Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


дүбәрә алаңда қалды (О.Б., 18-б.). Рас, бой-бой боп терлеп лақатын



Pdf көрінісі
бет142/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   204
дүбәрә алаңда қалды (О.Б., 18-б.). Рас, бой-бой боп терлеп лақатын әзірлейді (О.Б., 68-б.).  
Күйек  (Алм.,  Жам.)  күзде  туған  қозы:  Қаумалау  (Қ.Орда.,  Арал.,  Қаз)  шөмелеу: 
Күргейлеу  (Алм.,  Шел.,  Еңб.)  қаумалау,  қамажаулау:  Пұшайман  (Қарақ.)  зәбір,  қысым: 
Дүбәрә  (Орал,  Гап.,  Жылп.,  Қара.)  ерте  туған  бұзау:  Лақат  (Ауғ.,  Ир.)  алқа  деген  тіл 
ерекшеліктері автор арқылы берілген.  
 Сонымен  қатар,  қаламгер  кейіпкерлерінің  белгілі  бір  өңір  тұрғыны  екенін  білдіру 
үшін, кейіпкер тілінің нанымды шығуы мақсатында жұмсаған.  
Жергілікті  тіл  ерекшелігіне  жататын  азан,  ақ  сөңке,  тәте  сөздері  кездесті:  Азаннан 
кешке  дейін  осы  қимылмен-ақ  бітіріп  тастайды  (О.Б.,  27-б.).    Қол  созым  жерде  ақ  сөңке 
боп  бықып  жатқан  арша  анау...(О.Б.,  40-б.)  бұл    сөйлемдердегі  азан    (оңтүстік  өңірде) 
таңертеңгі  уақыт,  ақ  сөңке  орман  ішіндегі  қураған  бұтақ,  тал,  бос  ағаштар    деген 
мағыналарында жұмсалған. 
Жолға дайындалу керек. Білгендей-ақ тәтеме монша жағып қой деп едім (О.Б., 28-б.). 
Алтай  өңірінде  апа,  шешеге  қарата  айтылатын  тәте  сияқты  жергілікті  тіл  ерекшелігін 
кейіпкер тіліне әдейі салған.  
Берілген  сөйлемдерде  жергілікті  жердің    фонетикалық  ерекшеліктерінде  көрсеткен. 
Фонетикалық  ерекшеліктерге  кейбір  сөздердің  не  бірыңғай  жуан,  не  бірыңғай  жіңішке 
айтылуы  жатады.  Солтүстік-батыста  көбіне  айтылатын  біраз  сөздер  оңтүстік-шығыста 
жіңішке айтылады. 
Осыған байланысты шығармаларда фонетикалық ерекшеліктерге байланысты жіңішке 
айтылатын сөйленістерді де байқадық.  
Көркем  шығармаларды    талдауда  кездескен  сөйленістердің  фонетикалық  ерекшелігін 
төмендегідей топтастырдық:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет