Тәжірибе №2
Ауаны зиянды газдармен ластамау, атмосфера тазалығын сақтау мен жалпы ауаның құрамына есептер шығару
есеп. Адам демімен бірге тәулігіне 400 л көмір қышқыл газын шығарады. 1 м3 көмір- қышқыл газының массасы 1,98 кг. Адам демімен тәулігіне неше килограмм көмірқышқыл газын шығарады?
Ескерту: 1л=1дм3. Шешуі:
400 л=400 дм3=0.4 м3;
0,4х1,98=0,792 (кг).
Жауабы: 0,792 кг
есеп. Ауаның 78%-і азот, 21% оттегі қалғаны әр түрлі газдар. Ауадағы азоттың, оттегінің, түрлі газдардың дөңгелек диаграммасын сыз.
Шешуі:
100% -3600;
1% -3.60;
3.60 x 78 = 2810 (азот);
3.60 x 21 = 760 (оттегі;)
3600 — (2810 + 760)=3600-3570=30 (әр түрлі газдар)
есеп. Ересек адам минутына 16 рет дем алады және бір дем алғанда 0,5 литр ауа жұтады. 1 литр ауаның массасы 1,23 грамм болса, ересек адам 1 минутта неше грамм ауа жұтады?
Шешуі:
16 х 0,5 =8 (л);
8 х 1,23 =9,84 (г)
Жауабы: 9,84 грамм.
есеп. 1 м3 ауаның массасы 1,3 кг. Бөлменің өлшемдері: 7,5 м; 5,4 м; 3,2 м. Бөлме ішінде ауаның массасын табыңдар.
Шешуі:
7,5 х 5,4 х 3,2 = 129,6 (м3);
129,6 х 1,3 =168,48 (кг).
Жауабы: 168,48 кг.
есеп. 1 га орман жаздыгүні тәулігіне 280 кг көмірқышқыл газын жұтады да, одан 1,28 есе аз оттегі бөліп шығарады. 5 га орман жаздыгүні тәулігіне қанша оттегін бөліп шығарады?
Шешуі:
280 : 1,28 = 218,75 (кг);
218,75 х 5 = 1093,75 (кг).
Жауабы: 1093,75 кг.
Достарыңызбен бөлісу: |