- Егер латынша жазылған «Кк» әріпі қазақтың латын баламасында жазылған «ә, ө, і, ү және е» әріптерімен көрші орналасса, онда ол «Кк» әріпі болып оқылсын, демек «k(ә, ө, і, ү,е)= к». Бұл жерде осы қағидаға «и» және «у» әріптері сәйкес келмей, өзгешелік танытады.
Мысалы, «қиын» және «киім» сияқты сөздер осы қағидаға бағынбайды. Сондықтан қазақ тілі
үндестік заңдылықтарын пайдалана отырып, осы сөздерді келесідей етіп жазсақ
«қиын»=«қыйын» және «киім»=«кійім», онда қазақ тілі заңдылықтары жазба
заңдылықтарына сәйкес және үйлесімді болып, бәрі орын орнына келеді де, жоғарыда
айтылған ереже мүлтіксіз орындалады. Осыған сәйкес «у» әріпінің заңдылықтарын зерттей
отырып, «қуат» және «куә» тәрізді сөздерді қарастырсақ, онда бұл сөздер «қыуат» және
«күуә» болып жазылу керек те, қазақ тілінің үндестік заңдылықтары толығымен сақталып,
жоғарыда айтылған ереже мүлтіксіз орындалады. Демек,