pikon1986@mail.ru
; talaspaeva@inbox.ru
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР МЕН АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН
ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Аннотация:сан ғасырлар бойы халқымыздың дүниетанымы мен әлемді қабылдауынан
туған, ой елегінен өткен, тарихи және аңыздық әңгімелерге негізделген ономастикалық
атаулар пайда болды. Қазіргі тілдік зертеулерде тіл фактілері адаммен, оның ойы, әлемді
қабылдауы, танымдық қызметімен тығыз байланыста қарастырылуда. Осындай тілдік
фактілердің біріне халық, ұлт танымнының, пайымның негізінде пайда болып,
қалыптасатын ұлттық этнониммен тығыз байланыста қарастырылатын ономастикалық
атауларды жатқызуымызға болады. Тарихи тұлғалар мен аңыз әңгімелер негізінде
жасалған ономастикалық атаулар ұлт болмысын, тарихын, қалыптастыруда, сақтауда
ерекше орын алуы бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді. Сондықтан біз осы мақаламызда
тарихи тұлғалар мен аңыз әңгімелер негізінде жасалған ономастикалық атауларының сыр-
сипатын, пайда болу жолдарын, олардың түп-төркінін қарастырамыз.
Тірек сөздер: ономастика антропонимия, тарихи тұлға, аңыз-әңгіме, атаулар, ұлттық
дәстүр, жалқы есімдер, есімдер, түркі тілдері.
Ономастикалық атаулардың ұлттық мәдениет ерекшеліктерін танытуда атқаратын
қызметі еркше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи-әлеуметтік,
өркениеттің және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі ретінде
халықтың бітім-болмысы мен өмірге көзқарасынан хабар береді. Қазақтың кең даласы –
мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Осымен байланысты
антропонимика (кісі аттары) – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра.
Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «onoma» есім, ат) onomastika – ат қою
өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала[1, 428]. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
осындай анықтама берілген.
Ономастиканы (кісі аттарын, жер-су, ру-тайпа аттары т.б.) зерттеудің теориялық-
әдіснамалық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени,
әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, А.Н.Самойлович,
С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев,
С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова,
Г.Мадиева т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз осы ономастиканың антропонимика саласы
қарастыратын тарихи тұлғалар мен аңыз әңгімелер негізінде жасалған атаулар.
245
Тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі
антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың мәні
ерекше. Кісі аттары – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра, себебі
антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын
және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір
топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен
мағлұмат береді.
Халқымыздың өткен дәуіріндегі тарихын, көрші елдермен жасалған мәдени қарым
қатынасын және әдеп-ғұрыпын танып білуде де бұлардың атқарар рөлі аса зор. Өйткені ол
атаулардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен, адамдардың жеке басы, іс-әрекетімен біте
қайнасып, ғасырдан-ғасырға ұласып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас
болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре, халықтың шынар ой, ұшқыр қиял,
данышпандық зердесі мен ұлттық мінез-құлқы, барша болмысының көрінісі [2, 3], - деп
Телқожа Жанұзақ өз зертеу еңбегінде осы тақырыптың маңыздылығын нақтылай түседі.
Әр этностың өмір сүру сипаты ұлттың рухани ерекшеліктерімен анықталуы арқылы ана
тілінде сақталады. Себебі тілде әр ұлттың өзіндік ойлау ұғымдары мен бағыт-байламдарын
сипаттайтын лексика қалыптасады. Ономастика халықтың жады екені белгілі. «Ана тілі»
газетінде жарияланған «Ономастика және тарихи дәстүрлі атуалар» тақырбындағы
конфенренцияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Абайтану
ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Мекемтас Мырзахметұлы осы мәселе
жайлы былай дейді:
«Қазақ халқының тарихында ұлт жадысын жоюға бағытталған бірнеше кезеңдердің
болғанын жақсы білесіздер. Сондай жаугершілік замандарда сан түрлі атаулар пайда болды.
Бірақ біз олардың бәрінен өзіміздің ономастикамызды аман алып шықтық. Арабтар келген
заманда да жаңа атаулар қойылды. Ал Кеңестік тоталитарлық жүйенің кезінде жер-су, елді
мекен, қала, көше атауларын жаппай өзгерту басталды. Қазақтың байтақ жерлеріндегі
бұрыннан келе жатқан атаулар орысша атауларға алмастырылды. Өзгертілді. Мұның
барлығы халықтың тарихи жадын өшіруге, ұмыттыруға бағытталды. Ал осы тарихи жадыны
біз қалай қалпына келтіреміз дегенде, мұны тек қазақтың ұлттық болмысына тән, өзіміздің
байырғы атауларымызды қалпына келтіру арқылы ғана жүзеге асырамыз. Екіншіден,
ономастикалық атауларды беруде біз қандай принциптерді ұстануымыз керек? Менің
ойымша, дәстүршілдік принципті ұстанған жөн. Біз атауларды берген кезде халықтық
дәстүрді естен шығармауымыз керек. Оның бірі кісі аттарымен макротопонимдерді атамау
дәстүрі. Кезінде басталып кеткен осы үрдісті тоқтатуымыз керек. Бұл – халқымыздың
бұрынғы замандардан келе жатқан дәстүрі. Содан кейін айтатын екінші мәселе, ол Кеңестік
заманда жаппай қойылған ономастикалық атаулардан арылуымыз керек. Қызыл империяның
көсемдерінің, коммунистік партия қызметкерлерінің, тағы басқалардың есімдерімен аталған
атауларға қазақша атаулар қойғанымыз жөн. Жоғарыда айтқанымдай, атаулар беруде
ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімізді ұстана отырып, оның барлығын ғылыми негізде
жүргізуіміз керек
[3, 2], – деді Мекемтас Мырзахметұлы. Ғалымның айтайын деген ойы
ұлтық болмысымызды, ұлтық дәстүрімізді жалғастыруда ономастикалық атаулардың
дәстүршілдік принципке негізделуі керек екендігіне мән береді. Осы дәстүршілдік принципті
ұстануда, ұлттық кодмызды ашып, сақтауда тарихи тұлғалар мен аңыз - аңгімелеріміздің
негізінде жасалған атаулардың шығу, пайда болу төркініне ғылыми тұрғыдан үңілуіміз
керек.
Қазақтың кең даласы - мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының
негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар
болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени,
әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған.
Ономастикалық атауларға түсінік беруде, ең алдымен ұлтымыздың және бүкіл әдебиет
әлемінен ерекше орын алатын тарихи тұлғамыз - Абайдан бастауды жөн көрдік.
246
Абай. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны Құнанбаев Ибраһимнің екінші есімі. Бұл есім
бала ұлы ақын Абайдай болсын деген мақсатпен кейінгі ұрпақтарға жиі қойылып отырған.
Солардан тараған балалар Абаев, Абаева деген фамилиляларға ие. Абай сақ, әзір, дайын
(ҚТТС, 1-32). – Абай отырмасаң сүтіңді ақтарып, өзіңді майып етеді, - дейді (Қ. Қамбаров,
Алтай аясы). Абай болды. 1. Сақ болды. Асылы абай болу керек (Қаратаев, Даладағы дабыл).
2. Ес болу, бас-көз болу. Әйтеуір абай болып анда-санда айғайлап қойып, өзі де ығып
келеді.(Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке). Алайда Абай есімінің шығу төркіні туралы әртүрлі
пікірлер бар: 1) Ертеректе айтылған бір пікір бойына; абай «ел ағасы» ол тува тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: |