Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Ауру желмен кіріп, Термен шығады



бет112/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Ауру желмен кіріп, Термен шығады


  • Тер шықпаған кісіден, Дерт шықпайды. Диффузияның рөлі мен оның қолданылуы кеңінен танымал. Адам организіміндегі диффузияның мәні зор. Оттег ауадан өкпенің қан қылтамырларына диффузия жолымен өте отырып бүкіл организмге тарайды. Көмірқышқыл газы араласу арқылы қан қылтамырларынан өкепінң ауа қапшықтарына өтеді. Тағамдағы қоректік заттар клетканың ішінде араласады. Сонымен қатар, адам терісі арқылы да тыныс алады, айналадағы нашар экология, темекі түтіні адам терісі арқылы ішкі организмге диф- фузия арқылы өтеді. организмдегі зиянды, артық заттар тер арқылы шығады. Міне мақалдың физикалық мағынасы.
  • Көсеу ұзын болса қол күймейді


  • Қол жұмылмай жылынбас. Осы мақалды қолдана отырып жылу берілудің түрі жылуөткізгіштікті түсіндіруге болады. Ішкі энергияның көбірек қызған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады.

  • Нөсер алдында найзағай ойнайды. Бұл мақалдағы найзағайды электр ұшқындары деп қарастырса болады. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин 1706-1790 жж ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай әртүрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр ұшқыны.

  • Күн күркіресе көп дүркірер. Күнің күркіреуі дыбыстың ауада бойлық толқын арқылы таралуы. Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс ауада баяуырақ тарайды. Сондықтан да найзағай жарқылынан кейін күннің күркіреуі жайырақ естіледі. Жарық аса зор 300 000км/с жылдамдықпен таралатындықтан найзағай жарқылын біз сол мезетте ақ көреміз, ал күннің күркіреуі бізге сәл кешігіңкіреп жетеді. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы шамамен 330-340 м/с –қа тең.

  • Қыстың көзі қырау. Десублимация құбылысы яғни қырау қай кезде пайда болады қыста үйдің ішкі жақ терезесінде , үй ішіндегі ауадағы су буы бірден қатты күйге ауысады. Немесе даладағы өсімдіктерді аязда қырау басады, бұл да ауадығы су буының бірден қырауға яғни қатты күйге ауысуы. Десублимацияға кері процесс сублимация, яғни қатты күйден бірден газға ауысу процесі



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет