Атмосферағашығарылатынзияндықалдықтардыңмөлшерінматематикалық есептеу арқылы көрсету 4.1-есеп. 2002 жылы Ақтөбеде 48000 автокөлік болды. Әрбір автокөлік күніне 25кг жанармай жағады, оның 80%-ы атмосфераға газ түрінде таралады. Қала автокөліктері күніне атмосфераға қанша зиянды қалдықтар шығарады?
Шешуі:
48000•25=1200000кг=1200т
1200т — 100%
Х — 80% Сондықтан х==960 (т)
Жауабы: Қала автокөліктері күніне атмосфераға 960т зиянды қалдықтар шығарады.
4.2-есеп. Ақтөбе ферросплав заводында атмосфераға зиянды заттар шығарудың 112 көзі бар. Олардың 53-і ғана газ – шаң ұстайтын қондырғымен жабдықталған. Неше проценті газ – шаң қондырғымен жабдықталған?
Шешуі:
1) 112 — 100%
53 — х% Сондықтан 112х=5300 х=47,32 (%)
Жауабы: 47,32 %-ы газ – шаң ұстайтын қондырғымен жабдықталған.
4.3-есеп. Жеңіл автомобильдің двигателі күн бойына 20 кг жанғыш қоспа жақса, қоршаған ортаға қанша көлемде улы (зат) газ бөліп шығарады? Жанғыш қоспаның о0С температурада тығыздығы 0,002кг/м3.
Шешуі: V=m/p=20/0,02=10000 (м3) Жауабы: 10000 м3 улы газ бөлінеді.
4.4-есеп. 1988 жылы Ақтөбе облысының 172 кәсіпорны атмосфераға 121600т ластанған заттар шығарған, бұл көрсеткіш 1989 жылы 166636 т-ға жетті.
Қанша тонна артық шығарған?
Жауабы: 1) ластанған зат 45036 тонна артық шығарылған.
37,04% артқан.
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик Әл-Фараби: «Табиғат математикалық және геометриялық дәлдікпен жаратылған, оны орнынан сәл қозғасаң, дүниенің тас - талқаны шығады», - деген. Әрбір табиғаттың құбылысынан математикалық заңдарды шығарып алуға болады. Математика ғылымы табиғатты адам игілігі үшін мәңгілікке сақтап қалуға көмек- теседі. Математикалық білім негізі қандай сала мамандары үшін де табыс кепілі екені өмірде дәлелденген. Математикалық ойлаудың айтпаса болмайтын құдіреттілігінің күштілігі сонша, адамзаттың дүниежүзілік ғұлама, ғалым лауазымын иеленуі үшін математикалық білімнің қажетті екенін тарихи деректерден көруге болады.
Математика ғылымын зерттеу барысында, экологиялық құпиялардың шешімін табуға болады деген тұжырымға келдім. Әртүрлі баспасөз деректерінің мәліметтерін зерттеп, мате- матика мен экология арасындағы тығыз байланысты білдім. Математиканың табиғатты мәңгілікке таза, мол қазыналы, сұлу қалпында сақтап қалуға қосатын үлесі мол. Демек, мате- матика ғылымын қолданбай табиғатты ұрпақ игілігіне сақтап қалу мүмкін емес. Сондықтан табиғат пен жер – ананы аялап, оларды қамқорлық пен қорғау – әрбір адамзаттың міндеті.
Адам табиғаттың құрамдас бөліктері: су, ауа, жасыл желектер және жер қойнауындағы табиғи байлықтарынсыз тіршілік ете алмайды.
Қортындылай келе экологиядағы математика саласы бізге өте қажет деп білемін.