Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Сырдария өлеңінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау



бет157/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Байланысты:
annotation214581

Сырдария өлеңінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.


а) Сырдария өлеңінде теңеу, параллелизм, лирика, қайталау бар ма? ә) Лириканың қай түріне жатады?
б) Қайталаудың қандай түрі бар?
  1. Сұрақ-жауап арқылы «Кілемді» толтырту.


в) Сырдария өзенінің қазіргі жағдайын интернеттен көрсеттім.
Мультимедиалық тақтаны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жа- сайды.
Оқытушы үшін мультимедиалық тақтаға электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамыты- лып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжіри- бесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқу- лық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орын- датуға болады [1].
Сонымен қатар жылдық қорытындылау үшін емтихандық тест тапсырмалары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсет- кішпен бағаланып шығады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін арнайы құралғы арқылы орындарында отырып, жұмыс істейді. Бұл құралмен жұмыс істеу барысы біріншіден мұғалімге, екіншіден оқушыға тиімді. Оқушы орындаған тапсырмасының жауабын сол мезетте керекті батырмасын басып, өзін-өзі бағалайды. Сонымен бірге біліміндегі жіберген қателіктерін дер кезінде аша біледі. Ал, мұғалім үшін уақыт үнемделеді және оның жұмысы жеңілдейді. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз. Электронды оқулықты пайдалану барысында оқушы 2 жақты білім алады. Біріншіден пәндік білім алса, екіншіден компьютерлік сауаттылығын толықтырады.
Электрондық оқулықтың бағалық, нәтижелік бөлігі тестер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электронды оқулықтың көме- гімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды [1].
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның мұғалім үшін тиімді әрі пайдалы жағы көп. Мысалы: қазақ тілі пәнінен 9-сыныппен өткен «Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығарма- лары» атты сабақта тікелей интернет желісіне кіріп оқушыларға бейне фильм көрсеттім. Осы бейне фильмнен кейін оқушыларға сөздікпен жұмыс жасатып, семантикалық картаны шыға- рып толтырттым.
Бұл сабақта оқушылардың біріншіден бейне ролик арқылы ойлары жинақталды, екінші- ден интерактивті тақтаның қаламсабымен жұмыс жасау жолдарын меңгерді.
Қазіргі таңда іс-тәжірибемде оқушыларға қазақ тілі мен әдебиет пәнінен электрондық оқулықты кеңінен пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, ережелері мен мысалдары, түсініктеме сөздігі мен қазақша-орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен тапсырмалар, бақылау жұмыстары қамтылған. Оқу мате- риалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға қазақ тілінің салалары мен қыр-сырларын көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы[5].
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрі. Оқы- тушы сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.
Қазіргі уақытта ақпараттық технологияны білім беруде көмекші құрал ретінде пайдалану интерактивті тақтаны қолданумен негізделеді. Білім саласында дербес компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы құралы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз ету керек. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны іс-тәжірибемде пайдалануда алдыма қойған мақсатым оқушылардың білім сапасын арттыру, дарындылық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақтың түп тамырын терең меңгеруге қалыптастыру, шығармашылығын шыңдай түсу[6].
Қорыта келгенде ақпаратты-коммуникативті технологияның оқушылар үшін берері мол. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін, мультимедиалық тақтаны, электронды оқулықтарды және ғаламтор желісін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығу- шылықтарының күрт артқандығы байқалады.
Осындай ақпараттық-коммуникативті технологияны әр сабақта қолдану барысында мұғалімнің алдына қойған мақсаты орындалады. Яғни оқушылардың білім сапасы артады, дарындылық және шығармашылық қабілеттерін шыңдалады, өркениетті елдермен қарым- қатынаста болуына, жастарымыздың әлемдік деңгейге шығуына ықпал етіледі. Аталған тех- нологияның теориясын жете меңгеріп, іс-тәжірибемде қолдану барысында көптеген жетіс- тіктерге жеттім және білім сапасы артты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет