Адамзатбаласыныңәл-ауқатын,тұрмысын,мәдениетінжақсартудасуқажеттілігін математикалық тұрғыда көрсету. есеп. Жер бетіндегі су қорының 96,5%-і дүниежүзілік мұхиттардың, 1,7%-і мұздықтардың үлесіне тиеді. жер бетіндегі су қорының мұхиттарға, мұздықтарға тиісті үлестерінің дөңгелек диаграммасын сыз.
Шешуі:
100%-3600
1%-3,60
3,60 х 96,5=347,40
3,60 х 1,7=6,120
есеп. Тірі организмнің өмір сүруі үшін организмдегі судың қалыпта мөлшерін сақталуы қажет. Адам массасының 65%-і, жануарлар массасының 59%-і, үйректер массасының 70%-і, балықтар массасының 75%-і және медуза массасының 99%-і су. Аталған организмдердегі судың проценттік мөлшерін бағанды диаграммада көрсетіңдер.
Судың проценттік шамасы ең азы қай организм?
Судың проценттік шамасы ең көбі қай организм? Шешуі:
Судың проценттік шамасы ең азы — жануарлар.
Судың проценттік шамасы ең көбі — медуза.
есеп. Сыйымдылығы 200 л бөшкедегі бензиннің массасы қандай болса, сондай суды құю үшін сыйымдылығы қандай ыдыс керек?
1 дм3=1л бензиннің массасы 710 г 1дм3=1л судың массасы 1 кг .
Шешуі:
Бөшкедегі 200 л бензиннің массасын килограмм есебімен табамыз: 200 х =142 (кг)
Табылған шамаға тең судың массасы көлемі қандай ыдысқа сыяды? 142 : 1=142 (л).
Жауабы: 142 л.
есеп. Хауызға үш құбыр жүргізілген. Бірінші және екінші құбырлармен хауызға су құйылса, үшінші құбырмен су хауыздан ағады. Бірінші құбыр хауызды 6 сағатта, ал екінші құбыр 8 сағатта толтырады. Үшінші құбырмен толық хауыздағы су 10 сағатта ағып бітеді. Құбырлардың үшеуінен де су ағып тұрса, 1 сағаттан соң хауызда қанша су болады?
Шешуі:
Бірінші құбыр 1 сағатта бассейннің қандай бөлігін толтырады? бөлігін толтырады.
Екінші құбыр 1 сағатта бассейннің қандай бөлігін толтырады? бөлігін толтырады.
Үшінші құбырдан 1 сағатта бассейннің қандай бөлігіндей су ағады? бөлігіндей су ағады.