Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


С. ЖӘМБЕК ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет16/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

С. ЖӘМБЕК ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация: мақалада филология ғылымының кандидаты, доцент С.Жәмбектің қазақ 
әдебиетінің тарихы, оның зерттелуіне қатысты жазылған мақалалары қарастыралған. 
Ғалымның жыраулар мен ақындар поэзиясы, оның поэтикасына  жайлы ғылыми 
тұжырымдары, әдебиеттегі философиялық дүниетаным бойынша көзқарастары 
зерделенген.  
Тірек сөздер: философиялық дүниетаным, жыраулар поэзиясы, әдеби сын, шешендік 
өнер, концептсфера 
 
      
Қазіргі өскелең ұрпақта ұлттық намысты тәрбиелеу, бойларына асқақ рухты ұялату – 
бүгінгі  күннің  көкейкесті  мәселелерінің  бірі.  Осынау  ұрпақ  алдындағы  жауапты  іске 
әдебиетші  ғалымдарымыздың  үлесі  қомақты  болып  келеді.  Тәуелсіздік  алған  жылдардағы 
жаңа қалыптасқан әдебиеттану ғылымы да ойлау жүйесінің соны ізденістерінің ілгерілеуімен 
қадам басты. Тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі жолдарымыздың бірі – мәдениет, әдебиет 
қайраткерлерінің мұрасын зерттеу, таныту және насихаттау.  
С.Н.Жәмбектің    жыраулар  мен  ақындар  поэзияcы,  оның  поэтикаcына  арналған 
еңбектері  бүгінгі  таңда  әдебиеттану  мәселелерін  айқындауға  арналады.  Әдебиетіміздің 
көрнекті  тұлғаларының  есімдерін  қалың  жұртшылыққа  танытуда  ғалым,  әдебиетші  Сәбит 
Жәмбектің  еңбегі  зор.  Филология  ғылымының  кандидаты,  доцент  С.Н.  Жәмбек  –  қазіргі 
әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар ерекше тұлға. Оның ғылыми еңбектерін, зерттеу-
сын  мақалаларын  оқи  отырып,  терең  білімділікті,  көп  қырлылықты  және  әдебиетке  деген 
адалдықты, дарын иелерін бағалаудағы тазалығын, әділдігін байқаймыз. Бойындағы қасиеті 
оның  әрбір  ісінен,  сөйлеген  сөзінен,  айтқан  ойынан  көрінеді.  Өзінің  саналы  ғұмырын 
ғылыми  зерттеу  жұмыстарына,  студент  жастарды  тәрбиелеуге,  жас  ғалымдарды  ғылым 
әлеміне жетелеуге арнаған С.Жәмбек әрқашан көңіл көкжиегімен ұрпақтың ертеңін бүгіннен 
ойлаған сан қырлы тұлға.  
«Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және 
аңғарған  нәрселердің  бәрін  жадында  жақсы  ұстайтын,  ешнәрсені  ұмытпайтын...  алғыр  да 
аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ 
және  ар-намысын  ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат  адамдарына  да  әділ...,  жұрттың 
бәріне...  жақсылық  пен  ізгілік  көрсетіп...  қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін  батыл, 
ержүрек  болуы  керек»  деген  кемеңгер  ғалым  әл-Фарабидің  ұстаз  туралы  айтқан  әр  сөзінен 
Жәмбек  ағаның  тұлғасын  көреміз.  Қызметте  адал,  ғылымда  талапшыл  ғалым-ұстаздың 
белгілі  бір  мәселе,  тақырып  тұсында  немесе  ұлттық  ғылымның  жалпы  мәселелері  туралы 
талқылау кезінде адалдығы, іскерлігі, тазалығы танылып тұрады. Ол үнемі игілікті істерімен, 
асыл да адами қасиеттерімен, әділдігімен, ғибрат кеңестерімен жас маманды және жас өркен 
студент жастарды тәрбиелеуде бар қажыр-қайратын жұмсап, кішілік пен кісілік ұлылықтың 


36 
 
белгісі  екендігін  тағы  бір  жарқырата  көрсеткен  еді.  Ғалым-ұстаз  ғылыми  ортада  биік 
азаматтылықтың, кемел ой мен терең білім иесі, өз ісіне адал, еңбекқор, жоғары мәдениетті, 
адамгершілік рухы биік азамат ретінде танымал.  
Оның  есімі  еліміздің  ғылыми  жұртшылығы  мен  педагогиқалық  қауымына  кеңінен 
таныс. Ол өзіннің ғылыми еңбектерімен және педагогикалық қызметімен ұлттық әдебиеттану 
ғылымының дамуына және білім беру ісіне елеулі үлесін қосып келеді. 
Сәбит  Жәмбектің  еңбектерінде  Біржан  сал,  Орынбай  Бертағыұлының,  Шәкәрім 
Құдайбердіұлының,
 
Ғабит  Мүсіреповтің,  Нұрлан  Оразалиннің,  Естай  Мырзахметовтің, 
Марфуға  Бектемірованің,  Сәкен  Жүнісовтің,  Төлеген  Қажыбайдың,  Сәйділ  Талжановтың 
мұралары  зерделеніп,  әдебиеттегі  орны  cараланады.  Тұрсынбек  Кәкішев  және  Сәбиттану 
мәселелері бойынша ой-толғаныстары беріледі. 
Cал-cері,  халық  ақындарының  тілін  талдауда  Біржан  cал,  Орынбай  Бертағыұлының 
образдық-метафоралық,  лекcикалық  қабаттарын  жүйелі  талдай  келе,  ұлттық  рухани 
дүниетанымның  ерекшеліктері  деген  мәcелелерді  қозғайды.  Қазақ  cал-cерілерінің 
өнерпаздық болмыcын ашып, cал-cерілердің шығармашылық жолдарын жүйелеп береді.   
Белгілі  ақын,  драматург  Нұрлан  Оразалиннің  «Жетінші  құрлық»  [1,  128]  атты  жыр 
жинағы  арқылы  ақынның  қол  тимеген  жұмбақ  аруындай,  сұлулық  дүниесі,  әсемдік  әлемі, 
сыршыл поэзиясы туралы сөз етеді.  
 
 Жазушы  Естай  Мырзахметовтің  қазақ  әдебиетінде  үлкен  көркемдік  резонанс 
тудырған  «Медет»  романындағы, махаббат пен достық, тұрлаусыздық пен опасыздық, адал 
сенім  мен  отбасы  құндылықтарының  қадір-қасиетін  түсініп,  бағалауға  арналған  «Қара 
жолдың  бойында»  повесіндегі  ұлтымыздың  бүгінгі  күнде  қолданыстан  шығып,  ұмтылып 
бара  жатқан  небір  тілдік  оралымдар,  сөз  қолданыстарын,  сөз  саптастарының  ұтымды 
қолданысын  анықтап  бағасын  береді.  Е.Мырзахметов  дат  жазушысы  Мартин  Андерсен 
Ненсенің  «Жаннета»  романын,    Ханс  Кристиан  Андерсеннің  «Сандық-самолет»  ертегілер 
жинағын, татар жазушысы Юрий Коральковтың «Кио Ку  Мицу» шығармасын қазақ тілінде 
сөйлетті. Сондықтан, жазушының қарымды қаламгер болуымен бірге, талантты аудармашы 
қыры  да  танылады.  Бұл  орайда,  аудармашы  Сәйділ  Талжановтың  мұралары  зерделеніп, 
аударма өнерінің ғылыми негіздерін қалыптастырудағы үлесі анықталады. 
«Тұрсынбек  Кәкішев  және  Сәбиттану  мәселелері»  тақырыбындағы  мақаласында 
Сәбит Мұқановтың азаматтық және қаламгерлік тұлғасына қатысты бұрын қарастырылмаған 
жалпы оқырман мен ғылыми қауымға  тың да тосын мәселелердің беті ашылады, Тұрсынбек 
Кәкішевтің батыл пікірлер мен соны тұжырымдарға негізделген ойлары беріледі [2, 132].   
«Шәкәрім  поэзиясындағы  философиялық  дүниетаным  иірімдері»  мақаласы  Шәкәрім 
поэзиясындағы  шығыс  мораль  философиясына  қатысты  моральдық-этикалық  категориялар 
ынсап,  рахым,  ар,  ұят,  сабыр,  мейірім,  әділет,  шыдам,  шыншыл,  харекет,  ақниет  ұғым 
түсініктердің  мол  ұшырасатындығы  және  ол  философиялық  пайым-түсініктер,  ұғым-
көзқарастар ұлттық философиямыздың концептсферасы болып отыр. 
 
Қай  мәселеде  болмасын  адамды,  оның  болмыс-бітімі,  оның  қоғамдық  келбеті  мен 
пенделік табиғатын сөз ететін Шәкәрім  философиясы – антропологиялық философия болып 
отыр.  Адам,  қоғам,  табиғат,  дүние  сыры,  шындық  болмысы,  хақиқат  жолы  туралы  терең 
философиялық пайым, тұжырымдар жасаған, ұғым-түсініктер туғызған Шәкәрім поэзиясын 
көркемдік-эстетикалық,  философиялық  тұрғыдан  жан-жақты,  кешенді  зерттеу  алдағы 
күндердің еншісі  болмақ. 
Сондай-ақ,  Сәкен  Жүнісов  шығармашылығына  тоқталып:  «Сәкен  Жүнісов 
шығармалары  қазақ  әдебиетінде  сезім  шынайылығы,  шындық  келбетінің  құндылығымен 
дараланатын бағаланатын құбылыс деп есептейміз. Күнге бет  алған керуендей  уақыт жүгін 
арқалап,  өскелең  әдебиеттің  зерделі  суреткерлерінің  бірі,  Сәкен  Жүнісов  сияқты 
шығармашылық тұлғаның рухани мұралары замана көшінде алмастай жарқырап, мәңгіліктің 
соқпағында өз сүрлеу іздерін қалдыруда» деп бағасын береді. 
Төлеген  Қажыбай,  Марфуға  Бектемірованің
 
поэзиясындағы
 
көркемдік  иірімдердің 
қолдану ерекшеліктері зерделенеді. 


37 
 
Сәбит  Жәмбек  қазақ  поэзиясындағы  мифопоэтикалық  қатпарлар,  мифологиялық 
ойлау  жүйесі,  оккульттік  түсінік-пайым,  әр  түрлі  символикалық  нышан  белгілер,  оның 
эзотериялық табиғаты сияқты мәселелерге, ақынның поэтикалық қуаты, ұлттың cаз өнері мен 
өлең өлшемі, әдебиеттің ұлттық cипаты мен көркемдік ойлау жүйеcіне  құнды пікір білдіріп 
отырады. Ғалымның зерттеу еңбектерінде халық ақындары мен cал-cерілері, жыршы жайлы 
эcтетикалық  талдаулары  айрықша  орын  алады.  Cондай-ақ,  әдебиет  теорияcы  мәcелелері 
әрдайым назарда болады. 
Біз  бұл  мақаламызда  ғалым-ұстаз  Сәбит  Жәмбектің  ғылыми-зерттеу  еңбектеріндегі 
қарастырылған  мәселелерге  шолу  жасауға  тырыстық.  Ғалымның  ой-тұжырымдары  мен 
пікірлері  әдебиеттану  ғылымының  ілгері  дамуында  өзіндік  үлесі  болады  деген  ойдамыз. 
«Мен  соңғы  кездері  бір  тоқтам,  бір  байламға  келу  үшін  әр  түрлі  деректі  салыстыра  қарап, 
жүруді әдет қылдым. Сонда ғана шындықтың байыбына көз жеткізуге болатынын байқадым» 
–  дейді  Сәбит  Жәмбек  ұстазымыз.  Ендеше,  салыстыра  отырып,  шындықтың  байыбына 
жетудегі ұстанымы – келешек ұрпаққа үлгі. 
Алтпыстың    асқарына  шығып  отырған  Сәбит  ағамызға  толайым  шығармашылық 
табыстар, көркем белестер, нұрлы күндер тілей отырып, мерейтойыңыз құтты болсын дейміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Оразалин Н. Жетінші құрлық. – Алматы: Жазушы, 1988. – 128 б. 
2.  Жәмбек  С.Н.  Тұрсынбек  Кәкішев  және  Сәбиттану  мәселелері.  –  Павлодар:  ПМУ  Хабаршысы,  №1 
(2016). – 132 б. 
 
ӘОЖ
 82.09 9 (045)(574) 
БЕКТАСОВА ЖОМАЖАН ТЕМИРБУЛАТОВНА 
Қазақ ұлттық өнер университеті  
Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
bzhomazhan@mail.ru
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет