Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет116/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

экспрессоид  деп  атап,  қандай  тәсілмен  жасалса  да,  экспрессоидтер  көркемдеуіш-бейнелуіш 
қызмет  атқарады  деп  тұжырымдайды.  «Сөз  таңдау»,  «Сөз  құбылту»,  «Сөз  үндестіру» 
бөлімдерде белгілі бір стильдік жүк арқалап тұратын синонимде, сөз-символдар, поэтикалық 
экспрессияның  ұтымды  құралы  –  фразеологизмдер  мен  перифраздарға,  дыбыс  гармониясы, 
дыбыс  үндестігін  анықтап  берді.  Әсіресе,  аллитерация  мен  ассонанс,  анафора  мен  эпифора 
терминдеріне тоқталып, нақты анықтама береді.  
Н.Уәлидің  «Сөз  мәдениеті»  еңбегінде  көріктеуіш  құралдарды  адам  сөйлеген  кезде 
жұртты ұйытып, тыңдаушының айызын қандыратын бірден-бір тәсіл екендігін айтады. Бұнда 
тәсілдер  тек  сөзге  бояу  дарыту  ғана  емес,  сондай-ақ  өмір  құбылыстарын  бейнелі  түрде 
танытудың  аса  маңызды  тәсілдері  ретінде  көрсетеді.  Алайда,  ғалым  тіл  әсерлілігі  тек 
көріктеу  амалдарынан  ғана  тұруы  шарт  емес,  қарапайым  сөздер  де  орайын  тапса  ойдың 
мінділігін де, нанымдылығын да білдіре алады деген пікірге келеді. 
Ғалым  М.Серғалиев  «Көркем  әдебиет  тілі»  атты  зерттеу  еңбегінде  М.Әуезов, 
Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин,  И.Байзақовтың  («Құралай  сұлу»поэмасы),  С.Шәймерденов, 
Т.Әлімқұлов, З.Шашкин, М.Қаратаев, Қ.Найманбаев секілді қазақ жазушыларының тіліндегі 
алуан түрлі қолданыстар мен көріктеуіш құралдардың сөзбен сұлу сурет салу шеберліктерін 
ұштаудағы  өзіндік  орнын  көрсете  отырып,  тілдік  талдаулар  жасады.  Екінші  жағынан 
қаламгерлердің  тіліндегі  әрқайсысының  өзіне  тән  стильдік  ерекшелік  қазақ  тілінің  жаңа 
сапалы белеске көтерілгенінің айғағы [4].  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Байтұрсынұлы А. 5 томдық шығармалар жинағы. Т.1, – Алматы: Алаш, 2003. – 408 б. 
2 Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. –Алматы: қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1958. – 
128 б. 
3 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: «Ғылым», 1977. – 712 б. 
4 Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. –Астана: «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы», 2006. – 369 б. 
 
ӘОЖ 371.687:81ʼ1 
РАХЫМ АРАЙЛЫМ ҚАЙЫРГЕЛДІҚЫЗЫ,  
АМАНТАЙ ЖҰЛДЫЗ АҒЫБАЙҚЫЗЫ 


237 
 
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 
 Көкшетау, Қазақстан  
arai86@mail.ru
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет