Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет17/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162
Кілт сөздер: практикалық грамматика, құрылымдық-семантикалық, функционалды -
коммуникативтік аспект, қатысым құралы.


Академиялық грамматика және Қазақ тілінің практикалық грамматикасы


Қазақ тілін екінші тіл ретінде, шет тілі ретінде оқыту негізінен Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері басым бағытта жоғары оқу орындарында оқытылып жүр. Содан бері практика- лық грамматика өз бағытына бастау алып келеді. Қазірге дейін екі грамматика арасындағы айырмашылықты түсінбеушілік бар: шетелдіктерді оқытып үйретуге арналған грамматика теориялық грамматиканың жеңілдетілген, күрделі емес түрі деген пікір бар. Сондай - ақ
қазақ тілінің екінші тіл ретіндегі грамматикасы академиялық грамматикаға қосымша болып табылатын әдістеме сияқты дейтін де пікірлер бар.
Практикалық грамматиканың концепциясы құрылымдық-семантикалық аспект мен функционалды - коммуникативтік аспектінің бірлігі ретінде сипаттау принциптеріне негіз- делген. Бұл дегеніңіз практикалық грамматика негізінде грамматиканы қатысым құралы ретінде сипаттау жатыр деген сөз.
Қазақ тілі ( екінші тіл ретінде, шет тілі ретінде) практикалық грамматикасы көп жағдай- да, шындығында, қазақ тілділерге арналған грамматика ұстанымдарын қайталай отырып, көптеген кезеңдерден өтті, қазір лингвистикалық ғылымның өз бетінше бір саласы ретінде дамуда. Біздің айтпағымыз қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға, қазақ сөзін оқытуға арналған практикалық грамматиканың лингвистикалық негіздемесін сипаттау. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту грамматикасы жоғары оқу орындарының білім беру жүйесінде филологияның өз бетінше оқу пәні ретінде мойындалған грамматиканың өзгеше типі.
Қазақ тілі практикалық грамматикасы қазақ академиялық грамматикасымен тығыз байланысты, себебі оның жетістігін, нәтижелерін пайдаланады, оған сүйенеді, сондай - ақ өз зерттеулерінде, оқыту практикасында жаңа теориялық идеялар қолданады. Екі грамматика арасында айтарлықтай айырмашылық бар: академиялық грамматиканы лингвисттер және болашақ лингвисттер оқиды. Бұл грамматикада тіл – ғылыми зерттеу объектісі. Осындай грамматикамен тілді үйрету – қиын. Шет тілі ретіндегі қазақ тілі практикалық грамматикасы практикамен байланысты, үйретуге арналаған, грамматикалық заңдылықты оқытуға арна- лаған, тіл және оның бірліктерінің сөйлеудегі қызметін көрсету. Қазақ тілінің практикалық грамматикасы оқытушы қолына шетелдікті қазақ тілін меңгертуге, қазақша сөйлеуге мүм- кіндік беретін мәліметтерден, сипаттау, баяндаудан басталады. Бұл грамматиканың мақсаты – тілді қолданыс объектісі ретінде сипаттау, қазақ тілін үйреніп, оны пайдаланғысы келе- тіндер үшін сипаттау. Бұл грамматика коммуникативтік талаптарға қажет тілді меңгеру мате- риалдарынан тұрады.
Академиялық грамматика танымдық грамматика, бұл кітап тіл туралы, теория кітабы. Ал практикалық грамматика тілді үйретуге арналған, бұнда грамматикалық заңдылықтар, сөйлеудің пайда болу технологиясы жазылады. Екі грамматика арасындағы байланыс көп қырлы: бұл дегеніңіз – толықтыру, қиысу ұстанымдарына негізделген өзара байланыс, өзара қатынас. Академиялық грамматиканың көптеген идеяларын, нәтижелерін пайдалана отырып, практикалық грамматика өз кезегінде оны байытады, жаңа фактілерге, объектілерге назарын аудартады, жаңа мәселелер көтереді. Академиялық грамматикада оқыту практикасына емес, таза теориялық мүддесі бар сұрақтар қарастырылады.
Сонымен, практикалық грамматика адресатымен, мақсат міндеттерімен ерекшеленеді. Қазақ тілі практикалық грамматикасы дегеніміз – тілдік бірліктердің семантикалық ерек- шеліктері мен құрылымын және олардың коммуникативтік мақсаттарға қатысты қызметін ашуға, шетелдіктерге қазақ тілін меңгертуге арналған қазақ тілінің лингвистикалық сипат- тамасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет