Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет159/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   326
Литература 
1.  Bach M. J.,  «The Design of the UNIX Operating System», Englewood Cliffs, NJ, Prentice 
Hall, 1987. 
2.  Alexander Mikhailian, Belarusian-HOWTO, TLDP, 2001. 
3.  Tomohiro KUBOTA, «Introduction to i18n », Official debian documentation, 1999. 
4.  Бектаев К., Большой казахско-русский, русско-казахский словарь, 2007. 
5.  Сыздыкова Р.Г., Қазақша-орысша сөздік. Казахско-русский словарь, Дайк-пресс, 1008 
стр., 2002. 
6.  http://www.gnu.org/software/gettext/manual/gettext.html 
 
 
Т.СУЛЕЙМЕНОВ, Р.С.НИЯЗОВА, Л.Т.УРАЗБАЕВА. 
 
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана, Қазақстан 
 
 
МӘТІНДІК ӘРІПТЕРДІ АУЫСТЫРУШЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАЛАР 
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ВЕРИФИКАЦИЯСЫНДАҒЫ СЕНІМДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Мақсаттық жүйе ешқашанда монолитті болмайды да ол бірнеше компоненттерден тұрады. 
Яғни  бұл  жағдайда  жүйенің  сыртпен  әсерлесуі  сол  компоненттердің  өз  ара  әсерлесуімен 
жалғасып  жатады.  Соңғысы  ішкі  процесс  ретінде  боладыда  сырттан  бақылауға  көнбеуі 
мүмкін. Ендеше біз жүйелерінің компоненттерінің сенімділігін болжай білуіміз керек. 
Сенімділік  деп  тасымал,  сақтау,  жөндеу  және  программалық  қамтамалық  қызмет 
көрсетуде,  берілген  режимде  және  қолдану  шарттарында  талап  етілетін  функцияларды 
орындау  мүмкіндігін  бейнелейтін  барлық  параметрлердің  мәндерінің  белгіленген  шегінде 
уақыт  бойынша  объектінің  қасиетін  сақтауды  атаймыз.  Пайдалану  шарттарын  кеңейту, 


153 
 
радиоэлектронды 
құрылғылармен 
орындалатын 
функциялардың 
жауапкершілігін 
жоғарылату, олардың күрделенуі өнімнің сенімділігіне деген талаптың жоғарылауына алып 
келеді [1].  
Сенімділік  күрделі  қасиет  болып  табылады,  және  тоқтаусыздық,  ұзақ  мерзімділік,  қайта 
қалпына  келу  және  сақталыну  сияқты  құрамалардан  қалыптасады.  Мұндағы  негізгісі 
тоқтаусыз  жұмыс  істеу  қасиеті  –  уақыт  ағымында  бұйымның    жұмысқа  қабілеттілік 
жағдайын  үздіксіз  сақтау  қабілеті.  Сол  себепті  программалық  қамтамалық  құралдардың 
сенімділігін қамтамасыз етуде оның тоқтаусыздығын жоғарылату анағұрлым маңызды болып 
табылады.  
Сенімділік  мәселелерінің  ерекшелігі  оның  программалық  қамтамалық  құрылғыларының 
«өмірлік циклінің» барлық этаптарымен байланысы болып табылады, құру идеясының пайда 
болуынан  бастап  сипатталуына  дейін:  өнімді  есептеуде  және  жобалауда  оның  сенімділігі 
жобаға  салынады,  дайындау  кезінде  сенімділік  қамтамасыз  етіледі,  пайдалану  кезінде  − 
жүзеге  асырылады.  Сол  себепті,  сенімділік  мәселесі  –  кешенді  мәселе  және  де  оны  барлық 
кезеңде,  сонымен  қатар  түрлі  құралдармен  шешу  қажет.  Өнімді  жобалау  кезеңінде  оның 
құрылымы  анықталады,  таңдау  немесе  элементтік  базаны  әзірлеу  орындалады.  Сондықтан 
мұнда программалық қамтамалық құрылғылардың талап етіліп отырған деңгейде анағұрлым 
жоғары  мүмкіндікті  сенімділігі  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  есепті  шешудің  негізгі  әдісі  болып 
жобаны  тізбекті  қажетті  түзетуі  бар,  оның  құрамдас  бөліктерінің  сипаттамалары  мен 
объектінің  құрылымына  тәуелді  сенімділікті  есептеу,  бірінші  кезекте  −  тоқтаусыз  жұмыс 
істеу болып табылады.  
Сенімділікті  жоғарылатуды  талап  ететін  себептердің  бірі  программалық  қамтамалық 
жүйелердің  күрделенуінің,  оларға  қызмет  көрсететін  аппаратуралардың  өсуі,  оларды 
пайдаланудағы  шарттардың  және  тапсырмалардың  жауапкершілігінің  қатаңдығы  болып 
табылады.  
Программалық  қамтамалық  жүйелердің  [2]жеткіліксіз  сенімділігі  жобалауға,  өндіріске 
және осы жүйелерді пайдалануға кеткен жалпы шығынмен салыстырғанда эксплуатациялық 
шығынның  үлесінің  өсуіне  алып  келеді.  Мұнымен  қоса,  программалық  қамтамалық 
жүйелердің эксплуатациясының құны оны өңдеуге және дайындауға кеткен бағадан бірнеше 
есе асып түсуі мүмкін. Бұдан басқа, программалық қамтамалық жүйелердің тоқтап қалуы әр 
түрлі  салдарға  алып  келеді:  ақпаратты  жоғалту,  программалық  қамтамалық  жүйелермен 
жанасқан басқа құрылғылардың және жүйелердің бос тұрып қалуы, апаттың болуы және т.б.
 
Сонымен  қатар,  ақырғы  есепте  программалық  қамтамалық  жүйелердің  сенімділігі 
іріктеліп  жиналған  элементтердің  сенімділігімен  анықталады.  Сол  себепті  сенімділіктің 
элементтік қорының негізгі сұрақтарын білу қазіргі таңда табысты жұмыстың қажетті шарты 
болып табылады. 
Бұл  жұмыста  программалық  қамтамалық  жүйенің  тоқтаусыздығының  сандық 
сипаттамалары,  олардың  жалпы  сипаттамалары,  сонымен  қатар  программалық  қамтамалық 
жүйенің  құрылымдық−логикалық    анализін,  құрылымдық  сенімділігін  есептеу 
қарастырылған.  
Қазіргі шақта бізде программалық қамтамалық жүйелердің сенімділігін 
арттыру әдістері қарастырылып жатыр.  
Бұл  жұмыста  жоғарыда  қарастырылып  келген  жүйенің  құрылымды  сенімділігін  есептеу, 
программалық  қамтамалық  жүйелердің  сенімділігін  арттыру  әдістерін  бағдарламалық 
қамтамада жүзеге асыру жүргізілген, яғни программалық тілде жобалау немесе жүзеге асыру 
бөлімі қамтылған. 
 
Әдебиеттер 
1. 
Шарипбаев А.А., Ефимкин  К.Н.,Задыхайло И.Б.Об одном подходе к верификации 
программ  обработки  символьной  информации.  Тез.док.Всесоюзной  конференции  «Методы  
искусственного интеллекта», Паланга,1980,с.67-70 


154 
 
2. 
Шарипбаев  А.А.  Редукция  проблемы  верификации  программ  к  проблеме 
выполнимости  логических  формул.  Доклады  национальной  академии  наук  РК,  №6, 
Алматы,1994, с.15-21 


155 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет