кейін (мәселен, «а», «о», «ұ» немесе «ы» ) орналаса, онда ол әсерін тек қана сол әріпке
тигізеді, ал егер апостроф осы әріптердің біреуінің алдында орналасса, онда ол әсерін
жазылып отырған сөздегі келесі әріптердің бәріне тигізеді. Мысалы, «k’osyldyryqty
adam», «сайгүлік=saig’wkyq»
Енді «ж» әріпін қарастырайық. Көптеген авторлар «ж» дыбысын «j» әріпімен белгілеп
жүр. Кейбір авторлар бұл әріпті «zh» комбинациясы арқылы белгілеуді ұсынады. Біздің
қолдауымыз Жж=Jj. Себебі қазақ тіліне еніп, төл сөздей болып кеткен көптеген атаулар мен
терминдер, мысалы «жапон», «жаргон», «жихад» және т.с.с. сөздер ағылшын және басқа
тілдерде «j» әріпі арқылы жазылады. Егер біз оларды «zh» арқылы жазсақ, онда ерсілеу
болатыны анық. Демек «japon», «jargon», «jihad».
Келесі қаратырылмақ дыбыстар «ғ» және «ш». Бұл дыбыстар қазақтың «г» және «з»
дыбыстарына ұқсас екенін ескере отырып, оларды ғ=gh және ш=sh арқылы белгілесік
ешқандай қарсылық туа қоймас. Бұл жерлерде «h» әріпі күшейткіш немесе жуандатқыш
таңбасы ретінде қолданылып тұр. Осы жерде «щ»-ны да қарастыра кетейік. Бұл қазақ
тілінде өте аз қолданылатын дыбыс. Оны біраз авторлар қазақ тіліне тән емес деп жүр.
Дегенменде «ащы», «тұщы» және сол сияқты сөздерді жазу кезінде біраз қиындықтар
туады. Егер оларды «ашшы» және «тұшшы» деп жазсақ (яғни «ashshy», «twshshy»), онда
біраз жазу көркемділігінен айырыламыз. Сондықтан оны щ=sch түрінде белгілесек, онда ол
өз орнын табар еді. Демек, Ғғ=Ghgh, Шш=Shsh, Щщ=Schsch.
78
Енді қазақ тілінде көп кездесетін «ң» дыбысын қарастырайық. Көптеген авторлар әртүрлі
ережелерді ұсына отыра оны «ng» комбинациясымен жазуды ұсынып жүр. Бұл біз
тарапынан қолдау таппайды. Себебі көптеген түсінеспеушіліктер пайда болады. Мәселен
«күнгей», «майдангер» тағы сол сияқты қаптаған сөздер дұрыс оқылмай қалады, олардың
жазылуын ережеден шығарып ерекшелік (исключение) ретінде жаттап алу мүмкін емес. Бір
мысал: «еріңе (күйеуіңе)» және «ерінге» сияқты сөздер бірдей жазылып қалады: «eringe».
Тағы бір мысал: «Сәкенге қара» немесе осы сөздің сыйластық түрі «Сәкеңе қара» сөздері де
бірдей жазылып, мәнісі жоғалады. Немесе «Көкенге (адам аты) ұқса» немесе «көкеңе (әкеңе)
ұқса» сөздері де осындай толық шатасуға түседі. Сол сияқты «qw’ngj» деген сөз екі түрлі
оқылып кетіп екі түрлі мағана береді: бірі – «күңі» (малайы), екіншісі – «күнгі» (әр күнгі
тірлігі). Тағы бір мысал: «сол qelinge ризамын» деп жазсақ, шатасу пайда болады – келіңе
(яғни келіге) риза ма, әлде келінге риза ма? Бұны ешқандай ережемен ажырата алмайсыз.
Осындай мысалдарды жеткілікті түрде көптеп келтіруге болады. Мәселен, «zhenggenge» деп
жазсақ ол екі вариантта оқылыды. Біріншісі – «жеңгенге» (жеңімпазға), екіншісі –
«жеңгеңе». Сондықтан бұл дыбысты жоғарыда көрсетілген «ғ, ш» дыбыстарына ұқсастау
етіп nh комбинациясымен белгілеуді ұсынамыз, демек ң=nh.
Сонымен қазіргі қазақ алфавиті ішіндегі барлық төл әріптерді қарастырып біттік. Енді
қалған кірме әріптерге тоқталайық. Алдымен «в» әріпін қарастырсақ, оны біраз авторлар
қазақ тіліне жат деп, оны қолданыстан мүлдеп алып тастайық дейді. Онда қазақ алфавитін
латын-ағылшын вариантына көшірген кезде осы әріпсіз «болт» және «вольт» сөздері бірдей
(мәселен, «bolt») жазылып, кездейсоқ қиыншылық туады. Осындай мысалдарды көптеп
келтіруге болады. Демек, бұл дыбысты қазақ дыбыстарының қатарына қосып, оған да жеке
әріп беру керек: Вв=Vv. Бұдан қазақ тіліне пайда келмесе, ешқандай зияндық келмейді, қазақ
тілі заңдылықтары бұзылмайды. Осындай қорытындыны «ф» дыбысы үшін де толық айтуға
болады. Шын мәнінде қазақ тіліне еніп, етене төл сөз болып кеткен аударылымы жоқ
көптеген сөздерді (мәселен «фильтр, финал, фотон, фокус, футбол, формат, формула,
функция, фильм, факс») бұрмалай жазсақ, одан бізге зиян болмаса пайдасы жоқ. Сондықтан
осы дыбысты өз қатарымызға тартып, өзі сұранып тұрғандай оны «f» әріпімен белгілесек өте
дұрыс болар деген ойдамыз, яғни Фф=Ff.
Енді қазақ тіліне мүлдем жат «ц» әріпіне тоқталайық. Бұл жерде айтарымыз - «ф», «ц»
әріптері орыс тілінде де ең аз қолданылатын әріптер қатарына жатады. Кейбір авторлардың
айтуынша олар орыс тіліне де жат. Бірақ кезінде оларды орыс тілін техника тіліне бейімдеу
үшін кіргізілгені анық. Ендеше бұл дыбыстарды жатырқамайық, біз де қазақ тілін техникаға
бейімдейік. Жоғарыда айтылғандай қазақ тіліне аудармасыз кіріп, төл сөздер қатарына еніп
кеткен көптеген сөздер (циклоида, цилиндр, цензор, центр, церомония, цельсий, цемент,
цент, целлофан, цикл т.с.с) өзінің ағылшын вариантында «с» әріпі арқылы жазылады,
мысалы, «сement, cent, censor, cylinder». Демек, «ц»-ны осы осы әріп алқылы белгілесек
орынды болады, яғни Цц=Cс.
Енді әдеби қазақ тілінде өте сирек кездесетін «ч» дыбысына келсек, көп зерттеушілер оны
қазақ тіліне жат деп, қолданыстан алып тастауды ұсынады. Келісуге де болады, бірақ
Алматы обылысының едәуір көпшілігі «ч»-деп сөйлейтінін еске алсақ, бұл дыбыс та сұранып
тұр. Шын мәнінде бұл дыбыс қазіргі техника тілінің едәуір белсенді дыбыстарының бірі,
мысалы «чек, чемпион, чипс, чартер (рейс)» және т.с.с. сөздер осыған куә және бұл сөздер
ағылшын нұсқасында «ch» комбинациясы арқылы жазылады. Демек егер «ч» дыбысын қажет
деп тапсақ, онда Чч=Chch.
Егер «х» әріпін қарастырсақ, ол қазақ тілінде сирек кездесетін әріптердің қатарына
жатады. Ол аздаған төл сөздерімізде ғана кездеседі, мысалы «хабар, халық, хош иісті, хал-
жағдай, хан, хат» және т.с.с. Ал шет тілінен енген сөздерді алсақ «Ханой, Хельсинки, хинди,
хит, хот дог, хулиган» және т.с.с. онда олар ағылшын алфавитінде «h» әріпі арқылы беріледі.
Сондықтан көптеген авторлар осы дыбысты жатсынса да, біз оны өз алдына жеке әріппен
белгілеуді жөн көрдік. Демек, «Хх=Hh». Бұл ешқандай қарсылық тудыра қоймас, яғни
«Hanoi», «Helsinki», «hindi», «hit», «hot dog» және т.с.с
79
Осы жерде мынадай сұрақтың туындауы мүмкін. Жоғарыда қазақтың ғ, ш, щ, ң, ч
әріптерін h-әріпі көмегімен gh, sh, sch, nh, ch деп белгіледік. Ал енді қазақтың х әріпін
ағылшынның h-әріпімен белгілеп, яғни «х=h» деп отырмыз. Сонда бұл әріптер бір-бірімен
шатасып кетпей ме деген сұрақ туады. Бұл сұраққа біздің бере жауабымыз. Біріншіден қазақ
тілі заңдылықтары бойынша «ғ» әріпі мен «х» әріпі ешқашан қатар орналаспайды, сол
сияқты «с» әріпі мен «х» әріпі, «с», «ц» әріптері және «х» әріпі, және де «н» әріпі мен «ц»
әріпі «х» әріпімен ешқашан қатар орналаспайды. Яғни « gh, sh, sch, nh, ch» комбинациялары
таза қазақ сөздері үшін ешқандай қарама қайшылық тудырмайды. Екіншіден, егер ағылшын
тілінен қазақ тіліне өткен терминдерді қарастырсақ, онда g әріпі h әріпімен өте сирек
кездеседі де , олар қазақтың «ғ» әріпіне жақын дыбыс береді, мысалы мемлекет атауы
Гана=Ghana=/ ’ga:nә/. Ал «sh» комбинациясына келсек , онда бұл екі әріп ағылшын тілінде
Достарыңызбен бөлісу: |