240
Теледидар – бүгінгі таңдағы адамзат өмірінің ажырамас бөлшегі. Әрбір қоғам мүшесі
өзіне қажетті ақпаратты қысқа мерзімде күнделікті теледидардан алып отырады, екіншіден,
мемлекеттің қоғамда жүргізіп отырған саясатын, идеологиясын таратуда теледидар маңызы
зор.
Бүгінгі күні халықтың мәдени, рухани өмірінен үлкен орын алып отырған, қоғамның
жетекшілік нұсқауларын насихаттайтын ең пәрменді бұқаралық құрал – теледидар
хабарларының міндеті әртүрлі. Күніне бірнеше рет берілетін соңғы хабарлардан бастап,
әдеби, мәдени, саяси, оқу-ағарту, сан салалы өндіріс пен шаруашылыққа байланысты, спорт,
т.б. тақырыптарға арналған мәселелер теледидарда дәстүрлі жүргізілетін хабарлардың
негізгілері болып саналады. Демек, теледидар қамтымайтын, оның көп салалы жоспарларына
ілінбейтін өмірдің еш саласы жоқ. Осындай ел өмірін жан-жақты қамтитын теледидар
хабарларында қазақ тілінің қолданылу аясы да кең, коммуникативтік қызметі де маңызды.
Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдері тұрғысынан саралағанда теледидар тілі
әдеби тілдің публицистика саласына жататыны дау туғызбайтын мәселе. Бұл жөнінде
ғылыми әдебиеттерде де бұрыннан айтылып жүр. Зерттеу еңбектерінде теледидар тілінде
«көркем әдеби тіл стилі, оның жанрлары, ғылыми стильдің, тіпті кеңсе, іс-қағаздары стилінің
де, бұларға қоса ауызша сөйлеу стилінің, оның да әр түрлі жанрларының белгілері бар
екендігі аталып, демек қазіргі кезеңдегі радио, теледидар тілінің стилі - тек қана
публицистика стилімен шектеліп қоймайды, онда қазақ әдеби тілінің бүгінгі даму
сатысындағы басқа да функционалдық стильдерінің, ауызша сөйлеу тілі стилінің, олардың
әртүрлі жанрларының сипаты бар», - деген қорытынды жасалады [1,121].
Қазақ тіл білімінде бұл тақырыпқа әлі де аз көңіл бөлініп келеді. Теледидар тілін
зерттеуге арналған арнайы, жүйелі теориялық еңбектердің аз болуы зерттеу жұмысын
жасауға кедергі жасайды. Қазақ тілінде теледидарға қатысты берілген мақалалардың
көпшілігі тіл тазалығына байланысты. Қазақ теледидар тілінің стилін, тіл тазалығын, тіл
нормаларын сақтау ерекшеліктеріне байланысты мәселелерді Р. Сыздықова, М. Серғалиев,
Ш. Құрманбайұлы, Н. Уәлиев, Б. Омарұлы, Г. Смағұлова сынды ғалымдар мен қоғам
қайраткерлері ғылыми мақалаларына арқау етті.
Теледидар тілі мәселесін қозғауда адресант-мәтін-адресат факторы да өзінің
маңыздылығымен ерекшеленеді. Адресатқа да, адресантқа да – бәріне ортақ әрекет –
байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы іске асады. Адамдар арқылы
өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс – тілдік қатынастың
негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың
қажетті шарты. Осы тұрғыдан алғанда қарым-қатынас орнату барысында хабар жеткізуші -
Достарыңызбен бөлісу: