Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Жұмыла көтерген жүк жеңіл



бет111/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу тақырыбында: денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің теңәрекетті күші деп аталады. Яғни жүк ауыр болса, бірнеше адам жұмыла көтерсе барлығының күші қосылып жүкті жеңіл көтереді.

  • Оқу инемен құдық қазғандай. Қысым – белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтады. Бұл жерде иненің ұшы өте жіңішке және бетінің ауданы аз болған сайын көп қысым түсіретінін біз білеміз.Яғни білім алу үшін өте көп миға қысым түседі.

  • Күннен де білім жарық. Бұл мақалда «Жарық құбылыстары» есепке аласа болады. Негізгі жарық көзі болып күн саналады және айналасына сәулесін шашады. Білімді кун жарығымен теңеген.

  • Тас түскен жеріне ауыр. Бұл мақалда физиканың салмақ деген ұғымын түсіндіруге болады. Осы мақалды қолданып тура мағынада айтатын болсақ тас өзі жатқан жеріне әрқашан салмақ түсіреді.Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші салмақ деп аталады.

  • Жамандық қылғанға-Жақсылық қыл. Бұл мақалды Ньютонның екінші заңына сәйкестірсек; арқашан бір күшке қарама – қарсы күш бар болады. Жамандық пен жақсылық қарама – қарсы күштер деп айтуға болады.

  • Балық аулай алмаған суды лайлар. Осы мақал арқылы диффузия құбылысын түсіндірсе болады, яғни балық аулай алмасаң судың балшығын шығарып лайлайсың яғни балшық молекулалары мен су молекулаларының үздіксіз қозғалысы нәтижесінде диффузия құбылысы өтеді. Диффузия – бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары арасын- дағы бос кеңістікке енуі, немесе араласу деп аталады.

  • Аузы күйген үрлеп ішеді. Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады. Күнделікті өмірде биз ас ішкенде, ыстық шай ішкенде үрлейміз бұл жерде біз кебу процессін жылдамдатып жатырмыз. Кебу жылдамдығы яғни биз физика курсынан білетіндей желге

    тікелей тәуелді болатын, жел бу молекулаларын сұйықтан ұшып шыға салысымен ілестіріп әкетіп отырады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет