Әдебиеттер тізімі:
Мемлекетiк «Мәдени мұра» бағдарламасы // Егемен Қазақстан. – 2003. – № 311–312.
Баласағұн Жүсіп Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсінік. Жазғ. А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986..
Айзахметов А. Рождение тюркского мира. –Тараз,
VІІІ–ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. – Алматы, 1985. – 21-б. 6. 6. Мурад Аджи. Европа, Тюрки, Великая степь. – М.,
ТҮРКІ ӘЛЕМІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
МЕН ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫН САЛЫСТЫРУ
Тойғанбекова М.Ш.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы
Қазіргі өмірдің әлеуметтік-экономикалық тәртіптері ортақтығы жағдайында дамыған этнопедагогика халықтың еңбек пен тұрмысы, оның педагогикалық идеялары, ғасырлар бойы білім ұмтылысы, тарихи өзгерулердегі әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күресі, отба- сындағы өз балаларының жақсы болашағы туралы үмітін бейнелейді.
Бұның толық бейнесі, әсіресе, тілде, отбасының күнделікті өмірінде, оның тәрбие тәжі- рибесінде, отбасы-тұрмыстық мәдениетінде, сонымен бірге тәрбиенің фольклор сияқты маңызды түрлерінде дейміз.
Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық, еңбекке тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелілігі мен бірізділігі, талапкер бірлігі, бала тұлғасына ілтипат пен құрмет − бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтық жетекші бастаулары жүйесін құрайды деп білеміз. Ал халықтық тәрбиенің құрамды бөлігі − отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсаты, мазмұнын және ұйымдастыру әдістемесін анықтайды [1].
Бұның толық бейнесі, әсіресе, тілде, отбасының күнделікті өмірінде, оның тәрбие тәжіри- бесінде, отбасы-тұрмыстық мәдениетінде, сонымен бірге тәрбиенің фольклор сияқты маңыз- ды түрлерінде дейміз.
Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық, еңбекке тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелілігі мен бірізділігі, талапкер бірлігі, бала тұлғасына ілтипат пен құрмет − бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтық жетекші бастаулары жүйесін құрайды деп білеміз. Ал халықтық тәрбиенің құрамды бөлігі − отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсаты, мазмұнын және ұйымдастыру әдістемесін анықтайды [1].
Қазіргі кезде отбасы, бала тәрбиесіне көңіл бөлінгенмен көптеген кемшіліктеріміз әлі де әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты жоқ емес. Бала, отбасы тәрбиесі әр қоғам- ның кезінде болса да күрделі мәселе.
Көне түркі заманын толғаған бұл туындыда да осынау өмірлік мәні терең тақырып ар- найы орын алған. Яғни, Баласағұнның шығармасындағы 62-тарауында (4475–4503) − қандай әйелді алу керектігі жайында өте терең, түсінікті жастарымызға ұғымды, әрбір отбасы ұлы мен қызына қазіргі күнде де ескертіп түсіндіруге болады.
Ежелгі қоғам дәстүрінің қазір де халық санасында жалғасқанының куәсі боламыз. Ақын үйленудің, өмірлік жар таңдаудың оңай еместігін, отбасының тағдырын шешуші келешекте әйел баланың өмір, тұрмыс, денсаулығына байланысты екенін түсіндіріп, ұрпақ келешегі, ел
келешегі осыдан басталатынын ескереді. Белгілі ақын, ежелгі түркі әдебиетін зерттеуші- ғалым Асқар Егеубаевтың кісілік кітабы ғылыми эссесінде бұл тараудың мазмұны туралы былай депті: «Әйелдерді төрт-бес топқа «бөліп» мінездегенде, таңдағанда мән беретін ең бір елеулі мәселе ретінде әлеуметтік жағдайды меңзейді». Ауқатты жерден шыққан әйел, тө- менгі кедей ортасынан шыққан әйелдің мінез-құлқы, қылығы жырланады. Сұлулыққа та- бынғаннан да опа таппайсың. Бектігіне қызығып та бақытты бола алмассың. Текті бай жерден де рахат жоқ. Әйел алмай, қайын алғандай болу да бейшаралық... Ақылды, есті жігіт ақылды, пәк, жаны мейірімді жарды қалар, Ақылды әйел кездессе, жаныңды сал, үйленгін. Ондай жардан жоғарыда айтылған әйелдерге тән жақсы қасиеттердің бәрін де табасың», − дейді Жүсіп Баласағұн [2].
Ғұламаның осындай ретті өсиетіне неге көңіл аудармасқа бүгінгі жастарға? Біз жаңа қоғам құру үстіндеміз. Алды-артымызды толық жинақтай алмай жатырмыз. Бүгінгі күні отбасы тәрбиесіне немқұрайлылық таныту қай елдің болмасын болашағына балта шабар зобалаң екенін естен шығармауымыз керек. «Ұлын өсіріп ұлттымен, қызын өсіріп қылықтымен ауылдас» болатын халыққа, «Ана − үйдің берекесі, бала − үйдің мерекесі» деген қазақ халқы. Қазіргі қазақ неке отбасының тәрбиесінің жәй-күйіне байланысты жасыруы болмайтын тағы бір үлкен шындық − ол жастар мәселесінің мемлекет тарапынан ескерусіз қалуы. Отан отбасынан басталғанмен үлкен өмірге жолдама алар балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарындағы мардымсыз тәрбие көздері бітелгендей күйде. Бұл қасірет. Бұл шет елдің әдепсіз менталитетіне көзсіз еліктеуге әкеп жол ашады. Осы орайда рухани бос кеңістік- терімізді тек қана имандылық нұрына суғарылған ата-баба дәстүрі ғана алатынын тағы да баса айтқанымыз жөн. Неке-отбасы тәрбиесіне мемлекеттік тұрғыда шара қолданбай тәуел- сіздік тұғырынан сәулетті ету мүмкін емес. Әрине, ұрпақ тәрбиесі − ұлт болашағы, ал ана тілі ұлт бесігі. Адамды адам ететін қоршаған орта және отбасындағы өнегелі тәрбие десек, сол ортаны танып білуге көмек беріп, көрсетуіміз абзал.
Қазақтарда «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақалды ерекше бағалаған. Ақын Баласағұнда бала тәрбиесіне арналған тарауында осы проблеманы қоғам- дық-әлеуметтік деңгейге көтере жырлайды. Жалпы дастанда бала, ұрпақ мәселесіне қайта- қайта оралып отырып көптеген кеңес-нұсқауларын жастарға жолдаған.
Ұлттық тәрбиенің әліппесін нәресте шыр етіп жерге түскен күнінен бастап, тіпті анасы- ның құрсағында жатқанда-ақ сана-сезіммен ақыл-ойының, әдет-ғұрпының өнегелі түрде қа- лыптасуына, үнемі ықпал етіп отыру қажет. Халқымыз «Жастан берген тәрбие − жас шыбықты игенмен тең» дейтін нақыл сөзді бекер айтпаған. «Ұл мен «ұлы» сөзінің түбірі, төркіні бір. Ақынның тікелей бала тәрбиесі жөнінде, адам пендесі бақ-байлық, даңқ қуып өлерінде ғана есін жиып, бала тауып, бала өсір деп өкінер деген 63 тарауы арналған. «Тәр- биеші ал ізгілікті, киелі, Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі. Ұл-қызыңа әдет үйрет, білім бер, қос жалғанда нәсіп көріп, күлімдер. Әйел әпер ұлға, қызды ерге бер, Қайғы-мұңсыз тірлікке не тең келер! Ұлыңды үйрет күллі өнер, білімге. Ол өнермен дүние табар түбінде деген ойшыл бабамыз халқымызға.
Бұл өлеңінде халқымыздың дүние танымынан өрбіген жанұя, балалар мен ата-аналар жөніндегі ұғымдарын, түсініктерін ашып көрсетуге үлкен орын берілген. Осы үрдіс халқы- мыздың тұрмыс-тіршілігінен, өмір тәжiрибесінен шыққан ежелгі дәстүр. Ата-ананы сыйлау, пір тұту − түркі халықтарының айнымас қасиетінің бірі. Өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, ақ сүтін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында сақтап, құрсақ тәрбиесінен бастап, әлпештеп аялап өсірген ана алдындағы қарыз сезімі әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі болып табылады. Ата-ананы құрмет тұту халқымыздың қанында барлығы дінімізде, салтымызда, ақынымызда, жырымызда, әнімізде, күйіміз де қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей түседі деп білеміз.
Қазақ халқымыз отбасындағы осындай өзіне тән тәрбиелік ережесі ұрпақтың ауыз бір- лігін, бірін-бірі жолына қарай құрмет көрсетуі ішкі жан сезімінің сүйкімділігін, мінез-құлық ережесінің қалыптасуының негізгі шарттары.
Дүниеге келген баланың бала болып өмір сүріп кете салуы да оңай емес. Үлкен күтім, жылы алақан, қамқор әке, ата, әже, ана еңбектері керек. Сондықтан әрбір отбасының мүше- лерінің қарттарын қадірлеп сый-құрмет көрсетілуін, ол нағыз адам болатынына тән адам- гершілік қасиет деп түсіндіреді.
Халқымыздың тарихында аты әлемге әйгілі, ұл-қыз өсіріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болған аталар болған. Аналар атымен аталған рулар мен жер аттарын кездестіреміз. Олар: Домалақ ене, Қарашаш ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана сияқты аналарымыз еліне әйгілі боларлық ұл-қыз өсіріп, бір ру тайпаның атын иеленіп, өнегелі істері аңызға айналып, бүгінгі жастарымызға жетті деп білеміз.
Осыған орай қазіргі жастарға да, ескеру керегі − ол жар таңдау, ұл болса қызды таңдап, дұрыс жүр шыңдап қарап, сынап теңін алу, қыз болса, құлқы жақсы болу, келісті жағымды мінез, қылықтары болу керек деп ескертуіміз қажет. Қыз баланы тәрбиелеу бір жөн де сақтап, құтты қонысқа қондыру - әке-шешенің қарызы.
Жас келіннің бойына бала біткенін сезісімен, енесі оны өз қаморлығына алып, оны пәле- жаладан, тіл-көзден сақтау шараларын істей береді. Яғни, қазақта бала тәрбиесі баланың шешесінің бойына бітуінен басталады десек, артық айтқандық болмас. Тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, бой тұмар жасатып береді.
Қазақ халқы қызында, ұлын да тәрбиеден тыс қалдырмаған. Ана құрсағында басталған тәрбие мектебі дүниеге келген күннен жалғасын тауып, есейіп-еңкейген шақта да өзінің ролін жоймағандығын ғылыми педагогиканы зерттеушілер әрбір халықтың өзіндік ерекше- лігін ескере отыра, тәрбиенің ғылыми болжамын жүргізуді жалғастырса керек деген.
Баласағұнның қыз баланы тәрбиелеу жөнінде ойлары мағынасы терең. Бала көңілі ор- нықпаған, әрбір жақсы-жаман жағдайларға еліктегіш деп қыз балаға қазақтың «қызды қырық жерден тыю» дегенге тоқталып: «Қызыңды үйде бексіз ұзақ ұстама, Ауырмай-ақ өлерсің сен, құсадан» − ұл-қызына орынсыз жүргізбей, бейбастыққа да жібермей, «үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма!», дейді. Әрине, ата-ана тәрбиесін көрмеген ұрпақ − көргенсіз. Ұрпақ − болашағың, осыған орай халықтық сипаттың, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің қайнар көзі осы «Құтты білікте» айқындалған. Халықтың ұлттық ерекшелігінің көріністері, наным- сенім, сана, салт-дәстүр белгілері, оның жалпы адамзаттық, адамдық қасиеттермен ұласатын көріністері осы Баласағұн дастан мен қазақ әдебиетінің түйінді байланыстарынан да көрінеді. Халқымыздың қанына сіңген қасиеттер; үлкенге құрмет, кішіге ізет, барға қанағат, қонақ- жай жомарттық, мейірімділік, бала тәрбиесіндегі ұстамдылық пен балажандылық, кіші- пейілділік, отбасындағы ізгі сипат белгілері, мемлекеттік іс, тұрмыс, өмір, мораль, этика тақырыптарын толғаған.
Ал, жігіттерге де «адамшылыққа − адамшылдық, (600, 601) қайырымға − қайырым ету ту- ралы өсиеттерінде, «Адамшылық − адамға тән қазына, солай қазір, солай болғын бағыдан, деп қайырымды болу керектігін», қызмет еткен азаматша жаныңда, Жайдай көріп, ар жолынан жаңылма! деген. Жастардың назарын әдептілікке, сыйласымдыққа мейірімділікке бейімдеуді үлкен мәселе етіп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |