Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет161/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Оқу  пікірталастары  оқытудың  сөздік  әдістерінің  ішінде  елеулі  орын  алады.  Оның 
оқыту  процесіндегі  ең  басты  қызметі  –  танымдық  қызығушылықты  ынталандыру, 
оқушыларды  қандайда  мәселе  бойынша  түрлі  ғылыми  көзқарастарды  талқылау.  Белсенді 
түрде  талдауға  қатыстыру,  басқа  жеке  тұлғаның  және  өзінің  көзқарастарының  негіздерін 
түсінуге жағдай жасау. 
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда 
кітаппен  жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен  
жұмыс  істеуге  өздері  үйренеді,  баспа  материалдарымен,  өз  бетімен  жұмыстың  кейбір  
тәсілдері бар. Олар: 
- конспектілеу – кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; 


279 
 
- мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау; 
- тезистеу – кітаптың негізгі ойларын қысқаша баяндау
- цитаталау  –  мәтінді  сөзбе  сөз  көшіру.  Міндетті  түрде  автор,  кітап  (жұмыс)  аты, 
баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі
- аннотация – мәнді елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; 
- рецензиялау – оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу
- анықтама жазу – тапқан кітап т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет бер;. 
Анықтамалар  статистикалық  библиографиялық  (өмірбаяндық,  терминологиялық, 
географиялық,  т.б.) түрде болады; 
- формалдық-логикалық модель – мәтіннің сызбасы; 
- тақырыптық  тезаурус  –  бөлім,  тақырып,  бойынша  негізі  ұғымдарды  ретке  келтіреді. 
[5, 39]. 
Көрнекілік  әдісі.  Әл-Фараби  «Оқытудың  негізігі  әдісі  –  көрнекілік»  деп  оның 
мақаттарын,  тәсілдерін  (түсіндіру,  әсерлендіру,  есте  қалдыру)  ұсынады.  Оқу  материалын 
меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық 
құралдарға байланысты [2, 162]. 
Қазіргі  таңда  экрандық  және  техникалық  құралдар  кең  қолданылады.  Көрнекілік 
әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. 
Иллюстрация  әдісі  арқылы  оқушыларға  иллюстрациялық  құралдар  –  атап  айтсақ: 
плакат, кестелер, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. 
Демонстрацияның  (көрсету)  оқыту  әдісі  ретіндегі  ерекшеліктері.  Демонстрация  әдісі 
арқылы  заттар  мен  құбылыстар  тәжірибе  жасау  арқылы  немесе  техникалық  құралдардан 
кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. 
Оқу  процесіне  жаңа  техникалық  құралдарды  енгізу  (теледидар,  видиомагнитофондар, 
компьютер, интерактивтік  тақта)  оқытудың  көрнекілік  әдісінің  мүмкіндіктерін  кеңейтеді. 
Жаттығу  көмегімен  ақыл-ой  және  тәжірибелік  іс-әрекетт  меңгеріледі.  Ол  барлық 
пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. 
 Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге 
бөлінеді: 
- белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар
- білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу. 
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін жіне дағдыларын 
қалыптастырып,  тапсыралар  беріп,  өзі  меңгерткен  білімді,  үйреткен  іскерлік  дағдыларын 
оқушыларға  қайталатады.  Оқушылар  мұғалімнің  есебіне  ұқсас  есептер  шығарып,  тіл 
сабақтарында  үлгі  бойынша  жіктейді,  септейді,  жоспар  құрып,  мұғалімнің  нұсқауымен 
станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды. 
Мәселелік  әдісті  қолданғанда  оқушылар  орындайтын  іс-әрекеттен  шығармашылық  іс-
әрекетке  көшеді.  Бастауыш  мектептің  оқушылары  мәселелік  міндеттерді  өз  бетімен  шеше 
алмайды. Сондықтан мұғалім оларға мәселені шешу жолдарын көрсетеді, мәселені толықтай 
өзі  шешеді.  Оқушылар  мәселені  шешпеседе,  танымдық  қиындықтарды  шешу  жолдарын 
көреді. 
Ішінара  ізденіс  немесе  эвристикалық  әдіс.  Мәселені  өз  бетімен  шешуге  үйрету  үшін, 
оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп,  оларға 
сұрақ  қоюды  ұсынады,  фактілерден  қорытынды  шығартады,  ұсыныс  айтқызады. 
Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін,  
оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді [6, 16]. 
Эвристикалық  әңгіме  үшін  құрастырылған  сұрақтар  мәселелік  сипатта  болады. 
Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды  
шешсе,  онда  ішінара  –  ізденіс  әдісінің  қолданылғаны.  Мұғалім  тапсырма  әзірлеп,  оның 
тиімді жақтарын оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді. 


280 
 
Зерттеу  әдісі  шығармашылық  жұмыс  тәдірибесін  жақсы  үйрену  үшін  қолданылады. 
Зерттеу  әдісі  арқылы  оқушы  білімін  қолданып,  ғылыми  таным  әдістерімен  жұмыс  істеп 
үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайы. 
Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі 
- Дедуктивтік  әдіс  арқылы  мұғалім  ережелерді,  заңдрды  түсіндіріп,  оны  оқушы 
меңгереді.  Аталған  әдіс  оқу  материалын  тез  меңгеруге  көмектесіп,  абстрактылы  ойлауды 
дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, қолданған дұрыс. 
- Дедукция  әдісі  арқылы  оқушы  өзі  білетін  қорытындыларды,  ережелерді,  ғылыми 
заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қоладанады. Жазбаша 
жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер  қолданылады. 
- Индуктивтік  әдіс.  Индукция  –  латын  сөзі.  Оқушыларды  белгілі  бір  қорытындыларға 
әкелу.  Алдымен  оқушыларға  жеке  заттар,  құбылыстар  түсіндіріледі,  фактілерден 
қорытындылар шағартылады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.   
Импресивтік  әдістер.  Импресия  (латын  сөзі,  әсер,  толғаныс,  сезім)  әдісі  арқылы 
балалар  мен  жастар  немесе  ересектер  және  оның  авторы  туралы  ақпарт  алып  оны  талдап,  
шығарманың негізіг идеясын айтады [6, 16]. 
Оқушы шығарманың негізігі идеяларын оның  кейіпкерлерінің  мінез-құлқымен, жүріс-
тұрысымен салыстыралы, өзінің сөзі мен ісіне ойланады. 
Бүгінгі  заманғы  білім  берудің 
басты  мақсаты  –  мамандарды  әлемді    шығармашылық  тұрғыдан  өзгертудің  әдістемесімен 
қаруландыру.  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 
стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»,–деп  ел  Президенті  атап  көрсеткендей, 
жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерді  шығарымпаздықпен  оқытушының  тиімді  пайдалана 
білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. 
Грамматикалық  аударма  әдісінде  грамматика  дедуктивті  түрде  белгілі  бір  жүйемен, 
жекелеген мысалдармен, иллюстрациялық ережелер көмегімен жүзеге асуы керек. Негізінен 
сөз  тіркестерін,  сөйлемдерді    ана  тіліне  немесе  керісінше  аудармалар  жасалады.  Бірақ, 
грамматика жақтан септігін тигізгенмен, ауызекі сөйлеу дағдысыз мұндай тәсілмен өзге тілді 
меңгеру  ешқашан  мүмкін  емес.  Психолингвистикалық  бағытта  тілді  үйрену  үшін  мынадай 
төмендегідей теориялық қағидалар басшылыққа алынады. 
1.  Ауызекі  сөйлеу  тілі  бірінші  болуы  қажет,  ол  оқыту  әдістемесінде  тіл  үйренушінің 
сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ұтымды. 
2.  Тіл  үйренуші  алдымен  үйренетін  тілін  көзбен  көргеннен  гөрі,  құлақпен  естігені 
дұрыс. 
3.  Сөз  презентациясы  тек  сөйлем  ішінде,  ал  сөйлем  тиянақты  контекст  шеңберінде 
болуы шарт. 
4.  Грамматикалық  ереже,грамматикалық  құбылыс  контексте  қарастырылғаннан  кейін 
барып, индуктивті түрде түсіндірілуі қажет. 
5. Ана тілі тілдегі жаңа сөздер мен түрлі ұғымдарды түсіну үшін қолданылады. 
Көпшілік  ортада  оқыту  әдісі  тілді  үйретуде  басшылыққа  алынатын  әдіс-тәсілдердің 
ішіндегі  ең  негізгілерінің  бірі  болып  табылады.  Себебі,  адамның  жеке  өмір  сүру  дағдысы, 
мәдениеттану  білім  беру  процестері  және  қоғамдық  жағдайы  қамтылады.  Сондықтан, 
аталымыш  тәсілде  қатысымдық  құралына  қарағанда  тіл  туралы  түсінік  кең  түрде 
түсіндіріледі. 
Қорыта  айтқанда  тілді  үйретудегі  күнделікті  туындап,  дамып  келе  жатқан  түрлі  әдіс-
тәсілдер мен оқыту түрлері лингвистикалық тұрғыдан шартты болып табылады. Қоғамдағы 
тілдің  қызметі  мен  даму  деңгейі  тармақтары  мен  күнделілігі  қандай  болса,  оны  оқытып 
үйретудегі әдістер мен табиғаты да сондай болмақ. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Нұржан Ж.Ғ. Қазақ тілін оқыту технологиясы//Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №2, 2008. – 38 
б. 
2  Оралбаев  Н.,  Жақсылықова  К.  Орыс  тіліндегі  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі.  –  Алматы, 
1996. – 208 б. 


281 
 
3  Қадашева Қ.М. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2005. – 176 б. 
4  РысбаеваГ.Қ.,  Ерназарова  З.Ш.,  Есеналиева  Ж.Ж.    Қазақ  тілі  пәні  бойынша  электрондық  оқулық.  – 
Алматы, 2004. – 260 б. 
5  Нұрпейісова  Г.А. Оқытуды технологияландыру  2004. №10, –44 б. 
6  Серікқалиева А.Н. Қазақ тілін жобау технологиясы арқылы оқытудың мақсаты. 2006. №2. – 38 б.  
 
ӘОЖ 003.344 
АУБАКИРОВА БОТАГОЗ КАРАБАЕВНА 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
Көкшетау, Қазақстан 
a.b.k_1967mail.ru 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет