Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


§ 3 Су – тіршіліктің қайнар көзі



бет79/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162

§ 3 Су – тіршіліктің қайнар көзі.
§4. Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшері.
Табиғи ортаға жанашыр көзқарасты, табиғатты қорғау, көркейту, оның сұлулығын ұғынатын жауапкершілікті сезіну.
1.1 есеп.Егер Қазақстан Республикасындағы тұратын адамдардың әрқайсысына 0,7 гектар ағашты жерден келетін болса, өздерің тұратын қала мен облыс халқына қанша гектар ағашты жер қажет? Ақтөбе қаласының халқы 375 мың. Ақтөбе облысындағы халық 673 мың.
Шешуі:

  1. 375000 х 0,7 = 262500 (га)

  2. 673000х0,7=471100 (га)

Жауабы: 262500га қала халқына, 471100 га облыс халқына ағашты жер болуы қажет.
1.2.-есеп.Орманшы 2875 га жерге ағаш отырғызды. Барлық жердің 80 % қайың, қалған жердің 75% -іне емен, одан қалған жердің 24 % қарағай, қалған жерге жеміс ағаштарын отырғызды. Жеміс ағаштары қанша ауданға отырғызылды?
Шешуі:

  1. 2875 80/100=28754/5=2300 ( га қайың);

  2. 2875-2300= 575 (га қалған аудан);

  3. 575* 75/100=575*4/3 = 431 4/3 ( га емен );

  4. 575 — 431 ¼ =143 ¾ (га қалған аудан);

  5. 143 ¾ * 24/100 = 575/4 * 6/25 = 6/25 = 34 ½ (га қарағай);

  6. 143 ¾ — 34 ½ =109 ¼ ( га жеміс ағаштары). Жауабы: 109 ¼ га жеміс ағаштары отырғызылды

    1. есеп. 1 гектар самырсын орманы ал 1 гектар жерге егілген тозаңды жұтады. Самырсынға қарағанда 6 есе шаң тозаңды артық жұтады екен. 3,2 гектар самырсын ор-

маны қанша, 2,3 гектар жерге егілген қарағаш қанша шаң тозаңды жұтады?
Шешуі:

  1. 3,2х6=192 (т қарағаш)

  2. 3,2х32=102,4 (т шаң тозаңды самырсын орманы жұтады)

  3. 192х2,3=441,6 (т шаң тозаңды қарағаш орманы жұтады)

Жауабы: 3,2 гектар самырсын орманы102,4, ал 2,5 гектар жерге егілген қарағаш 441,6т шаң тозаңды жұтады.

    1. есеп. Орман шаруашылығының ережесі бойынша жылына 1 га орман алқабынан 1,38 м3 көлемде ғана ағаш кесуге болады және оның орнына ағаш отырғызылуы тиіс. Егер бір гектар орман алқабынан 5,52 м3 ағаш кесілсе:

  1. ол нормадан неше есе артық?

  2. 10 жылда орман алқабының әр гектарынан нормадан тыс қанша көлемде ағаш кесіледі? Шешуі:

    1. 5,52:1,38= 4 (есе артық)

    2. 5,25-1,38 х10=41,4 (м3)

Жауабы: 10 жылда әр гектардан 41,4 м3 көлемде ағаш кесіледі. (нормадан тыс)

    1. есеп. Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды. Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар санынан 1,4 есе көп. 13 ағашты бірінші көшеден екін- ші көшеге ауыстырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар саны бірдей болады. Алғашқыда әр көшеге қанша ағаш отырғызылды?

Шешуі:
Алғашқыда әр көшеге х ағаш отырғызылды деп алайық. Есептің шарты бойынша теңдеу құрып, оны шешйік.
1,4х-13=х+13
1,4х-х=13+13
0,4х=26 х=26:0,4 х=65
Жауабы: 65 ағаш отырғызылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет