«Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: Жіберген қатенді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.
«Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді»мақалының тәрбиелік мәнін аштық: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста болатын- дығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.
«Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады»мақалының тәрбиелік мәнін ашамыз: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.
«Оттыүрлегенжағады,Шындықтыіздегентабады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.
«Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.
«Азықсыз адам алысқа бармайды».Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.
«Тонның жылуы терісінен емес - жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.