Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ



Pdf көрінісі
бет115/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ 
 


234 
 
Аннотация:  мақалада тілдің  бейнелік   қабаты  болып  саналатын  тілдік құралдардың 
зерттелу  жайы  қарастырылған.  Тілдік  құралдар  сөздің  дәлдігін,  дұрыстығын, 
экспрессивтілігін анықтап, сөзге көрнекілік пен әуезділік береді.  Аталмыш мақалада қазақ 
тілтанымындағы  ғалымдардың  еңбектерінде  тілдік  құралдарға  берген  зерттеулері 
берілген.  
Тірек сөздер: тілдік құралдар, лексикалық қабат, көріктеуіш құралдар, бейнелеуіш. 
 
Тіліміздегі  көріктеуіш  құралдар  –  маңызды  лексикалық  қабат.  Әдеби  тіліміздің  әрі 
мәдени болмысымыздың көрсеткіші. Бүгінге дейін тілдік құралдардың қолданысы мен түрлі 
мақсаттарда  ақпарат  беру  мүмкіндігінің  дәрежесін  саралауға  арналған  көптеген  ғылыми 
еңбектер,  монографиялар,  диссертациялық  жұмыстар  жазылып,  жарық  көрді  және  бұл 
бағыттағы  зерттеулер  әлі  де  өз  жалғасын  таба  беретіні  анық.  Өйткені  қазіргі  ғылым  мен 
техниаканың қарыштап дамып, мәдениеттердің тоғысуы биік деңгейге көтерілген заманында, 
тілдік құралдардың да дамымай бір орында тоқтап қалуы мүмкін емес. Осыған байланысты 
ұлттық  танымның  негізгі  арқауын  жаңа  заман  сұраныстарына  бейімдеп,  тілдік 
мәдениетіміздің  сол  кезде  қалыптасатынжаңаша  сипатын  саралауға  бағытталған  жұмыстар 
міндетті түрде жарық көріп отырады деп сенеміз. Осы зерттеулердің алдында тұрған келесі 
бір  міндет  –  әуелі  А.Байтұрсынұлынан  бастау  алатын,  Р.Сыздықтың  ұстанымына  сүйене 
отырып,  біз  «көріктеуіш  құралдар»  тұлғасында  қолданып  отырған  терминді  бір  ізге  түсіру 
болады  деп  ойлаймыз.  «Көріктеуіш  құралдар»  ұғымының  аясына  қандай  тілдік  құралдар 
топтасады?  –  бұл  да  арнайы  қарастыруды  талап  ететін  сұрақ.  Дегенмен,  оларды  алдағы 
тараулардың  еншісіне  қалдыра  тұрып,  бүгінге  дейінгі  бұл  мәселенің  қазақ  тіл  білімінде 
зерттелуіне тоқталайық. 
Көріктеуіш  тілдік  құралдардың  қазақ  тілі  білімінде  зерттелуі  А.Байтұрсынов  пен 
Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алады. Қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлы 
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде алғаш рет көріктеуіш құралдардың теориялық негізіне 
шығарма  сөздің  «көрнекілігі»  тұрғысынан  назар  аударған  болатын.  Яғни  сөздің  ауыспалы 
және  жанама  мағынасы,  тілдік  құралдар  –  бәрі  де  осы  аталған  тақырып  аясында 
қарастырылады.  А. Байтұрсынұлының  зерттеулері  бойынша  сөздің  стилистикалық 
айшықтарының 
функционалды 
прагматикасы 
поэтикалық 
тілдің 
бейнелілігіне 
(«көрнектілігіне») бағытталады. Ғалым еңбегінде көркем тілдің стильдік ерекшелігі былайша 
көрінеді: «Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірі ақын тілі 
деп, екіншісі әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау 
әншейін  тіл  көбінесе  сөздің  дұрыстығын,  анықтығын  тазалығын,  дәлдігін  талғайды.  Ақын 
тілі  сөздің  дұрыстығының,  тазалығының,  дәлдігінің  үстіне,  көрнекті,  әуезді  болу  жағын  да 
талғайды»  [1,  255].  Көрнекілік  пен  әуезділік  көріктеуіш  құралдардың  көмегімен  жүзеге 
асатыны  белгілі,  сондықтан  ғалымның  ғылыми  тұжырымдарын  көріктеуіш  құралдарға 
берілген сипаттама ретінде қабылдауға болады. 
А.Байтұрсынов  сонымен  қатар,  «Сөздің  дұрыс,  таза,  дәл  айтылуының  үстінде  талғау 
сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, 
жансыз  заттың  күйінен  жанды  заттың  күйі  танысырақ.  Сондықтан  адам  сөйлегенде  сөзі 
толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттарды бернелі затша 
сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. Ақ көңіл, шолақ ақыл, арам ой деу, яки 
күн бүркіп тұр, найзағай ойнайды, су қайтты деу. Мұндай сөздер жалғыз әдетті түрінде емес, 
әдейі  де айтылады...  Осы сияқты өң берілген сөздер көрнекі  тіл делінеді»,  – дейді  [1, 259]. 
Яғни  оның  «көрнек  тіл»  деп  атап  отырған  терминінің  мағынасы  біз  қозғап  отырған 
көріктеуіш құралдарға балама болады.Троп пен фигура түрлерін алым бірлікте қарап, термин 
атауларын  түгел  қазақша  ұсынады.  «Көрнекі  тіл»  деп  атаймыз  дейді  де,  «көріктеу», 
«меңзеу»,  «әсерлеу»  деп  үшке  жіктейді.  Көріктеу  тәсіліне  көріктеу  (эпитет),  көркейту, 
лақаптау,  ал  меңзеу  тәсіліне:  теңеу  (әншейін  теңеу,  әдейі  теңеу),  ауыстыру  (метафора), 
бейнелеу, бернелеу, алмастыру (метонимия), кейіптеу (олицетворение), әсірелеу (гипербола 


235 
 
мен  литота),  әсерлеуге:  арнау  (сұрай  арнау,  зарлай  арнау,  жарлай  арнау),  қайталақтау, 
шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу (зілсіз кекесін, зілді кекесін).  
З.Ахметов,  Қ.Жұмалиев,  З.Қабдолов,  Қ.Өмірәлиев  т.б.  сынды  белгілі  әдебиетші 
ғалымдардыңеңбектерінде  тілдік  құралдардың  кейбір  түрлері  әдебиеттану  ғылымының 
ауқымында қарастырылып, нақты тұжырымдар жасалды. Тіл-тілде көріктеуіш құралдардың 
сырларына  үңілу  ізденістері  тілші  ғалымдардың  да  назарынан  тыс  қалған  жоқ.  Қазақ 
лингвистикасының  синхронды-диахронды  дамуына  үлес  қосқан  тілші  ғалымдар  да  өз 
зерттеулерінде  көріктеуіш  құралдар  туралы  тұжырымдар  жасап  отырады.  Ө. Айтбаев, 
Ә. Болғанбаев, 
М. Балақаев, 
Қ. Жұбанов, 
І. Кеңесбаев, 
Н. Сауранбаев, 
Ғ. Қалиев, 
Е. Жанпейісов,  О. Бүркітов,  Р. Барлыбаев,    Ә. Қайдар,  Б. Қасым,  Т. Қоңыров,  Ғ. Мұсабаев, 
М. Серғалиев,  Р. Сыздық,  Г. Смағұлова,  С. Сәтенова,  М. Томанов,  Н. Уәли,  Б. Шалабай, 
Р. Шойбеков,  Б. Хасанов,  Г. Сағидолда  және  т.б.  ғалымдардың  зерттеулерімен  қатар 
Ж. Дәркенбаева,  Г. Зайсанбаева,  З. Ержанова,  Ж. Исина,  Ж. Өмірбекова,  Ж. Қоңыратбаева, 
С. Қалиева, 
Х. Қожахметова, 
А. Кәріпжанова, 
А. Махметова, 
Г. Мұхаметқалиева, 
М. Мамаева,  Т. Мықтыбаева,  Б. Нағасбекова,  Ф. Оспанова,  Э. Өтебаева,  А. Сыбанбаева, 
Қ. Тұрарбекұлы,  К. Сарышева,  Б. Уызбаева,  Ә. Хазимов  және  басқа  да  жас  зерттеушілердің 
диссертациялық жұмыстарын осы қатарға жатқызуға болады. 
Қазақ тіл біліміндегі жекелеген зерттеулер ішінде мынандай ғалымдардың еңбектеріне 
тоқтала  кетуге  болады:  К.Ахановтың  (омоним),  Т.Қоңыровтың  (теңеу),  М.Серғалиевтің 
(синоним),  Б.Хасановтың  (метафора),  Г.Смағұлованың  (фразеологизм)  т.б.  Бұлардың 
әрқайсысының  теориялық  жағынан  да,  практикалық  жағынан  маңызды  екені  даусыз.  Десек 
те,  ізденіс  барысы  тілдің  көріктеуіш  құралдарын  кешенді  түрде  қарастырған  зертеулердің 
тапшы екенін көрсетіп отыр. 
1958  жылы  жарық  көрген  К.Ахановтың  «Қазақ  тіліндегі  омонимдер»  зерттеуі  қазақ 
тіліндегі  омонимия  мәселесін,  омонимдердің  сыр-сипатын  айқындауды  мақсат  еткен.  Мұда 
омонимдердің  зерттелу  дәрежесі,  омонимдердің  жасалу  жолдары  мен  классификациясы 
ұсынылған. Омонимдерді зерттеудің теориялық және практикалық мәнінің зор екендігін сөз 
етіп,  олардың  пайда  болу  жолдарын,  омонимдік  қатар,  түбір  және  туынды  омонимдер, 
лексикалық және лексика-грамматикалық секілді түрлерін жасап берген қазақ тіл біліміндегі 
алғаш еңбек [2]. 
Көріктеуіш  құралдардың  көп  зерттелген  түрі  –  фразеологизмдер.  Өткен  ғасырдың  40 
жылдары  бастау  алады.  Қазақ  фразеологиясын  зерттеуге  қомақты  үлес  қосқан  ғалым 
І.Кеңесбаев болатын. Ғалым фразеологизмдерді танып-білудің мынандай басты үш белгісін 
атап көрсетеді: 1) қолдану тиянақтылығын; 2) мағына тұтастығын; 3)тіркес тиянақтылығын 
басты арқау етеді [3]. І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты қомақты 
еңбегі қазақ тіл білімінің жаңа бір белесі болатын. Мұнда тіліміздегі көріктеуіш құралдардың 
бір тарауы - фразеологиялық тіркестердің алуа түрі қамтылды [3]. Лексикологияға арналған 
зертеулер  мазмұнынан  да  көріктеуіш  құралдарға  қатысты  мәселелерді  көреміз.  Осы 
бағыттағы  К.Ахановтың,  С.Исаевтың,  Ғ.Әбухановтың,  Ә.Болғанбаевтың,  А.Айғабыловтың 
ізденістерінде тілдік құралдардың өзіндік болмысы туралы біршама мәселелер қамтылды.  
Көріктеуіш  құралдар  теориялық  жағынан  стилистика  саласында  едәуір  зерттеулерге 
негіз  болды.  Өйткені  стилистика  тіл  ғылымының  басқа  да  салалары  секілді  тілдік 
құралдарды,  тілдік  бірліктерді  зерттейді.  1966  жылы  жарық  көрген  М.Балақаев, 
Е.Жанпейісов,  М.Томанов,  Б.Манасбаев  сынды  бірқатар  ғалымдардың  бірігуімен  жазылған 
«Қазақ  тілінің  стилистикасы»  еңбегі  тілдік  құралдарды  лингвостилистикалық  тұрғыда 
қарастырған  алғашқы  еңбектердің  бірі.  Бұл  еңбекте  функционалды  стильдер  тұрғысынан 
эмоционалды-экспрессивті  бояу  туғызатын  лексикалық,  синтаксистік,  морфологиялық, 
фразеологиялық  тілдік  бірліктер  мысалдар  арқылы  дәлелденіп,  талданады.Осы  бағыттағы 
еңбектердің  қатарына  М.Балақаев  пен  М.Серғалиевтің  «Қазақ  тілінің  мәдениеті» 
Р.Сыздықтың  «Абай  шығармаларының  тілі»,  «Абайдың  сөз  өрнегі»,  Б.Момынованың 
«Шәкәрім поэзиясының тілі» т.б. жатқызуға болады. Дұрыс сөйлеу, сөзді дұрыс жұмсай білу 
шеберлігін  үйрететін  тіл  мәдениетіне  қатысты  еңбектерде  көріктеуіш  құралдар  кеңінен 


236 
 
қарастырыла бастады. М.Балақаевтың «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту», «Қазақ әдеби 
тілі және оның нормалары» еңбектерінде көріктеу амалдары – образды ойды беру мен дәлме-
дәл, нақты жеткізу үшін қолданылатын көркем әдебиет және публицистика тіліндегі тәсілдер 
екендігі  айтылады.  Автор  «Қазақ  тілінің  стилистикасы»  атты  еңбегінде    синтаксистік 
категория  мен  синтаксистік  тұлғалар  –  адам  ойын  жинақы,  тиянақты  түрде  білдірудің 
ұйымдастырушы бөлшектері де, сөйлем – ойды білдірудің негізгі формасы ретінде көрсетіп, 
синтаксистік  синонимдер,  хабарлы,  лепті,  сұраулы  сөйлемдер,  сөйлем  мүшелері,  қайталама 
сөздер  мен  бірыңғай  мүшелер,  қаратпа,  қыстырма  сөздер,  толымды  және  толымсыз 
сөйлемдер адам өз ойын дәлме-дәл айтуда, ой айқындылығы, сөз әсерлілігі үшін қажет деп 
санайды [1].  
Р.Сыздық өзінің «Абайдың сөз өрнегі» атты еңбегінде өлеңнің көркемдігін поэтикалық 
тілі  көрсететіндігі,  поэзия  тілін  талдауда  бейнелілік  мәселесіне,  оның  фоникалық 
құрылымын  сөз  ету  қажеттігін  айтады.  Ғалым  көріктеуіш  құралдарды  үш  тарауға  бөліп 
қарастырған. Атап айтсақ, «Сөз – өлеңнің арқауы» бұл бөлімде образдың эстетикалық өрісін 
тудыратын  көріктеу  құралы  эпитетке  тоқталған.  Эпитетке  «адамның,  заттың,  құбылыстың 
бір белгісін: сырын ,сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай 
анықтауыш  сөзден  эпитеттің  айырмасы  бар»  деп  анықтауыш  пен  эпитеттің  ерекшеліктерін 
анықтап  береді.  Тұрақты,  тұрақсыз,  тавтологиялық,  метафоралық,  синкреттік  секілді 
түрлерге  бөліп,  образдың  әсерлі  болуын,  экспрессиясын  күшейтуде  маңызды  рөл 
ақтаратындығы  жайлы  сөз  етеді.  Бұл  бөлімде  ақын  шеберлігін  танытқан  эпитетке  қоса 
етістікті  көріктеу  құралы  ретінде  алып  талдайды.  Автор  сөз  соңында  құбылту  деп  атап 
жүрген  троп  түрлерінің,  яғни  эпитет,  метафора,  литота,  перифраз,  эвфемизмдердің 
барлығында  экспрессивті  элементтер  екеніне  тоқталады.  Бұларды  сол  әсерлілігіне  қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет