсі- би білім деңгейінде, көптілді білім беру аясында, меңгеру сияқты жаһандық мақсат тұр.
Кәсіби-бағдарлы білім беру деп білім алушылардың кәсіптің немесе мамандықтың айрық- ша белгілеріне байланысты шет тілін (бұл жағдайда қазақ тілін) меңгерудегі қажеттіліктерін есепке алуға негізделген білім түсініледі. Қазақ тілін жалпы білім беру және әлеуметтендіру мақсатында оқытудан басты ерекшелігі де осында. «Кәсіби-бағдарлы оқыту» термині лин- гвистикалық емес университетте мамандық бойынша әдебиеттерді оқуға, кәсіби лексика мен терминологияны зерделеуге бағытталған шет тілін оқыту процесіне қатысты қолданылады, ал соңғы кездегі кәсіби қызмет саласы қаралады.
Бұл курстың түпкі мақсаты – әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін дамы- туға бағытталған кәсіби маңызды ақпарат алу үшін қазақ тілін қолдану мүмкіндігін беретін тілдік және сөйлеу құзыреттілігінің негізі.