Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет158/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Байланысты:
annotation214581

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 ж.

  2. «ХХІ ғасыр мектебі» журналы №5, 2011 ж.

  3. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы №4, 20012 ж.

  4. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» №4, 2011 ж.

  5. Шораяқтың Омары. Сөйле тілім жосылып. – А., 1995ж.

  6. Молда Мұса. Өткен күндер. – А., 1987 ж.

ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ – ӘЛЕМ БЕЙНЕСІНІҢ АЙНАСЫ




Тойғанбекова М.Ш.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы

Ахметова М.А.


Абай облысы, Аякөз қаласы, №7 КММ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Оливер Уэндел Холмс деген ғұлама: «Әрбір тіл - сол тілде сөйлеушілердің жан дүниесі сақталған ғибадатхана», - деген екен. Сондықтан да тіл - жалпы әлемді көрсететін экран ғана емес, бір мезеттегі адамның өзі, оның өмір сүру салты, мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қаты- насы, жер-жиһандағы мәдениет пен құндылықтар жүйесі. Сонымен қатар тіл - тұлғаны қа- лыптастырушы қару әрі құрал. Біз ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен тіл арқылы әрі сол тілде жинақталған мәдениет арқылы өркендедік.


Қазіргі өмірдің әлеуметтік-экономикалық тәртіптері ортақтығы жағдайында дамыған этнопедагогика халықтың еңбек пен тұрмысы, оның педагогикалық идеялары, ғасырлар бойы білім ұмтылысы, тарихи өзгерулердегі әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күресі, отба- сындағы өз балаларының жақсы болашағы туралы үмітін бейнелейді. Бұның толық бейнесі, әсіресе, тілде, отбасының күнделікті өмірінде, оның тәрбие тәжірибесінде, отбасы-тұрмыс- тық мәдениетінде, сонымен бірге тәрбиенің фольклор сияқты маңызды түрлерінде дейміз. Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық, еңбекке тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелілігі мен бірізділігі, талапкер бірлігі, бала тұлғасына ілтипат пен құрмет – бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтық жетекші бастаулары жүйесін құрайды деп білеміз. Ал халықтық тәрбиенің құрамды бөлігі – отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсаты, мазмұнын және ұйымдастыру әдістемесін анықтайды. Қазіргі кезде отбасы, бала тәрбиесіне көңіл бөлінгенмен көптеген кемшіліктеріміз әлі де әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты жоқ емес. Бала, отбасы тәрбиесі әр қоғамның кезінде болса да күрделі мәселе.
Көне түркі заманын толғаған бұл туындыда да осынау өмірлік мәні терең тақырып арнайы орын алған. Яғни, Баласағұнның шығармасындағы қандай әйелді алу керектігі жайында өте терең, түсінікті жастарымызға ұғымды, әрбір отбасы ұлы мен қызына қазіргі күнде де ескертіп түсіндіруге болады. Ежелгі қоғам дәстүрінің қазір де халық санасында жалғасқанының куәсі боламыз. Ақын үйленудің, өмірлік жар таңдаудың оңай еместігін,
отбасының тағдырын шешуші келешекте әйел баланың өмір, тұрмыс, денсаулығына байла- нысты екенін түсіндіріп, ұрпақ келешегі, ел келешегі осыдан басталатынын ескереді. Белгілі ақын, ежелгі түркі әдебиетін зерттеуші-ғалым Асқар Егеубаевтың кісілік кітабы ғылыми эссесінде бұл тараудың мазмұны туралы былай депті: «Әйелдерді төрт-бес топқа «бөліп» мінездегенде, таңдағанда мән беретін ең бір елеулі мәселе ретінде әлеуметтік жағдайды меңзейді». Ауқатты жерден шыққан әйел, төменгі кедей ортасынан шыққан әйелдің мінез- құлқы, қылығы жырланады. Сұлулыққа табынғаннан да опа таппайсың. Бектігіне қызығып та бақытты бола алмассың. Текті бай жерден де рахат жоқ. Әйел алмай, қайын алғандай болу да бейшаралық... Ақылды, есті жігіт ақылды, пәк, жаны мейірімді жарды қалар, Ақылды әйел кездессе, жаныңды сал, үйленгін. Ондай жардан жоғарыда айтылған әйелдерге тән жақсы қасиеттердің бәрін де табасың», – дейді Жүсіп Баласағұн
Ғұламаның осындай ретті өсиетіне неге көңіл аудармасқа бүгінгі жастарға? Біз жаңа қоғам құру үстіндеміз. Алды-артымызды толық жинақтай алмай жатырмыз. Бүгінгі күні отбасы тәрбиесіне немқұрайлылық таныту қай елдің болмасын болашағына балта шабар зобалаң екенін естен шығармауымыз керек. «Ұлын өсіріп ұлттымен, қызын өсіріп қылық- тымен ауылдас» болатын халыққа, «Ана – үйдің берекесі, бала – үйдің мерекесі» деген қазақ халқы. Қазіргі қазақ неке отбасының тәрбиесінің жәй-күйіне байланысты жасыруы болмай- тын тағы бір үлкен шындық – ол жастар мәселесінің мемлекет тарапынан ескерусіз қалуы. Отан отбасынан басталғанмен үлкен өмірге жолдама алар балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарындағы мардымсыз тәрбие көздері бітелгендей күйде. Бұл қасірет. Бұл шет елдің әдепсіз менталитетіне көзсіз еліктеуге әкеп жол ашады. Осы орайда рухани бос кеңістік- терімізді тек қана имандылық нұрына суғарылған ата-баба дәстүрі ғана алатынын тағы да баса айтқанымыз жөн. Неке-отбасы тәрбиесіне мемлекеттік тұрғыда шара қолданбай тәуел- сіздік тұғырынан сәулетті ету мүмкін емес. Әрине, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, ал ана тілі ұлт бесігі. Адамды адам ететін қоршаған орта және отбасындағы өнегелі тәрбие десек, сол ортаны танып білуге көмек беріп, көрсетуіміз абзал.
Қазақтарда «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақалды ерекше баға- лаған. Ақын Баласағұнда бала тәрбиесіне арналған тарауында осы проблеманы қоғамдық- әлеуметтік деңгейге көтере жырлайды. Жалпы дастанда бала, ұрпақ мәселесіне қайта-қайта оралып отырып көптеген кеңес-нұсқауларын жастарға жолдаған.
Ұлттық тәрбиенің әліппесін нәресте шыр етіп жерге түскен күнінен бастап, тіпті ана- сының құрсағында жатқанда-ақ сана-сезіммен ақыл-ойының, әдет-ғұрпының өнегелі түрде қалыптасуына, үнемі ықпал етіп отыру қажет. Халқымыз «Жастан берген тәрбие – жас шы- бықты игенмен тең» дейтін нақыл сөзді бекер айтпаған. «Ұл мен «ұлы» сөзінің түбірі, төркіні бір. Ақынның тікелей бала тәрбиесі жөнінде, адам пендесі бақ-байлық, даңқ қуып өлерінде ғана есін жиып, бала тауып, бала өсір деп өкінер деген 63 тарауы арналған. «Тәрбиеші ал ізгілікті, киелі, Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі. Ұл-қызыңа әдет үйрет, білім бер, қос жалғанда нәсіп көріп, күлімдер. Әйел әпер ұлға, қызды ерге бер, Қайғы-мұңсыз тірлікке не тең келер! Ұлыңды үйрет күллі өнер, білімге. Ол өнермен дүние табар түбінде деген ойшыл бабамыз халқымызға. Бұл өлеңінде халқымыздың дүние танымынан өрбіген жанұя, балалар мен ата-аналар жөніндегі ұғымдарын, түсініктерін ашып көрсетуге үлкен орын берілген. Осы үрдіс халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен, өмір тәжiрибесінен шыққан ежелгі дәстүр. Ата- ананы сыйлау, пір тұту – түркі халықтарының айнымас қасиетінің бірі. Өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, ақ сүтін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында сақтап, құрсақ тәрбиесінен бастап, әлпештеп аялап өсірген ана алдындағы қарыз сезімі әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі болып табылады. Ата-ананы құрмет тұту халқымыздың қанында барлығы дінімізде, салтымызда, ақынымызда, жырымызда, әнімізде, күйіміз де қолдап бірін-бірі то- лықтырып дәлелдей түседі деп білеміз.
Қазақ халқымыз отбасындағы осындай өзіне тән тәрбиелік ережесі ұрпақтың ауыз бірлігін, бірін-бірі жолына қарай құрмет көрсетуі ішкі жан сезімінің сүйкімділігін, мінез- құлық ережесінің қалыптасуының негізгі шарттары. Дүниеге келген баланың бала болып
өмір сүріп кете салуы да оңай емес. Үлкен күтім, жылы алақан, қамқор әке, ата, әже, ана еңбектері керек. Сондықтан әрбір отбасының мүшелерінің қарттарын қадірлеп сый-құрмет көрсетілуін, ол нағыз адам болатынына тән адамгершілік қасиет деп түсіндіреді. Хал- қымыздың тарихында аты әлемге әйгілі, ұл-қыз өсіріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болған аталар болған. Аналар атымен аталған рулар мен жер аттарын кездестіреміз. Олар: Домалақ ене, Қарашаш ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана сияқты аналарымыз еліне әйгілі боларлық ұл-қыз өсіріп, бір ру тайпаның атын иеленіп, өнегелі істері аңызға айналып, бүгінгі жастарымызға жетті деп білеміз.
Осыған орай қазіргі жастарға да, ескеру керегі – ол жар таңдау, ұл болса қызды таңдап, дұрыс жүр шыңдап қарап, сынап теңін алу, қыз болса, құлқы жақсы болу, келісті жағымды мінез, қылықтары болу керек деп ескертуіміз қажет. Қыз баланы тәрбиелеу бір жөн де сақтап, құтты қонысқа қондыру – әке-шешенің қарызы.
Жас келіннің бойына бала біткенін сезісімен, енесі оны өз қаморлығына алып, оны пәле- жаладан, тіл-көзден сақтау шараларын істей береді. Яғни, қазақта бала тәрбиесі баланың шешесінің бойына бітуінен басталады десек, артық айтқандық болмас. Тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, бой тұмар жасатып береді.
Қазақ халқы қызында, ұлын да тәрбиеден тыс қалдырмаған. Ана құрсағында басталған тәрбие мектебі дүниеге келген күннен жалғасын тауып, есейіп-еңкейген шақта да өзінің ролін жоймағандығын ғылыми педагогиканы зерттеушілер әрбір халықтың өзіндік ерек- шелігін ескере отыра, тәрбиенің ғылыми болжамын жүргізуді жалғастырса керек деген.
Баласағұнның қыз баланы тәрбиелеу жөнінде ойлары мағынасы терең. Бала көңілі орнықпаған, әрбір жақсы-жаман жағдайларға еліктегіш деп қыз балаға қазақтың «қызды қырық жерден тыю» дегенге тоқталып: «Қызыңды үйде бексіз ұзақ ұстама, Ауырмай-ақ өлерсің сен, құсадан» – ұл- қызына орынсыз жүргізбей, бейбастыққа да жібермей, «үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма!», дейді. Әрине, ата-ана тәрбиесін көрмеген ұрпақ — көргенсіз. Ұрпақ – болашағың, осыған орай халықтық сипаттың, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің қайнар көзі осы «Құтты білікте» айқындалған. Халықтың ұлттық ерекшелігінің көріністері, наным-сенім, сана, салт-дәстүр белгілері, оның жалпы адамзаттық, адамдық қасиеттермен ұласатын көріністері осы Баласағұн дастан мен қазақ әдебиетінің түйінді байланыстарынан да көрінеді. Халқымыздың қанына сіңген қасиеттер; үлкенге құрмет, кішіге ізет, барға қанағат, қонақ-жай жомарттық, мейірімділік, бала тәрбиесіндегі ұстамдылық пен балажан- дылық, кішіпейілділік, отбасындағы ізгі сипат белгілері, мемлекеттік іс, тұрмыс, өмір, мо- раль, этика тақырыптарын толғаған.
Ал, жігіттерге де «адамшылыққа – адамшылдық, (600, 601) қайырымға – қайырым ету туралы өсиеттерінде, «Адамшылық – адамға тән қазына, солай қазір, солай болғын бағыдан, деп қайырымды болу керектігін», қызмет еткен азаматша жаныңда, Жайдай көріп, ар жолы- нан жаңылма! деген. Жастардың назарын әдептілікке, сыйласымдыққа мейірімділікке бейімдеуді үлкен мәселе етіп қояды.
Осы бір баға жетпес байлыққа ие бола отырып, ішкі-сыртқы алып әлемді өз дүние та- нымына сіңіріп, адам ең басты мәселе - өзге жандармен қарым-қатынасқа, коммуникацияға түседі. Өйткені, адам қоғамдық құбылыс және көпшілік арасында өмір сүреді. Алып әрі шағын әлемдегі бүгінгі және болашақ өміріміз - қаншалықты дұрыс, тиімді әрі жақсы қарым- қатынас жасай алатындығымызға тікелей тәуелді.
Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге жұрттың тілі мен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр.
Мәдениетаралық коммуникация - бүгінде кез келген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. Қазақ тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей- тегжейлі түсіндіреді.
Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілет сияқты сананы жаңғыр- тудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша бола- шақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады...», - деген тұжырымдамасы осы мәдениетаралық коммуникацияны меңзеп тұрған жоқ па!
Әрине, шетел тілі мен мәдениетін игеру - өзге қамалды бұзып-жарып кірумен пара-пар. Бұл арқылы өзге әлемді, өзге мәдениетті өз ұлттық мәдениетіміздің елегінен өткізе отырып бағалаймыз, соған сәйкес мәдени қақтығыстардың орын алуы да заңды құбылыс. Осындай қауіпті жағдаят ғылым мен білімнің алдында өте күрделі әрі құнды міндеттерді алға қояды: біріншіден - түрлі халықтардың рухани және материалдық мәдениетін, олардың шығу негіздері мен қалыптасу тарихын, өзге елдермен қарым-қатынасын зерттеу; екіншіден - өзге мәдениетке сый-құрмет көрсетуге, шыдамдылық танытуға шақыру.
Қалай дегенмен де, шет тілін оқытуға арналған әрбір сабақ - мәдениеттер тоғысы, мәде- ниетаралық коммуникация тәжірибесі. Қазіргі кезде елімізде шет тілдерін оқыту жүйесінде әлеуметтік өмірдің өзге де салалары секілді, ұлттық құндылықтарды қайта бағалауда, материалдарды өңдеуде, мақсат пен міндеттерді шешуде, оқыту әдіс - тәсілдерінде күрделі бетбұрыс кезеңінен өтіп жатыр.
Жаңа заман, жаңа талап шет тілдерін оқытудың методологиялық базасына, сондай-ақ нақ- ты оқыту әдіс-тәсілдеріне жедел әрі түбегейлі өзгерістер енгізуді қажет етті. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі - саясаттағы өзгерістер, экономиканың дамуы, мәдениет, идеологиядағы күрделі мәселелер, әлем халықтарының бір-бірімен араласуы, олардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшуі, қазақ халқы мен шетел халықтарының арасындағы саяси-мәдени қарым-қатынастардың өзгерісі, шет тілін оқыту теориясы мен практикасында жаңа проблемалардың, жаңа көзқарастардың туындауына алып келді.
Бұрын-соңды болмаған сұраныстар бұрын-соңды болмаған ұсыныстар талап етті. Аяқ астынан шет тілінен, сабақ беретін оқытушылар қоғамның назарына бірден ілікті, өйткені ғылым, білім, бизнес, техника және тағы басқа адамның іс-әрекетіне қатысты өзге де сала- ларда өндірістің негізгі құралы ретінде шет тілдері танылып, оны жеделдетілген түрде үй- рену басталды. Өндіріс адамдарын не тіл теориясы, не тіл тарихының мәселелері қызық- тырмады, бірінші кезекте ағылшын тілі функционалды тұрғыдан, яғни өзге елдердің адам- дарымен сөйлесу үшін қажет болды.
Осындай әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тіл мен мәдениеттің өзара қа- тынасына арналған жоғары және орта мектеп бағдарламасының оқу жоспарларына арнайы пәндер енгізіліп жатыр.
Бұл негізгі пәндердің жаңа бағыттарын төмендегідей топтастыруға болады:

  • тілдерді функционалды аспект тұрғысынан оқыту, яғни ғылым, техника, экономика, мәдениет сынды қоғам өмірінің түрлі салаларында тілдік қатынас құралы ретінде оқыту;

  • кәсіби мамандардың шет тілдерін оқыту бойынша теориялық және практикалық тәжіри- белерін жинақтау, қорытынды жасау;

  • шет тілін қолдануды қажет ететін қоғамның барлық салаларында, атап айтқанда, қолдан- балы математика, экономика, құқық, мәдениет пен тілді байланыстырып, кәсіби мамандар арасында тілді қарым-қатынас құралы ретінде оқытудың әдістемесін жасау және оны ғылыми тұрғыдан негіздеу;

  • тілді сол кезеңдегі халықтың әлеуметтік, мәдени, саяси өмірімен, сол тілде сөйлейтін халықтың дүниетанымымен байланыстыра қарастыру;

  • шет тілдерін оқыту пәні бойынша оқытушыларды, халықаралық және мәдениетаралық қатынас мамандарын, қоғаммен байланыс, менеджмент мамандарын даярлаудың жаңа мо- делдерін қалыптастыру;

Осылайша тілді оқыту уәждерінің өзгеруіне байланысты шет тілін оқытуды түбірінен қайта құрып, шетел тілін оқыту процесіне «Лингвистика және мәдениетаралық коммуни- кация» мамандығын енгізіп, жаңа мамандыққа сәйкес жаңа типтегі педагог мамандарды даярлау қажеттігі туындады.
Қорыта айтқанда, мәдениетаралық коммуникация - бүгінде кез келген салада қызмет ете- тін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән болғандықтан және қазақ тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндірумен құнды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет