АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: 402-топ студенті Шынтуреева Данагүл
Практикалық сабақ 9-10.
Сөз тіркесі мен жай сөйлемнің стилистикалық қолданысы. Көркемдеуіштілдік құралдардың түрлері мен қызметі.
Алғаш тілдің көріктеуіш құралдардың теориялық негізі қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлының еңбегінде жүйеге түсірілген. Оның «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі
«Сөз талғау» бөлімінде шығарма сөздің «көрнекілік» мәселесіне арнаған. Яғни сөздің ауыспалы және жанама мағынасы, тілдік құралдар – бәрі де осы аталған тақырып аясында қарастырылады
Тарихи деректерге сүйенсек, көріктеуіш құралдар өз бастауын сонау Цицерон, Гермоген, Аристотель және Теофраст, Квинтилиан секілді ғұламалар өмір сүрген грек-рим заманынан қалыптаса бастаған. Мысалы, Аристотель метафора «Это несвойственное имя, перенесенное с рода на вид, или с вида, на род, или с вида на вид, или по аналогии» , деп оның ауыспалы мәні туралы айтады.
Халқымыздың сөз байлығы мен құдіретін көрсететін көріктеуіш құралдар жайлы ғалымдар ұсынған анықтамалар бір-бірінен алшақ емес. Қазақ мәдениеті бойынша толығырақ түсінік «Әдебиеттану сөздігінде» берілген, онда төмендегідей анықтама бар:
«Бейнелеу құралдары – әдебиетте көбіне се бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.
Көркемдеуіштілік құралдары қай ұлт әдебиетін де болса да негізгі сөз қорына, сөз байлығына байланысты түзіліп қалыптаспақ.
Орыс тіл білімінде И.В. Арнольд, А.Н. Веселовский, В.В. Виноградов, В.В. Воробьев, Ю.П. Князев, В.А. Маслова, В.М. Огольцев, А.А. Потебня, А.Т. Рубайло, М.Э. Снегиров, М.Р. Савова, Б.В. Томашевский, В.Н. Телия, А.И. Федоров, М.И. Черемисина және т.б. көріктеуіш құралдардың теориялық негіздемесін жасап, оның жекелеген түрлерін зерттеді.
Бейнелеу құралдары қай ұлт әдебиетін де болса да негізгі сөз қорына, сөз байлығына байланысты түзіліп қалыптаспақ
Көріктеуіш құралдар тілдің поэтикалық қуаттылығын арттырып, сөзге ерекше ажар дарытып, ойды көркем тілмен тілмен жеткізеді.
Әдебиет саласының ірі өкілі Қ. Жұмалиев әдебиет теориясына қосқан үлесі ұлан-ғайыр. Ол өзінің еңбектерінде тілдік құралдарға барынша тоқталған. Ғалым тілдік құралдарды «көркем сөздің түрлері» деп атап, көркем тілді зерттеудің не үшін керектігіне тоқталады:
- көркем тіл тек жазушылар қауымы үшін ғана емес, сондай-ақ сауатты адамның бәріне керек. Өйткені адам өзінің ой-сезімін басқаларға білдіру үшін қолданады;
- көркем тілдерді білу – көркем шығармалардың жақсы, жаман жақтарын танып, терең түсіне білу деген сөз;
Кейбір әдебиеттерде көріктеуіш тілдік құралдарды «образды тілдік құралдар» деп атау кездеседі. Академик Р. Сыздық: «Образ» деп қарастыратынымыз – көріктеу элементі болып келетін жеке сөздер мен сөз тіркестері»
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |