А.С. МУКАНОВА, Б.Ж. ЕРГЕШ, РАЗАХОВА Б.Ш. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ Бұл жұмыста қазақ тілінің морфологиялық ережелерінің онтологиялық модельдері
көрметілген.
Кілттік сөздер: онтология, морфологиялық ережелер, семантикалық гиперграф.
Қазіргі кезде табиғи тілді өңдеу процестерінде қиындық тудыратын жағдай ол формалдау
болып табылады. Сөзді тудыруды қандай да бір белгіленген траектория бойынша жүзеге
асыру қиын, себебі, сөзден жаңа сөз тудыру оның бастапқы түбірінің мағынасына
байлынысты болады. Сондықтан да білімді ұсынудың формалды құралын таңдау қажет.
Білімді ұсынудың формалды құралының бірі ретінде семантикалық гиперграфты алуға
болады. Семантикалық гиперграф семантикалық желінің кеңейтілген түрі, онда n-арлы
қарым- қатынас көрсетілген, сол себепті де семантикалық гиперграф арқылы объектінің
атрибуттарын ғана емес, сонымен қатар, олардың құрылымын, «бүтіндік» бейнеленуін
көрсетуге болады[1,2].