Abstract: The article discusses the importance of using interactive methods in the study of simple
sentences in the updated educational program. The ways of effective study of simple sentences in accordance with the objectives of teaching in the Kazakh language lessons are indicated. Also, the ways of developing critical thinking, decision-making, participation in discussions and communication skills of students are considered. The article shows by examples that interactive methods can be used at each stage of the lesson.
Оқытудың интербелсенді түрлері жоғары мотивацияны, коммуникативтік қарым-қаты- насты, шығармашылық пен қиял, белсенді өмірлік ұстаным, командалық рух, даралық құн- дылық, еркіндік, өзін-өзі көрсету, өзара құрмет және рухани дамуды қамтамасыз етеді.
Оқытуда интербелсенді әдістерді пайдалануда білімгерлер сыни ойлауға, өзіндік шешім қабылдауға, күрделі проблемалар төңірегінде ой қозғауға, балама пікірлерді өлшеуге, пікір- таласқа қатысуға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Белгілі ғалым-әдіскер Қ.Қадашеваның пікірінше «жоғары белсенді қатысым арқылы сөздік қорын байытады, лин- гвистикалық, аутентикалық материалдар арқылы үйренушілер өзінің бар білімін дамытады, лексикасын тереңдетеді.» [1]. Бұл үшін сабақтар жұптық және топтық жұмыс түрінде ұйым- дастырылып, түрлі зерттеу жобалары, рөлдік ойындар, шығармашылық жұмыстар қолдану тиімді. Студент оқу процесінің толық құқылы қатысушысы болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі көзі болып табылады.
Интербелсенді әдістер арқылы оқу мынандай жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзе- ге асырылады:
бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл топпен);
жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары;
оқу, рөлдік және өндірістік (іскерлік) ойындар;
пікірталастар;
ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұра- жай т.б.);
шығармашылық жұмыстар;
жағдаяттар (ситуациялар) арқылы үйрену: нақты жағдаяттарды талдау, кейс-стади;
презентациялар;
компьютерлік оқу бағдарламалары;
тренингтер;
интервью;
сауалнама өткізіп, оның қорытындыларын талдау,
кез-келген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау т.б. [2]. Осы көрсетілген жұмыс түрлерінің ішінен жай сөйлемді оқытуда тиімдісін таңдап алу оқытушының шеберлігіне тікелей байланысты.
Қазақ тілі сабағында интербелсенді әдістерді сөйлесім әрекеттері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының әрқайсысында да пайдалана беруге болады. Сонымен қатар әдеби тіл нормасын меңгертуде де интербелсенді әдістер тиімді болып табылады. Әсіресе, жай сөйлемді меңгертуде бұл әдіс әрі ыңғайлы, әрі нәтижелі болып табылады.
Жаңартылған білім беру жүйесі бойынша қазақ тілін меңгерту басқа пәндер сияқты оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттарына сай жүргізілетіні белгілі. Лексикалық тақы- рып пен грамматикалық тақырыпты меңгерту қатар жүргізіледі. Яғни әдеби тіл нормасы – жай сөйлем әр сабақта тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларымен бірге меңгер- тіліп отырылады.
Сөйлесім әрекетінің алғашқылары - тыңдалым мен айтылым. Қазақ тілін меңгертуде бұл екі әрекет бірге жүреді. Тыңдалым – дыбысталған мәтінді мағыналық тұрғыда қабылдауға бағытталған сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі болса, ал айтылым – ауызша вербалды қарым- қатынас арқылы жүзеге асырылатын тілдік әрекеттің өнімді түрі.
Тыңдалымды ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Тыңдалым тапсырмасын ұйымдастыруда:
Мәтін тақырыпқа, тіл үйренушінің жасына және тілдік деңгейіне сай таңдалуы қажет.
Білімгерге ой шақыру үшін тақырып туралы сұрақтар қойылады. Жаңа сөздер түсін- діріледі.
Мәтінді тыңдар алдында олар алдымен мәтінге арналған тапсырманы және сұрақ- тарды оқып, талқылаулары қажет.
Тыңдалым мәтіні кемінде екі рет тыңдалуы керек.
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап берген соң, білімгерлер жауаптарын жұпта не топта салыстыра алады.
Ашық сұрақтар арқылы білімгерлер мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстырып, өз ойын ортаға салады.
Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі - білімгерлерді тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты түсіну үшін онымен не істеу керек екенін үйрету болып табылады. Тыңдалым дағдысын дамытуда тапсырмалар мәтін алды, мәтінмен жұмыс кезіндегі тапсырмалар, мәтіннен кейінгі тапсырмалар деп бөлінеді. Со- лардың біріне мысал келтірейік.
Мысалы, жай сөйлемді меңгертуде тыңдалымнан кейін студенттердің оқу-танымдық іс- әрекетін белсендіру үшін дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Сол ойындардың бірі «Жалғасын тап» ойынын келесі тапсырмада пайдалануымызға болады.
Мәтін. Ел ертеңі – жастар
ХХІ ғасыр Қазақстан жастарының алдына жаңа талап қояды. Жоғары оқу орнын бітіру - өте жақсы. Бірақ, ең бастысы, әр адам өз ісінің шебері болуы керек. Нарық экономикасы жастардан білікті маман болуды талап етеді. Сондай-ақ, өзіңнің туған халқыңның тарихы
мен мәдениетін, салт-дәстүрін білгенің дұрыс. Мемлекеттік тілді жақсы білуің керек. Қазіргі жастар бірнеше шетел тілін үйренуде. Әрбір жас бірнеше мамандықты игеруге ұмтылады. Қазіргі нарық заңы – осындай. Сен, әрине, өз өміріңді өзің айқындайсың. Уақытың мен күш- қуатыңды дұрыс жұмсай біл! Мақсаттарынды жүзеге асыра біл.
Тапсырма. Мәтін тыңдатылып болғаннан кейін, мәтін мазмұнына байланысты жай сөйлемдер беріледі. «Жалғасын тап» әдісі бойынша сол жай сөйлемдерді құрмалас сөйлем- дерге айналдыру қажет.
Дескриптор. Беріген сөйлемнің жалғасын тауып жазады. Жай сөйлем мен құрмалас сөй- лемді ажыратады.
Келесі сөйлесім әрекеті оқылым-рецептивті дағдысы. Оқылым – жазба тілдегі мәтінді түсіну, мәтін тілін сөздер деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіну болып табылады. Жай сөйлемді меңгертуде оқылым дағдысы бойынша тапсырма берген кезде интербел- сенді әдістің тиімді, нәтижелі болатын түрін таңдап алу қажет. Бұл ретте оқылым кезіндегі тапсырмаға «Insert» әдісін пайдалануға болады. Insert – оқу және жазба арқылы сыни тұр- ғыдан ойлауды дамыту әдісі, мәтінмен, жаңа ақпаратпен жұмыс жасағанда қолданылады. Бұл әдістемеде көбінесе тиімді оқу технологиясы деп аталады. Іnsert әдісі жаңа білімді игеру сабақтарына, түзету сабағына немесе жаңа білім мен дағдыларды жаңарту сабағына жақсы сәйкеседі. Әдіс білім алушыдан пассивті емес, мұқият оқуды талап етеді. Егер бұрын ол мәтіндегі түсініксіз сәттерді жіберіп алған болса, онда Insert әдісі сізге назар аударуға, мәтіннің әр жолын мұқият қарап оқуды сұрайды. Теориялық материалдың үлкен көлемінде
өңдеу қажет болған кезде Insert өте тиімді.
Сабақта «Insert» әдісін қолдану әдісі: білімгерлер мәтінді арнайы белгішелермен белгілеп оқиды:
V — Мен бұл ақпаратты білемін;
+ — бұл мен үшін жаңа ақпарат
— — Мен басқаша ойладым, бұл менің білгеніме қарама-қайшы
? — Мен мұны түсінбедім, бізге нақтылау түсіндірулер қажет. Мәтін.
«Алматыда саумалдан шоколадтың 8 түрін жасайтын өндіріс орны ашылды. Маман- дардың айтуынша, бұл - қауіпсіз тағам өндіру бағытындағы теңдесі жоқ инновациялық жаңа- лық. Өйткені осындай отандық брендті жасап шығару үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов көптеген ғалым-технологтармен бірлесіп, арнайы зерттеулер жүргізген. Тынымсыз ізденістің нәтижесінде Жер шарындағы теңдесі жоқ шоколад дайын- дап шығарды.
Қазақ тағамтану академиясының мамандары ойлап тапқан шоколадтың құрамында транс май қышқылдары, қаныққан майлар мен холестерин жоқ. «Шарман» шоколадын жеген адам шөлдемейді, себебі оның құрамында Кубадан әкелінген какаоның жоғары сұрыптары бар. Ал қант қосылмаған тәттінің бұл түрі әлемде ешбір мемлекетте шықпай, тек бізде өндірілуі де үлкен жетістік.
Қант – адамның ең қауіпті жауы. Біздің мақсатымыз-сол қантты араластырмай шоколад шығару...» [3].
Тапсырма. Егжей-тегжейлі оқу арқылы мәтіннен түсінгендігін басшылыққа ала отырып, маңызды деп тапқан абзацтарға немесе бөліктерге белгі қоя отырып, өз ойынан мәліметтер- ден жай сөйлемдер құрастырып, мағыналық түрлерін ажыратып, жақсыз, толымды, толым- сыз және атаулы сөйлемдерді бөліп жазады.
Дескриптор: Мәтінді егжей-тегжей оқиды. Оқылым мәтініндегі мәліметтерді негізге алып, ішінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдерге ажыратады, түр- лендіріп қолданады.
Сөйлесім әрекетінің келесі түрі – жазылым дағдысы. Жазылым – бұл оқушылардан үйле- сімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет. Дегенмен, оқушылар өздерінің меңгерген білімін үнемі көрсете бермейді. Жазылым үрдісін жоспар-
нобай-түзету-жетілдіру түрінде модельдей отырып, әрі оқушыларға осы ретпен жұмыс істеу- ге жағдай жасай отырып, мұғалімдер оқушыларға кідіріс жасап, жазылым жаттығуы үшін талап ететін барлық дағдыларға тоқталып, ойлануға мүмкіндік беретін жағымды ахуал қа- лыптастырады.
Жай сөйлемді оқыту барысында, жазылым кезінде «Бір сөйлеммен түйіндеу әдісін» пай- далануға болады.
Мәтін. «Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ, азаматтардың құ- қығы мен бостандығының сақталуына жете маңыз беріліп келеді. Конституциямыздың 1-бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітілді және 30 бап түгелдей азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мүдделеріне арналады. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқығы мен бостандығы ғана маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқығы мен бостандығын сақтау тетіктерін іске асыруға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге ерекше назар аударылады. Ал бұл мәселелердің шын мәнінде қалай жүзеге асып жатқандығын Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жұмысынан байқауға болады. Ол - еліміздің адам құқықтары жөніндегі алғашқы мамандандырылған ұлттық мекеме...» [3].
Тапсырма. Мәтін бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
/ Оқытушы жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдер туралы түсінік береді/. Дескриптор:
Білімгер ойын тиянақты жеткізуді үйренеді.
Түйінді сөзді табады.
Жоғарыда көрсетілген бұл әдістер білімгерлерді жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыпта- суына, белсенді әрекет етуіне, өзара еркін қарым-қатынас жасауына, сыни тұрғыда ойлауына жол ашады.
Ағартушы-ғалым А.Байтұрсынов: «Әдіс деген қатып семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі – бір ғана әдісті болу: шебер- ліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Әдіс керектіктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы – жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай», - дейді [4]. Түрлі әдіс–тәсілдерді мең- геріп, оларды тиімді пайдалану, сабақты түрлендіріп өткізу үлкен нәтижеге жеткізетіндігі хақ. Жай сөйлемді меңгертуде жоғарыда көрсетілген әдістерді ғана пайдалану жеткіліксіз. Басқа да көптеген интербелсенді әдістерді пайдаланып, сабақты әрі қызықты, әрі түсінікті, әрі нәтижелі қылып өткізуге әбден болады. Ол үшін ұстаздар үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Интербелсенді әдістер алуан түрлі. Оларды тек оқу мақсатына сай тиімді пайдалана білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |