Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет155/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.Қадашева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005

  2. Асхат Әлімов. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Астана, 2014.

  3. Ж.Дәулетбекова, А.Рауандина, М.Дусимбаева. Алматы. Атамұра 2019.

  4. Байтұрсынов А. Тіл құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері/ Тіл тағылымы.-А.,1992

PISA ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ




Тазабекова Анар Нурмухамедовна


Математика пәнінің мұғалімі, 15 орта мектебі КММ Талдықорған қаласы

«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»


Питер Клайн

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушы- лығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық. Қазіргі жағдайда пиза тапсырмалары арқылы білім- мен, әсіресе математика саласында оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің қай саласына болса да аса қажетті. Пиза тапсырмалары оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруін көздейді. Пиза тапсырмалары нақты түрде ұсынылмайды тікелей оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушы- лығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.


Білімді игерудегі мектептің негізгі міндеті – оқушылардың машықтануын, сонымен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту. Мектеп дербес ойлап әрекет жасай алатын жас ұрпақты болуы тиіс.Оқушылардың абстракциясын, өзіндік ойлау мүмкіндіктерін арттыру жолдарын іздестіру, қарастыру қажет.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын артты- ра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.[1]
Қазақстан оқушылары TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда.
Оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларға қолдана білуі үшін PISA Халықаралық бағдарламасы 2000 жылдан бастап енгізілді және үш жылда бір рет өткізіліп отырады.Бұл емтиханға 15 жастағы балалар қатысады. Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, оқу сауаттылығы тексеріледі.
Жаратылыстану сауаттылығы- қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерін ғылым мен технологияға сүйеніп танып білу және қоршаған әлемді түсіну. Математикалық сауаттылық –оқушылардың қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді танып білу және оларды математикалық әдістерді қолдана отырып шешу.
Оқу сауаттылығы-жазбаша мәтінді оқу,мазмұнын түсіне білу және оқу барысында мең- герген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайда қолдана білу.
Зерттеуің әрбір кезеңінде осы аталған бағыттардың біріне ерекше көңіл (тестің үштен екі бөлігі) бөлінеді. Мысалы: 2000 жылы-оқу сауаттылығы,
2003 жылы-математикалық сауаттылық, 2006 жылы-жаратылыстану сауаттылығы, 2009 жылы-оқу сауаттылығы, 2012 жылы-математикалық сауаттылық, 2015-2018 жылы-жараты- лыстану сауаттылығына басым көңіл бөлінді.
PISA тестінің математикалық сауаттылық бағытындағы бағалау технологиясы осы беріл- ген жас санатындағылардың математикалық білімді логикалық тәсіл мен математикалық түйсікті талап ететін жағдайларда қолдану мүмкіндігін тексереді. Осылайша, «математика- лық функционалдық сауаттылық» ұғымының басты тезисі білімгерлердің: - математикалық тапсырмаларды шешу арқылы қоршаған ортада туындайтын мәселелерді айқындау оларды математикалық білім мен әдістерді қолданып шешу; - математикалық пайымдау жолымен қабылданған шешімдерді негіздеу; - қолданылған шешу әдістерін талдау; - алынған нәтиже- лерді қойылған міндеттерді ескере отырып түсіндіру; - қабылданған шешімдерді тұжырым- дау қабілеттері болып табылады. [3]
PISA тапсырмалары оқушылардың күнделікті өмірдегі түсініктерді ұғынуға, математика сабақтарында алған білім, дағдыларын өмірде тиімді қолдануға, кездесетін мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайтынына толық көз жеткіздім.Сондықтан да математика сабағында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін PISA халықаралық зерттеудің тапсырмаларын қолданып келемін.
PISA жобасының халықаралық сарапшыларының пиза тапсырмаларын талдауын назарға ала отырып, 5-11 сыныптарда тарау мен тақырыптың оқу мақсаттарына сәйкес келетін пиза тапсырмаларын сабақта пайдаланамын. PISAхалықаралық зерттеуге дайындық жұмыс жос- парын құрып, сол жоспар аясында жұмыс жүргізудемін. Оқушыларға пиза тапсырмаларын сабақта қолданған кезде тапсырманың оқушының жас ерекшелігін ескере отырып дайын- даймын. Тапсырмаға дискриптор құрып, тапсырманың ерекшелігі мен мазмұнына, мәнмә- тініне, ойлау дағдыларына баса назар аударамын.
PISA халықаралық зерттеу сарапшылары «Математикалық сауаттылық» ұғымының екі негізге алынатын қағидатын анықтайды. Біріншісі, нақты шындықпен өзара байланысты жалпы математикалық ұғымдар тобы ретіндегі фундаменталдық математикалық идеялар. Бұл орайда, олар түрлі нысаналар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін сипаттайды және осы- лайша, қоршаған шындықты түсіну мен сипаттаудағы математиканың алатын орнын жақсы түсінуге септігін тигізеді. Фундаменталдық математикалық идеялар ретінде әрқайсысына тест тапсырмаларының белгілі саны сәйкес келетін «Өзгерістер мен қатынастар», «Кеңістік пен пішін», «Белгісіздік», «Сан» салалары ұсынылған. PISA тапсырмасында математикалық құзыреттілік үш түрге бөлінеді: Қайта жаңғырту, байланыстар орнату, пайымдау.
Бірінші деңгей құзыреттілігінің (қайта жаңғырту) жетістіктерін тексеру үшін негізінен Қазақстандық мектептегі тексеру жұмыстарына тән дәстүрлі оқу тапсырмалары ұсынылады. Бұл жерде математикалық айғақтарды білу, математикалық нысаналар мен олардың қасиет- терінің анықтамасын қайта жаңғырту, стандартты (қарапайым және айтарлықтай күрделі) алгоритмдер мен шешім тәсілдерін қолдану, формулалармен жұмыс, есептеуді орындау та- лап етіледі. Осыған байланысты берілген деңгейде екі түрлі тапсырмалар қолданылады - жауапты таңдау мен қысқаша еркін жауаппен (сан, теңдік, сөз түрінде; шешу жолы беріл- мейді). Құзыреттіліктің екінші деңгейіне (байланыстарды орнату) математика бағдарлама- сындағы түрлі тақырыптар арасындағы байланыстарды орнату біліктілігі мен есепті шешу үшін қажетті ақпаратты ықпалдау тән. 15-жастағы білімгерлерге сәйкес келетін шешу тәсілі мен математикалық құралдарды өз бетінше таңдап алу қажет. Тапсырмаларда қарастырыла- тын ситуациялар стандартты емес, бірақ математикаландырудың жоғары деңгейін талап етпейді. Құзыреттіліктің үшінші деңгейіне (пайымдау) қол жеткізуді тексеру үшін ең алдымен берілген ситуацияны «математикаландыруды» қажет ететін анағұрлым күрделі тапсырмалар құрастырылады. Бұл рәсім екі кезеңнен тұрады: математика арқылы шешімін табатын мәселені айқындау және оның тұжырымдамасы, тиісті математикалық модельдің құрастырылуы, шешімін табу және оны берілген ситуацияда түсіндіру. PISA тапсырмасының тағы да бір түрі «құрылымданған сұрақтарды» ұсынады. Бұл тапсырмалар түрлі типтегі бір жағдайға қатысты бірнеше сұрақтардан құрастырылады. Әдетте, олар күрделіліктің өсуіне қарай орналастырылады. Көбіне жауап таңдау, немесе қысқа жауап сұрағы алдымен беріледі, ал көлемді жауаппен сұақтар соңында беріледі. [3]
Сабағымда қолданылған «PISA» тапсырмаларынан 5 сынып Мәтінді есептерді шығару.
Оқу мақсаты: 5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;
Тиындар. Сізге тиындардың жана жинағын жасау ұсынылады. Барлық тиындар дөңгелек және күміс түсті болады, бірақ олардың диаметрлері әртүрлі. [4]



Ғалымдар дұрыс жасалған тиындар келесі талаптарға жауап береді деп анықтады:



  1. тиындардың диаметрлері 15 мм-ден кем болмауы және 45 мм-ден аспауы тиіс.

  2. тиынды ескере келе, келесі тиынның диаметрі кем дегенде 30%-ға артық болуы тиіс.

  3. тиынды соғу жабдығы тек миллиметрлердің тұтас санындағы диаметрлі тиындарды шығара алады (мысалы, 17 мм болады, ал 17,3 мм диаметр болуына жол берілмейді).

  1. сұрақ: Сізге жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тиындар жинағын әзірлеу ұсынылады. Сіздің 15 миллиметрлік тиындардан бастауыңыз керек және Сіздің таңдауыңыз- да барынша көп тиындар болуы тиіс. Сіздің жинағыңыздағы тиындар диаметрі қандай болды?

Дескриптор: Білім алушы

  • пайызды жай немесе ондық бөлшекке айналдырады;

  • берілген, шыққан сандарға көбейтеді;

Шешімі:30% = 0,315*0,3 = 4,5≈5 15+5 = 20/мм/20*0,3 = 6 20 + 6 = 26/мм/ 26*0,3 = 7,8≈8 26+8 = 34 /мм/34*0,3≈11 34 + 11 = 45/мм/
Жауабы: Тиындар диаметрлері келесідей болады: 15-20-26-34-45 Мазмұны: сан Ойлау процесі: түсіну және қолдану.
10 сынып Тікбұрышты параллелепипед
Оқу мақсаты: 10.1.2 - тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу; Шөп жинау.
Шөп жинаушылар мәшинеге шөпті ұзындығы 2,5м, ені 2м, биіктігі 1,5м тік бұрышты параллелепипед тәрізді етіп жинады. (1,5м3=1ц)[2]
1сұрақ: Мәшинеге қанша центнер шөп жиналды? 2сұрақ: 1 мәшинеге қанша көде шөп жиналды? (1көде шөп = 25кг) Шешімі: 1. 7,5 ц, себебі жиналған шөп көлемі V=abc формуласынан V=2,5*2*1,5=7,5(м3) =7,5ц.
30көде.(1ц=100кг;7,5ц=750кг; 750/25=30) Жауабы: 30 көде 11 сынып Цилиндр және конус
11.3.5-айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;

Биіктігі 24 дм цилиндр пішінді ыдыстың ішіне су толтырылған.Конус пішінді воронка ыдысқа цилиндрдегі суды құйғанда төгілмес үшін, биіктігі қаншаға тең болатын воронканы таңдап алу керектігін анықтаңыз. (Цилиндр мен конустың табан ра- диустарына тең).[5]


Шешімі: V = rrR2H = 24rrR2 Vц = Vk 24rrR2 = 1 rrR2 1H=24 дм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет