Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет33/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162

Ті көмекші етістігі.


хуш туйур (Худағе хамді бихад куб ададдан Фирште хуш туйур аниса иле жан
Дию, пери, жанлы-жансыз барче мақлұқ Машғул дур бр Аллаһниң зикри брлән)
Сөздің абсолют басында ұяңдардан гөрі қатаңдар жиі қолданылады, бірақ т~д, п~б сәйкестігі сирек те болса ұшырайды [Томанов М. 1988, 266]. Ғ.Айдаров кейінгі жарық көрген еңбектерінде е, ерті, ті, те, бол, ол, қол, бер, ыд, кел, көр, олур көмекші етістік қызметінде қолданылатындығын көрсеткен [Айдаров Ғ., 2000, 102]. Көне түркі ескерткіштерінде қатаң вариантымен кездесетін ті, те «Назым сияр» шығармасында да жалғасын табады Жоғарыдағы түркілік сөздер жалпы кітаби тілде жазылған ортағасырлық түркі мұраларында да, кейінгі ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырларда жазылған қиссаларда да бір дәрежеде қолданылып отырады. Кейінгі ғасырларда бұл сөздерді алмасытаратын қазақ сөздері болса да кітаби ақындар дәстүрден ауытқымау мақсатында бұларды сол ортағасырлық мағынасында қолданып келді.
Қорыта айтқанда, кітаби тіл, оның ішінде, «Назым сияр шариф» шығармасында араб және парсы сөздері өте көп болғанымен, түркілік элементтер кездескенімен бұл шығарма тілі қазақ қауымына жат емес. Керісінше, ұлттық дәстүрден, дінінен қол үзбеген ХХ ғасыр басындағы қазақ елі үшін өте түсінікті тілмен жазылған шығарма деуімізге толық негіз бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шәді төре Жаһангерұлы. Назым сияр шариф. Ташкент, 1914. –Алматы: Арыс, 2003. -384 б

  2. Сыздықова Р. Ясауи «хикметтерінің» тілі. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. -552 б

  3. Машанов А. әл-Фараби және Абай. –Алматы: Қазақстан, 1994

  4. Оразов М. Көмекші сөздер. 2-кітап. Ташкент, 1997 . -184 б

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988. -266 б

  6. Айдаров Ғ. Тонықұқ ескерткішінің тілі. Алматы, 2000

СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ САХНАЛЫҚ СИПАТЫН БІЛЕМІЗ БЕ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет