Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет57/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Әдебиеттер:

  1. Қ.Қадашева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, «Мұрагер», 2005 ж.

  2. А Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1991ж.

  3. Қазақ тілі грамматикасы. А. 2002ж

  4. Қ. Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А. 2010 ж

  5. Ы. Маманов Қазақ тіл білімінің мәселелері. А. 2014

  6. Жүнісова А. Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер//ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 2013, – №1-2, (141-142), 235 б.

ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ


БИЛІКТІҢ МҰРАЛАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ


Өзенбек Е.Р.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қ, Қазақстан.

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму саласындағы жаңа қоғамның қалыптасу үдерісіндегі көрнекті жетістіктер еліміздің өткен тарихына негізделген. Қазақстан мемлекеттігінің тарихын зерделеу отандық тарихи ғылымның келелі мәселе- лерінің бірі болып табылады. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік тал- дау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның таби- ғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады.


Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деп жазып кеткеніндей, ұлт ретінде одан әрі дамуымыздың басты кепілі ұлы дала тарихын дәріптеу, тарихымыздың өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау және кез-келген тұлға өз ұлтының шежіресін зерделеуі маңызды болып табылады.
Бір жоғарғы билеушіге бағынатын көшпелі ру-тайпалық топтардың едәуір үлкен тобы объективті түрде өзіндік тәртіпті талап етті. Бұл жағдайда мұндай реттеуші механизм әскерлерді ұйымдастырудың ондық жүйесі аумақты және бағынышты халықты екі қанат пен орталыққа бөлетін болды [7]. Бұл көшпелі бірлестіктер қатаң иерархиялық көп сатылы сипатқа ие болды. Осылайша, саяси топтар өскен сайын көшпелі қауымдастықтардың сырт- қы және ішкі табиғаты да өзгерді деп айтуға болады [6]. Бұл прото-мемлекеттік құрылым- дарды (қағанаттар, хандықтар және т.б.) құруда көрініс тапты.
С.К. Ибрагимов, В.П. Юдин, К.А. Пищулина, М.Х. Абусейтова сынды шығыстанушылар қазақ халқының өткенін зерттеуде белгілі бір үлестер қосты. XV-XVI ғасырларға жататын
«Тарих-и Абулхаир–хани», «Михман-наме-йи Бухара», «Шейбани–наме», «Фатухат–и хани»,
«Шараф-наме-йи шахи» сынды үзінділерді жариялай отырып, қазақтардың көрші елдермен және халықтармен сыртқы саясатының тарихын зерделеу үшін маңыздылығы зор екенін атап өтті. В.П. Юдиннің Қазақстан мен Шығыс Түркістан тарихын зерттеу үшін бұрын пайда- ланылмаған Утемиш–хаджидің «Чингиз-наме» (XVIғ.), «Тарих-и шайбани» (XVIІғ.) Мухам- мад Аваздың «Зийа ал-кулуб» (XVIІғ.) сынды аз зерттелген қолжазбаларды талдауға арнал- ған мақалалары үлкен қызығушылық тудырады.
Жаңа Османлы дереккөздер мен Стамбулдың қолжазба қорларындағы «Мират-ал-мама- лик», «Тарих» Сейфтер, Тегераннан ирандық «Маджмуи-йи», «Алам-ара-йи Сефеви» сынды деректе Қазақ хандығының Осман империясының Сефевидтерімен өзара қарым-қатына- сының шығу тегіне ретроспективті талдау жасауға мүмкіндік береді [5, 23 б]. "Жалис-ал- муштакин", "Маджму ат-таварих", Ламахат мин нафахат ал-кудус сияқты сопылық әулиелер өмірінің агиографиялық шығармаларының мәліметтерін талдау, сопылықтың рөлін және исламның таратылуын және олардың Қазақ хандығындағы саяси оқиғаларға әсерін ашуға мүмкіндік береді. Абусейтова бастаған ұжымдық топтар тапқан жер сатып алу туралы құжаттар, шейх Джуибари ұрпақтарының жер туралы шағымдары боллуы, XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының мемлекеттік істеріне джуйбар шейхтерінің айтарлықтай әсер еткенін көрсетеді.
О.Ф. Акимушкиннің Шах Махмұд Чоростың «Хроники» атты түпнұсқа бөлімін жариялау қазақ, өзбек, қырғыз және ойрат тарихына қатысты қызықты материалдармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл материалдар моғолдардың Шайбанидтермен және Аштарханидер- мен, қазақтармен, қырғыздармен және қалмақ феодалдармен қарым-қатынасына, сыртқы саяси қатынастарына жарық алып келді. XVIғасырдағы қазақтар мен Ресейдің қарым– қатынас проблемалары, олардың саяси және сауда байланыстары В.Я. Басиннің еңбектерінде қарас-тырылған. Кеңес ғалымдары XVI-XVIII ғасырлардағы Орталық Азия мен Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, әлеуметтік, экономикалық және сыртқы саяси тари- хын зерттеудің қайнар көзін толықтырумен байланысты үлкен мәселелерге аса зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде «Материалы по истории казахских ханств в XV-XVIII веках», «Материалы по истории киргизов и Киргизии», «Материалы по истории туркмен и Туркмении», «Казахстан в XVI-XVIII веках», «Казахско-русские отношения в XVI- XVIII веках» сынды осындай ұжымдық жұмыстардың пайда болуына алып келді. Диплом тақырыбына бірден-бір маңыз-ды еңбек ол «Материалы по истории казахских ханств в XVI- XVIII веках: (извлечения из персидских и тюркских сочинений)» болып саналады.
XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін Хафиз Таныш бен Мир Мухаммед Бахаридің сол кездегі ортаазиялық тарихнамада кеңінен мәлім
«Шараф-наме-йи шахи» (Шахтар даңқы кітабы) деген еңбегінің маңызы зор. Автор тікелей шайбанидтік ІІ Абдаллах ханға қызмет еткен. Ол еңбекте ІІ Абдаллах ханның әскери жорықтары, Орта Азиядағы көршілес өлкелерде болған оқиғаларды егжей-тегжейлі жазып отырған. Махмуд ибн Әмір Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар» (Өнегелі адам- дардың ерліктері жайлы ғаламат құпиялары) деген еңбегінде соңғы орта ғасырлардығы Қазақстан тарихы жайында көптеген құнды материалдарды кездестіруге болады.
XVI ғасырдың екінші жартысында кездесетін шығармалар қатарына «Тазкира-йи Ходжа Мухаммад Шариф» (Шарифтың ғұмырнама тарихы) атты еңбекті жатқызамыз. Бұл авторы беймәлім шығарма Қашқариядағы белгілі суфылық тұлғаға , яғни Қожа Мұхаммед Шарифке арналған. «Тазкира-йи Шариф» тұрмыстық әдебиет жанрында жазылған. Оның бірінші бө- лімі аңыз негізінде жазылған және суфылық ізгілік рухына арналған. Ал тарихи мағлұмат- тарды екінші бөлімінде кездестіре аламыз. Ол жерде Шағатай ұрпағы Абд ар-Рашид ханның ұлы Абд әл-Латифтің қырғыздарға қарсы шапқыншылығы туралы және кейіннен оның өрлеуі туралы мағлұматтарды кездестіреміз.
Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадыр-али бек (Қадырғали, 1530-1605жж.)бізге дейін жеткен, шартты түрде «Жами ат-таварих» (Жылнамалардың жинақтары) деген тұңғыш тарихи еңбекті жазады. Бұл шығарма ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағы (XIVғ) негізінде жазылған. Кітаптың қазақ хандарының тарихын көп жағынан айқындайтын екінші бөлігінің дербес және өте құнды маңызы бар. XV-XVI ғасырларға жататын «Тарих-и Абулхаир-хани», «Михман-наме-йи Бухара», «Шейбани-наме», «Фатухат- и-хани» сынды үзінділерді жариялай отырып, қазақтардың көрші елдермен және халық- тармен сыртқы саясатының тарихын зерделеу үшін маңыздылығы зор.
XVI ғасырдың екінші жартысынддағы Қазақстан тарихын зерттеушілері үшін Хафиз Таныш бен Мир Мұхаммед Бұхаридің сол кездегі ортаазиялық тарихнамада кеңінен мәлім
«Шараф-наме-йи шахи» («Шахтар даңқы кітабы») деген еңбегінің маңызы зор. Шығарма басқа аттармен де танымал: «Абдаллах-наме» - «Абдаллах жайында кітап», «Зафар-наме» -
«Жеңіс кітабы», «Сахифа-йи шахи» - «Шахтың парағы». Автор Шайбани II Абдаллах ханға қызмет етіп, оның қызметін, әскери жорықтарын, Орта Азия мен көршілес өлкелерінде бол- ған оқиғаларды егжей-тегжейлі жазып отырған [28, 8 б].
Абдаллах өзінің шайбанилік мемлекетті біріктіру жолындағы күресінде көршілес билеушілердің, атап айтқанда қазақ ханы Шығай мен оның ұлы Тәуекелдің әскери күштерін пайдаланған. Сондай-ақ, Қазақтардың Сыр өңірі қалалары үшін күресі туралы мәліметтер кездеседі. Абдаллах ханның Сарысуға дейінгі қазақ жеріне жасаған жорығын суреттеуден қалалардың, далалық аумақтың экономикалық жағдайы туралы әр түрлі материалдар, этно- графиялық деректер алуға болады [8, 237 б].
Хафиз Таныш бен Мир Мухаммад ал-Бухари әдебиетте екі лақап ат (тахаллус) қолданған: Нахли (негізгі) және Кирами. Хафиз Таныш туралы ақпараттар ең алдымен өзінің еңбегінде жазылған. Қосымша қысқаша биографиялық материалдар Нисаридің «Музаккир ал-ахбаб», Насрабадидің «Тазкира-йи Насрабади», Дарвиш Алидің «Тухфат ас-сурур», Мұхаммед Йусуфа-муншидің «Та’рих-и Муким-хани», Шаме ад-Дина Самидің «Камус ал-а‘лам» атты еңбектерінде кездестіруге болады. Нисба Бухари Хафиз Таныштың бұхаралық болғанын айтады. Әкесі Маулана Мир Мұхаммед, Убайдаллах ханның (1533-1540) жақын адамы бол- ған және Бұхарада тұрған. Махмуд-и А‘заманың «Джами ал-макамат» еңбегінде XVI ға- сырдың 50-жылдарында туралы хабарламалар бар (Өзбек КСР Ғылым академиясының қолжазбасы, № 7638, 116а б.). Маулан Мир Мұхаммед Қашғарға кетіп, сол жерде екі жылдан кейін қайтыс болады. Хафиз Таныштың нақты туған күні белгісіз. Автордың өзі Шайбанид Абдаллах хан II (1583-1598) Мавераннахрды бағындырып, Бұхараны астанаға айналдырғанда оның отыз алты жаста болғанын айтады. Мұнда Хафиз Таныш сот акыны және шежіреші қызметін атқарды, ол музыканы білуші ретінде де танымал болды. Жазушының өмірінің алдыңғы жылдары мен кейінгі жылдары туралы мәліметтер аз келтірілген. Абдаллах ханның өмірінің соңғы жылдары мен оның ұлы Абд ал-Муминнің (1598 жылы өлтірілген) кезінде қайда болғандығы белгісіз. «Шараф-наме-йи шахи» Хафиз Таныштың негізгі еңбегі, осының арқасында оның есімі кеңінен танымал болды. Бұл көлемді шығарма ұйқас прозада, көркем және нақышталған әдеби тәжік тілінде (парсы) жазылған. Сонымен қатар, Құран мен ха- дистерден алынған үзінділермен жабдықталған. Лингвистикалық тұрғыдан оның шежірелігі қолданысын жоғалтпаған.
«Шараф-наме-йи шахи» шежіресінің атауы - бұл шығармадағы белгілі бір кезеңдерге байланысты болған оқиға. Абжад хронограммасы бойынша 922 ж, яғни 1584жылға сәйкес келеді. Шежіреде кейінгі жылдардағы оқиғалар сипатталғандықтан, шежіренің қай жылы жазылуының аяқталған жылы ретінде көрсетілмеген. «Шараф-ат-шахи»-де жазудың аяқтал- ған күні де жоқ. Шығармада айтылған соңғы күндер жайында үзінді жолдарын келтірер болсақ: Разум невольно сказал дату завоевания: «Да будет к счастью ему (т. е. Абдулле- Хану) город Герат» [8, 240 б].
Хафиз Танышға дереккөздер жинағы ретінде өзінің әсерлері мен замандастарының, куәгерлердің және оқиғаларға қатысушылардың әңгімелерін тікелей жазып, ресми мемле- кеттік құжаттарды қолдана отырып, қағаз бетіне түсірген. Хафиз Таныштың пайдаланылған әдеби дереккөздер қатарына: Наршахидің «Тарих-и Бухарасы», Ата Малика Джувайнидің
«Та’рих-и джахан-кушайы», автордың аты-жөні көрсетілмеген «Кита-б масалик ва мамалик», Хамдаллаха Казвинидің «Нузхат ал-кулуб», Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Джами ат- таварихы», Хафиз Абрудың «Тарих-и ал-и Саманы», Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и Рашиди», Шараф ад-Дина Али Йаздидің «Зафар-намесі», авторы көрсетілмеген «Та’рих-и Шайбани», Фахр ад-Дин Али бен Хусайна Кашифидің «Рашахат айн ал-хайат». Автордың аты аталмаған «Та’рих-и Шайбани» дереккөзін қоспағанда осы дереккөздердің бәрі белгілі. [8, 241 б]
«Шараф-наме-йи шахи», «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар», «Тарих-и Кипчаки»,
«Бадай ал-вакай» атты тарихи шығармалардың үзінділері мен Қадырғали Жалайырдың «Ше- жірелер жинағы», Мухаммед - Юсуф Муншидың «Муким-ханская история» атты еңбегіндегі мәліметтерінен сұлтандардың қазақ қоғамындағы орынын біле аламыз. Қадырғали Жалайыр- дың еңбегінде Хақназар ханның шығу тегі, Шығай сұлтанның, оның ұлы Тәуекел сұлтан- нның билікке отыруы, ал Хафиз Таныштың «Шараф наме- йи-шахи» еңбегінің мәлімет- терінен біз Шығай сұлтанды неліктен далалық жазықтың билеушісі атанғанын, Тәуекел сұлтанның өміріне қатысты мол материалдарды біле аламыз.
Махмұд ибн Әмір Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар», (Өнегелі адамдардың ерліктері жайлы ғаламат құпиялары) деген энциклопедиялық еңбегінде соңғы орта ғасыр- лардығы Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі және өте құнды материалдар бар. Махмұд ибн Уәлидің мәліметтері оқиғаларды көзімен көргендер мен қатысушылардың айтқандарына негізделген.Есім хан мен Тұрсын ханның ерегістері, Есімнің ойраттарға қарсы жорығы
,Имамқули ханның ханның Ташкент пен Түркістанды Есімге беруі туралы материалдар мен басқа да деректер ынта-ықылас туғызады [8, 320 б]. Екінші бөлімде Моғолстан мен Могулияның (Шығыс Түркістан) шағатайларының тарихы баяндалғандықтан, қазақтар туралы мәліметтер қазақ-моғол қатынастары тұрғысынан ұсынылған. «Бахр ал-асрар» - Тарих-и Рашидиден соң Моғол тарихы туралы баяндайтын бастапқы дереккөз. Шамасы, бұл пікір нақтылауды қажет етеді. Махмуд бен Әмір Уәли Амин Ахмад Разидің «Хаф иклим» туындысын - өзіндік географиялық және өмірбаяндық энциклопедиясында қолданды [8, 324 б.]. «Хаф иклимде» 1002 жылы жазылуын аяқтаған,яғни 1593/1594 жылдары, бұл еңбекте Шығыс Түркістан туралы деректерді кездестіруге болады. «Бахр әл-асрардың» екінші бөлімінде қазақтар туралы жаңалықтар сан алуан. Оларды төмендегідей қорытындылауға болады: 1) қазақ-моғолдық бәсекелестік және қазіргі Қырғызстан аумағын иелену үшін соғыс; 2) қазақтардың Шығыс Түркістан территориясына қоныс аударуы; 3) қазақ хандары- ның Моғол шағатайларымен одақтастық қатынастары: Есім Чалыш билеушісі және Турфан Абд ар-Рахим ханмен; Тұрсын Мұхаммед (Яркенд ханы) және Қашғар Абд әл-Латиф (Апак) ханмен; осы екі жол бойындағы династиялық неке; 4) Есім ханның Чалыш пен Турфанға араласуы және бірнеше жыл бойы оған бағынған қазақ руларының көшпенді болуы;
5) Есімнің бағыныштыларымен бірге Шығыс Түркістан шағатайларының халықаралық соғысына қатысуы [8, 326 б].Қашғариядағы белгілі суфылық қайраткер Қожа Мұхаммед Шарифке арналған ,авторы беймәлім шығарма «Тазкира-йи Ходжа Мухаммад Шариф» («Қожа Мұхаммед Шарифтің ғұмырнамасы») XVI ғасырдың екінші жартысына жатады.
Қасым ханға, сол тұстардағы қазақтардың өмір тіршілігіне де М.Х. Дулати бірнеше беттер арнаған. Қасым хан Саид ханның алдына келгенде жылы жүздесіп құрметтегені сондай, хан өмірінің соңғы сәтіне шейін оның кішіпейілдігін ұмытқан еместігін жазып өт- кен [9].
Мұхаммед Хайдар Дулатидің әңгімелерінен патшалықты басқару ережесіне тоқталайық. Опасыз дүние байлыққа сүйенбеген патша нағыз патша, себебі опасыз дүние өтпелі, тұрақсыз. Егер патшалар әлдебір қалаға шабуылмен кірсе, оны қиратпай тынбайды, атақты адамдарды қор етеді. Сәйкесінше оларда соны жасайды. Егер кімде кімнің маңдайына құдайдың құлдарына қамқоршы болу, патшалық билікке қол жеткізу жатса, онда ол пат- шалық етудің өзіндік шарттары бар. Яғни, патшаның құқықтары бар. Патша сол құқықтарға бағынбаса, қиямет азабынан құтыла алмаған. Патшалықтың өзіндік он шарты бар: белгілі бір істі шешерде патша, я әкім өзін көпшіліктің бірімін деп өзін санау қажет; басқаны өз ал- дында әкім ретінде қою керек, өзі құптамаған шешімді өзгеге лайық деп санамау қажет. Патша мұсылманның қажетін орындауды ғибадат санағаны абзал. Мұсылман патша ұдайы мұсылманның мұқтажын өтеуге дайын болуы қажет. Егер де мұсылман оның алдына қажет- тілікпен келіп тұрса, ол сол мұсылманның талабын орындамай ешбір жұмысына кіріспеуі қажет; әр түрлі тағамдарды жеп, мәз болып, ішіп көңіл көтеріп, қымбат бағалы киімдер киіп еліктеген дұрыс емес. Билеуші кішіпейіл болуы ғибадатқа дұрыс; сыпайы сөйлеу, себепсіз- ден қатал тіл қатпау, әлсіздермен, пақырлармен сөйлесуге арланбауы керек; патша халықты риза ету үшін үкімінде әлсіздік байқатпауға және алдамауға тиіс. Кез-келген адамды риза ету үшін хақ және шариатқа қарсы іс жасамауы қажет; билеуші елге төнген қауіптен қамсыз қалмауы қажет, ол әмір мен басқарушының билігі мәңгі игілікпен бақыттың құралы екенін білулері қажет [10]; патшаның дінді уағыздаушылармен, ғұламалармен сұхбаттасуларына болады, ал тақуа сипатындағы надандармен, өтірікшілермен, пасықтармен сұхбаттасудан аулақ болуы қажет; патша менменсініп, халықты жәбірлеп, өзінен шошытпауға тиіс, қол астындағыларға, әлсіздерге қолына келгенінше көмек көрсетіп, игілік, шапағат жасап қара халықтың сүйіспеншілігіне бөленуге ұмтылуы қажет; тарихи тұлғалардың өмір жолы мен тарихын Қазақ хандығының тарихымен байланыстыра отыра және бірнеше тың тұжырым- дарды шартты түрде екі үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңге – хандық- тың бір орталықтан басқарылып тұрған жылдары, ал екінші кезеңі Қазақ мемлекетінің бытыраңқылыққа ұшыраған жылдары [3]. Хандық дәуірдің бірінші кезеңі өз ішінде мынадай кіші кезеңдерге бөлінеді: хандықтың құрылу кезеңі; хандықтың күшею кезеңі; әлсіреу кезеңі; қайта өрлеу кезеңі; «текетірес» кезеңі; жоңғарлармен алғашқы күрестер кезеңі; «алтын ғасыр» кезеңі немесе Тәуке хан билік құрған жылдар кезеңі.
Ауыз әдебиетінің материалында «10 жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жер- леніпті»,- деген мәлімет көп нәрсенің бетін ашуға көмектеседі. Сол маңдағы таудың «Хан тау» аталуы осыған байланысты [1]. Қазақ хандығы тарихының «уақытша әлсіреу» кезеңінде болған ерекше жағдайға – хандықтың саяси бытыраңқылыққа ұшырауы жатады. Өйткені, осы тұста Қазақ хандығында бірнеше хан бір мезгілде, бірнеше аймақта билік жүргізе бастайды. Қадырғали Жалайыр еңбегінде осы кезеңде билеуші әулет өкілдерінің бірнешеуі уалайаттарда кіші (келте) хан болды деп айтады [4].
М.Х. Абусеитова Қазақ хандығындағы биліктің хандар, сұлтандар мен ақсүйектер ара- сындағы биліктің бөліну жүйесін талдау арқылы құрылымын зерттеу маңызды деп санайды. Тәуке ханның тұсындағы «Жеті Жарғы» заңдары салық, әскер, хандар, сұлтандар, қалалық орталықтар, хандық билік мәселелеріне және де басқа тақырыптарға қолданылған. Тәуке заңдарын құрасытырушылар заңды жазбаша жазбған. Қазақтардың өзі «Жеті жарғыны» жазбаған. Бұл бізге орыс ғалымдарының кейінгі жазбаларында түскен және екі басылымда белгілі. Оларды 1820 жылы Г. Спасский өзі шығарған «Сібір жаршысы» беттерінде жария- лады. «Жеті жарғының» екінші басылымының мәтіні қазақтардың тарихы мен өмірі туралы белгілі сарапшы А. Левшиннің еңбектерінде берілген [10].
Ортағасырлардағы Қазақстан аумағында өмір сүрген қазақ халқының хандық биліктің ерекшелігі, оның мұралану үдерісі, сонымен бірге сол кездегі қазақ халқының әлеуметтік- экономикалық өмірі, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі, көшпенділердің көші-қон бағыттары мен әскери өнері туралы мол мәлімет берілетін деректердің айғақтық мәні, маңызы зор болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет