Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


«ш»  болып  оқылады.  Сол  сияқты  «ch»



Pdf көрінісі
бет74/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   326
«ш»  болып  оқылады.  Сол  сияқты  «ch»  комбинациясы  «ч»  болып  оқылады,  мысалы 
«матч=match». Енді  nh  комбинациясына келсек ағылшын сөздірінде бұл  екі  әріп ешқашан 
қатар орналаспайды. Ал sch комбинациясын қарастырсақонда ағылшын тілінен қазақ тіліне 
өткен  терминдердің  ешқайысында  бұл  үш  әріп  қатар  кездеспейді.  Бұдан  шығатын 
қорытынды  –  ешқандай  қарама-қайшылықтар  болмайды.  Тағы  да  айта  кетеріміз  -  h-әріпі 
көмегімен белгілеп отырған осы дыбыстар қазақ тілінде сирек кездесетін дыбыстар қатарына 
жатады. Демек  h-әріпі  ұсынылып  отырған  алфавит бойынша өзіндік мөлшерде (аз да  емес, 
көп те емес)  қолданылады да, оның қолданыс жиілігі үйлесімдік шамадан асып кетпейді. 
Тағы  да  тоқтала  кететін  жағдай.  Жоғарыда  айтылған  «в»,  «ф»,  «ц»,  «ч»  дыбыстарына 
ерекше мән беруіміздің негізгі себебі – олар кәзіргі заманның техникалық дыбыстары болып 
табылады.  Олардың  күннен  күнге  барлық  тілдерге  еніп  жатқаны  баршамызға  мәлім.  Бұл 
қарқын әсіресе ғарыш пен микроәлем игеріліп, нанотехнология дамыған сайын күшей береді. 
Олар  дүние  жүзілік  жаңа  терминдерді  сипаттайтын  әріптер  болмақ.  Ендеше  оларды 
жатсынбайық.   
Қалған дыбыстарды (һ, э, ю, я, ё, ь, ъ) қазақ тіліне жат екенін ескере отырып және оларды 
пайдалану  ешқандай  нәтиже  бермейтіндіктен,  оларды  қолданыстан  шеттетуді  ұсынамыз. 
Бірақ,  қазіргі  кириллица  мәтінінде  жазылған  қазақы  әдеби,  ғылыми  және  басқа 
құндылықтарды  ұсынылмақ  жаңа  алфавит  мәтініне  көшіру  (аудару)  үшін  келесі  баламаны 
ұсынамыз:  Һ(қ)=k;    э(е)=e;   ю(йу)=iu,   я(йа)=ia , ё(е)=e. Мұнда аударма кезінде «я» және 
«ю»  әріптерінің  салдарынан    «і»  екі  рет  кездесе  қалса  оның  орнына  бір-ақ  «і»  жазуды 
ұсынамыз.  Мәселен,  «партия  =  partiia  =  partia».  Тағы  да  айта  кетелік  –  бұл  балама  тек 
біржақты,  яғни  бұрынғы  кириллицадағы  текстерді  латын  алфавитетіне  көшіру  кезінде  ғана 
қолданылады. Ал келесі белгілерді ь, ъ қолданыстан мүлдем алып тастауды ұсынамыз. 
Оқырмандар  тарапынан  «Дүние  жүзі  Canada,  Coca  Cola  деп  жазып  жүрген  терминдерді 
және сол сияқты басқа сөздерді біз жаңа алфавит бойынша ерекшеленіп  Qanada, Qoqa qola 
деп  жазcақ  ерсі  болмай  ма?»  деген  сұрақ  болуы  мүмкін.    Осы  мәселені  шешу  үшін 
төменгідей ереже қабылдасақ бұның да шешімі табылар еді. Ағылшын жазба дүниесінде егер 
ағылшынның «с» әріпі ағылшынның «е» және «і» әріптері алдында орналасса, онда ол біздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет