Оқу-танымдық тапсырмасы – өзіндік оқу жұмысының мазмұны мен көлемі тұрғысын- дағы түрлері. Мұғалім нұсқауымен оқушылар орындаған оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі және оны белсендірудің маңызды құралы. Олар оқытудың барлық кезеңдерінде қолданы- лады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, ақыл-ойын ынталандыруды қажет ететін тапсырмалар өте құнды болады. Оқу-танымдық тапсырмасы оқушының оқу жұмысын ұйым- дастыру дағдысын, өз күштерін дұрыс бағалау, алға қойылған мақсатқа жетудің неғұрлым анық құралдарын дұрыс таңдауын қалыптастырады.
Зерттеу жұмысымызға байланысты оқу-танымдық тапсырмалар жүйесін ұсынамыз.
Дүниетану пәні бойынша оқу-танымдық тапсырмалар:
Топтық жұмыс. (Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» тәсілі) Постер қорғау
Бағалау критерийі
Жойылып бара жатқан жануарлармен таныса отырып, оларды қорғау жолдарын ұсынады.
Дескриптор:
Келесі ұсынылған оқу-танымдық тапсырма: «Жер қабықтары қалай орналасқан?» тақы- рыбындағы зерттеу жұмысы арқылы топтық жұмыс орындатылды. Жұмысты орындау үшін жаңа тақырыпты оқушыларға аштырып, оның мазмұнын түсінуге, білімді өздіктерінен алуға жағдай жасай білді. Мысалы: «Жер қабықтары» атты бейнероликті көрсете отырып, жетекші сұрақтарға, атап айтқанда: «Ғаламшарымызды қорғап тұрған ауа қабығы мен жердің қатты қабығы қалай аталады? Жердің мұхит пен теңіз, көл мен өзен суларынан тұратын қабығын қалай атаймыз? Өсімдіктер, құстар, бунақденелілер, жануарлар және адамзат тіршілік ететін жер қабығы не деп аталады?» - деген сұрақтарға жауап алу барысында «Атмосфера», «Лито- сфера», «Гидросфера», «Биосфера» деген сөздерді айтқан оқушы жауабынан соң, бүгінгі өте- тін тақырып «Жер қабықтары қалай орналасқан?» деп аталатындығын айтты.
Дескриптор:
Жер қабықтарының орналасу ретін біледі;
Атмосфера-ауа мен су буынан тұратын күрделі жүйе екендігін ажырата алады;
Ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей алады;
Биосфера-жердің тіршілік қабығы екендігін ажырата біледі;
3 кесте – Эксперименталды және бақылау тобындағы оқушылардың креативтілігінің даму деңгейі
Оқушылардың ішкі
мотивациялық деңгейі
|
Эксперименталды топ
|
Бақылау тобы
|
Эксп дейін
|
Эксп кейін
|
Эксп дейін
|
Эксп кейін
|
Төмен
|
15.3%
|
5,1%
|
17.7%
|
14,5%
|
Орташа
|
61.0%
|
54,2%
|
59.7%
|
61,3%
|
Жоғары
|
23.7%
|
40,7%
|
22.6%
|
24,2%
|
4 кесте – Экспериментік және бақылау тобындағы респенденттердің «Оқу мотивация- сының бағытын диагностикалау әдістемесі» (Т.Д.Дубовицкая) нәтижелері
Шкалалары
|
Экспериментке дейін
|
Эксперименттен кейін
|
ЭТ
(n=58)
|
БТ
(n=63)
|
ЭТ
(n=58)
|
БТ
(n=63)
|
Білімнің құндылығы
|
62,39%
|
67,62%
|
93,22%
|
72,58%
|
Пәнді оқудағы дербестік
|
55,65%
|
70,45%
|
89,83%
|
64,52%
|
Пәнді оқудағы пассивтілік
|
74,78%
|
80,05%
|
67,80%
|
85,48%
|
Пәнді меңгерудегі қиындық
|
74,86%
|
79,63%
|
84,75%
|
77,42%
|
Пәнге деген қызығушылық
|
51,64%
|
67,47%
|
88,14%
|
59,68%
|
Оқуға теріс көзқарас
|
75,30%
|
70,05%
|
81,36%
|
75,81%
|
Пәнге теріс көзқарас
|
81,65%
|
68,33%
|
79,66%
|
66,13%
|
Жоғарыда көрсетілген 3, 4 кестелерден көріп отырғанымыздай экспериментіміздің ба- сында және эксперимент соңындағы көрсеткіштер арасында пайыздық көрсеткіштердің өзгергендігін байқаймыз.
Қорытындылай келе, тәуелсіз бағалау жүйесіндегі критериалды бағалаудың тиімділігі бойынша төмендегідей ой тұжырымдауға болады:
Бағалау әр оқушының өзіне сыни көзқараспен қарап, өзінің мүмкіндігін бағдарлай білуі, ойын жинақтай алу қабілеттілігінен көрініс табады. Өзін-өзі бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |